Қазақ тілі_3 кл_2-бөлім Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен_Э дыбысы_ҚМЖ
Пән: Қазақ тілі Бөлімі: Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен Сабақ тақырыбы: Жақсы мен жаманды зерттеймін. Ээ дыбысы | Мектеп:
| |||||||||||||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||||||||||||||||||||||||
Сынып: 3 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | ||||||||||||||||||||||||||
Оқу мақсаты: | 3.2.4.1.өз бетінше мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтау; 3.4.1.1 э, ф, в, ц әріптері бар сөздерді сауатты жазу; 3.3.6.1 кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету; | |||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың мақсаты: |
| |||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері |
| |||||||||||||||||||||||||||
Тірек сөздер | Пәндік терминология мен тірек сөздер дауысты дыбыс, басқа тілден енген сөздер Сабақта диалог /жазу үшін пайдаланылатын тіл: Талқылау үшін сұрақтар:
| |||||||||||||||||||||||||||
Құндылықтар | Ұқыптылыққа, еңбекқорлыққа, батылдыққа баулу | |||||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыс | Әдебиеттік оқу, дүниетану пәні | |||||||||||||||||||||||||||
Алдыңғы меңгерілген білім | «В, ф, в, ц, ч, щ, х, Һ» әріптері бар сөздер | |||||||||||||||||||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||||||||||||||||||
Жоспарланған уақыт | Жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы
5 минут | І. (Ұ) Ұйымдастыру кезеңі. «Мозаика» ойыны. Оқушылар ойын текшесін лақтырып, текше түскен суретті қатыстырып сөйлем құрастырады. ІІ. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтау. Сабақ тақырыбы және оқу мақсаттары таныстырылады. Оқушыларға бағалау критерийі айтылады. | Қосымша№1 https://www.google.kz/search?q=%D0%B2%D0%B0%D0%B3%D0%BE%D0%BD&source=lnms&tbm=isch&sa=X&ved=0ahUKEwjf5JGny_ncAhWpK5oKHeXyDPwQ_AUICigB#imgrc=dG5CV6w4bSD2IM:
| ||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 30 минут 5 минут 5-7 минут 1 минут 10 минут 7 минут | ІІІ. (Ж ) 3.3.6.1 кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету; Жұмбақ шешу Диқаншының еңбегін. Қысы - жазы ақтайды,Астықты тазалап,Қай жерде сақтайды? (Элеватор)Жылжымалы баспалдақ,Сатыларын бассаң нақ.Не жоғары, не төменСырғимын да жетем менКөзді жұмып, ашқанша - ақ. (Эскалатор ) - Оқушылар, э дыбысы туралы не білеміз? - Э дыбысы қандай сөздерде кездеседі? (МК, Ө) Көркем жазу. Мұғалім э дыбысының келесі әріппен байланысып жазылуын еске түсіреді. Тақтаға жазып көрсетеді. Дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазады. Ээ Ээ Ээ элеватор, эскалатор, электр шамы Эльмира сабаққа кешікпей келді. Дескриптор: - сөздерді қатесіз, сауатты көшіреді; - бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап жазады; - әріптерді көлбеу салады, үзбей жазады. ІҮ.Сергіту сәті. Мұғалім оқушыларға бірнеше сөзді шапшаң айтады. Егер э дыбысы бар сөз айтылса, қол шапалақтайды.Э дыбысы жоқ сөз айтылса,қол шапалақтамайды. Эльмира, Экспо, жиһаз, бала, вагон, цирк, дыбыс,чемодан, эскимо, энциклопедия, ханшайым, электр, экскаватор, хабар Эдельвейс, гауһар ,Эленора, эксклюзив, эстафета, хор,ферма, фартук, автобус. (Т)Ү. 3.4.1.1 э әрпі бар сөздерді сауатты жазу; Терме диктанты Мақсаты: «Э» әрпі бар сөздерді сауатты жазуды үйрету. Оқушылар мәтінді түгел жазбай,э әрпі бар сөз, сөз тіркестерін қатесіз көшіріп жазады. Көшеде электр шамы жарқырайды.Ұшақ экипажсыз орнынан қозғалмайды. Балалар «Экран» кинотеатрына билет алды. Маржан үй шаруасына епті екен. Бәрінен де қызық эстафета ойнау болды. Оқушылар аулада футбол ойнады. Қалада экспресс автобустар барар жеріңе лезде жеткізеді. Эфир майының хош иісі бар.
Қаблеті жоғары оқушылар сөйлемдерді көшіріп жазады. Жұпта жұмыстарын өзара бағалайды. Дескриптор: - сөз құрамындағы э дыбысын ажыратады; - сөздерді, сөз тіркестерін қатесіз, сауатты көшіреді; (Ө,Ұ,Т) ҮІ. 3.2.4.1.өз бетінше мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтау; Өлеңді оқу. Қарамен жазылған сөздердің антонимдерін табу. Оның атын кім дейміз? - Шалбар жатыр қуыста, Жейде жатыр бұрышта, Бас киім мен бәтеңке Бірге тұрса дұрыс па?! Оның атын кім дейміз? - Салақ бала бұл дейміз. - Олпы-солпы кигені, Қадамақ боп түймені, Саусағына байқамай Шаншып алды инені. Оның атын кім дейміз? - Олақ бала бұл дейміз. - Бірін түртіп жылатты, Бірін шалып құлатты. Аяқ-қолда тыным жоқ Ала құйын сияқты. Оның атын кім дейміз? - Тентек бала бұл дейміз. - Атқа қарғып мінбейді, Суда жүзе білмейді. Көше жарық болса да, Жалғыз өзі жүрмейді. Оның атын кім дейміз? - Қорқақ бала бұл дейміз! - Күнде ұйқысы қанбайды, Жұмсағанға бармайды. Теледидар алдында ...краннан көз алмайды Оның атын кім дейміз? - Жалқау бала бұл дейміз! (Ақылбек Қожаұлы) Әр шумақ мәнерлеп оқытылады. Соңғы шумақтағы көп нүктенің орнындағы әріп таптырылады. Э дыбысы мен әрпінің айтылуы мен жазылуы салыстырылады. (Т)«Еңбекқор бала», «ұқыпты бала», «өжет бала», «тәртіпті бала», «шыншыл бала» қандай болатындығы туралы әңгімелеу. Сызбаға салу. Сынып алдында жұмысты таныстыру.
(Ж) «Сен қандай баласың?» тақырыбына «расында», «меніңше», «шынымды айтсам», «сеніңше қалай» сөздерін пайдаланып сөйлесу. Жұптағы оқушылардың бірінің сұрақ қойып, екіншісінің жауап беруі өзара бақылау арқылы бағаланады. Дескриптор:
|
Қосымша №2 Қосымша №3 1-слайд
Қосымша №4
Қосымша №5 | ||||||||||||||||||||||||||
Қорытынды бөлім
5 минут | Рефлексия. Сабақты қорытындылау. Өзін-өзі бағалау кестесін қолдану.
| Қосымша №6 | ||||||||||||||||||||||||||
Қосымша ақпарат | ||||||||||||||||||||||||||||
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың білімдерін қадағалауды қалай жоспарлайсыз? | Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||||||||||||||||||||
Қабілеті жоғары оқушылардың шығармашылық ойлау қабілетін дамыту мақсатында мәтіннің тақырыбы мен ондағы негізгі ойды анықтау, сөйлемдерді көшіріп жазу,қабілеті төмен оқушыға көмектесу тапсырылды. | Материалды меңгеру деңгейі өзін-өзі тексеру, өзара тексеру және мұғалім көмегімен түзете отырып тексеру арқылы бағаланады. | Жазу кезіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттігі ескертіледі. | ||||||||||||||||||||||||||
Рефлексия Сабақ мақсатына жеттім бе? Оқушылар не үйренді? Ынтымақтастық атмосферасы орнады ма? Оқушылар арасындағы дифференциациялау бойынша іс-әрекеттер ұтымды болды ма? Жоспарланған уақытты ұстандым ба? Жоспардан қандай шегіністер жасадым және неліктен? | ||||||||||||||||||||||||||||
Қорытынды бағалау Сабақтың ең ұтымды кезеңдері. 1: 2: Сабақты жақсартуға септігін тигізген екі әдіс. 1: 2: Келесі сабақты жоспарлауға септігін тигізетіндей осы сабақтан сыныптағы және жеке оқушылар жайлы не білдім? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?