4.Қазақ тілі_3-сынып_2-бөлім_Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен_№29 сабақ_Ц дыбысы_Әдістемелік нұсқау
Мұғалімге әдістемелік нұсқау
Бөлім: Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен
Сабақ тақырыбы: Ц дыбысы. Бейнематериал бойынша мазмұндама жазу
Сабақ мақсаттары:
3.2.1.1 тірек сөздер/көмекші сөздер арқылы мәтін түрлерін (әңгімелеу, сипаттау, пайымдау) және оның құрылымдық бөліктерін анықтау;
3.4.1.1 э, ф, в, ц әріптері бар сөздерді сауатты жазу;
3.3.3.1 оқыған, тыңдаған және аудиовизуалды материалдар бойынша мұғалімнің көмегімен жоспар құрып, мазмұндама жазу.
Ресурстар: бейнематериал, үлестірме материалдар, кесте, А4 қағазы, фломастер, т.б.
Қауіпсіздік және денсаулық сақтау: оқушылардың сынып ішінде қозғалысын дұрыс ұйымдастырып, қауіпсіздік ережелерін сақтау қажет. Оқушылардың оқу әрекеті түрлерін алмастырып отыру, шаршамауын қадағалау.Сергіту сәтін ұйымдастыру.
Сабаққа қажетті теориялық материалдар
Ц –қатаң дауыссыз дыбыс. Өзге тілден енген сөздер құрамында кездеседі.
Сабаққа қатысты ескертпелер
Фонетикалық ширату жаттығуы топпен ұйымдастырылады. Сынып оқушыларын қатар бойынша 6 топқа топтастырыңыз. Әр топқа үлестірме кестелер таратылады.
Целлофан, цемент, центнер, цилиндр, цирк, циркуль
цех, цистерна, цитрус, цифр, абзац, мотоцикл, концерт, конституция, циферблат, цунами.
1 және 4 топқа тапсырма
1 буынды сөздер | 2 буынды сөздер | 3 буынды сөздер | 4 буынды сөздер |
цех цирк цифр | цемент цитрус концерт центнер… цилиндр абзац | целлофан цунами мотоцикл |
2 және 5 топқа тапсырма
Күнделікті жиі қолданатын сөздер | Аз қолданатын сөздер |
Целлофан, цемент… | Цунами... |
3 және 6 топқа тапсырма
Математикаға қатысты сөздерді | Математикаға қатысты емес сөздер |
центнер, цилиндр, циркуль, цифр, циферблат | Целлофан, цемент, цирк… |
Топ жұмыстарын таныстырады. Ц дыбысы туралы білімдерін есе түсіреді.
39-жаттығу мәтін түрлері және құрылымдық бөліктері туралы білімдерін пысықтауға арналған. Жұмыс формасы ұжымдық, өзіндік және жұптық. Жетекші сұрақтар арқылы ұйымдастырылады.
- Мәтін неше абзацтан тұрады?
- Әр абзацта не туралы айтылған?
- Бұл қандай мәтін түріне жатады?
Оқушылардың мәтіннен ақпарат алу, жасырын ақпаратты анықтау және бағалау дағдыларын жетілдіру үшін қосымша тапсырма беріледі.
Оқушылар кестені мәтін негізінде жеке толтырады. Сынып оқушыларының қабілетіне қарай уақыт белгіленіп, оларға хабарланады.
Сұрақтар | Ия | Жоқ |
Цирктің көшпелі өмір салтымен ұқсастығы бар ма? | ||
Алматы циркінде жылқылар бар ма? | ||
Клоундарды күлкілі деу орынды ма? |
Кестені толтырып болған соң, 1-сұраққа ия деп жауап бергендер оң жаққа, жоқ деп жауап бергендер сол жаққа жиналады да, ақылдасып өз жауаптарын негіздейді. Екі жақ пікірі, дәйектері тыңдалады.
Енді 2-сұраққа берген жауабы бойынша оқушылар қайта топ құрайды. Жұмыс осылай жалғасады. Оқушылардың мәтіннен ақпаратты іріктеу дағдыларын бағаланады.
Топтық жұмыс арқылы циркке барудың қызықты болатынын мәтіннен 2 дерек келтіріп дәлелдеуге дайындалады. Топтар бір-біріне сұрақтар қояды немесе жауаптарын толықтырады.
Бейнематериал тамашалау мақсаты хабарланады. Мазмұндама жазуға дайындық жұмысынан соң әркім өз нұсқасын жазатыны ескертіледі. Тапсырма «Бірлесіп жазу» әдісі арқылы ұйымдастырылады. Бейнематериалды тамашалаған соң әр оқушы мазмұны бойынша 7 тірек сөз жазады. Жұпта тірек сөздерден сөз тіркестерін құрастырады. Топта сөз тіркестерін талқылап, мәтін құрастыруға қажетті 4-5 сөзтіркесті іріктеп алады. Бейнематериалды жоспар құру мақсатында қайта тамашалайды. Мұғалім қолдауымен бірлесіп жоспар құрады.
Әр топ жоспардың бөліктеріне қатысты А3 қағазына тірек сөздерді орналастырады. Сөз тіркестерін қатыстырып сөйлемдер құрастырады. Мазмұны бойынша сөйлемдерді мағыналық байланыстырып орналастырады. Әр топ өз жұмысын таныстырады.
Оқушыларға мазмұндаманы жеке жазудың алдында топ жұмыстарымен танысып шығуға мүмкіндік беріледі. Талаптарды ескеріп мазмұндама жазу тапсырылады.
Мазмұндамаға қойылатын талаптар:
- жоспарға сәйкес жазу;
- тірек сөздерді қолдану;
- сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі сақтау;
- сөйлемдер өзара байланысты құрастыру;
- сөйлемнің емлесін сақтау;
- каллиграфиялық талаптарды сақтау;
- қате жібермеу.
Оқушылар жазған жұмыстарын таныстырады. Өзара тексереді.
Қатемен жұмыс ұйымдастырылады.
Жазба жұмыстарында жіберілген қате түріне байланысты оқушылар топтастырылады. Тапсырманы қатесіз орындағандар өз алдына топ құрайды және оларға өз бетінше орындауға тапсырма беріледі.
Қалыптастырушы бағалау
Оқушылардың әр тапсырманы орындау барысындағы қол жеткізген жетістіктерін қадағалау. Бағалау критерийлері бойынша өзін-өзі бағалауға, өзара бағалауды жүзеге асыруға дағдыландыру. Оқушыларға назар аударатын тұстарын нақты көрсету.
Оқушылардың жазба жұмыстарын тексеріп, кері байланыс беру. Әр оқушының жазудағы жетістіктерін атап көрсету, кемшілік тұстарын жетілдіруге бағытталған тапсырма түрлерін келесі сабақтарға жоспарлауды ескеру керек.
Қосымша әдебиеттер
1.Қазақ тілі. Оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында). Бастауыш білім беру (2-4 сыныптар)
2. Қазақ тілі.Оқу жоспары. 3-сынып7 2018-2019 оқу жылы, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, Астана, 2018 ж.
3. Байтенова К., Оқушылардың коммуникативтік дағдыларын қалыптастыруда қолданылатын белсенді оқыту әдіс-тәсілдері, Әдістемелік құрал, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, Астана, 2018 ж.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?