1. Қазақ тілі _3 сынып_ 2-бөлім Жаманнан үйрен,жақсыдан жирен_№33 сабақ_ Нәтиже сабақ.Мен не үйрендім_ҚМЖ
Қысқа мерзімді жоспар
Пән: Қазақ тілі Бөлімі: Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен Сабақ тақырыбы: 33-сабақ. Нәтиже сабақ. Мен не үйрендім? | Мектеп: | |||||||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Ршымбетова Гулбану | |||||||||||||||||||||
Сынып: 3 | Қатысқандар саны: | Қатыспаған оқушылар: | ||||||||||||||||||||
Оқу мақсаты: (Оқу бағдарламасының ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес) | 3.1.1.1 тыңдаған материал бойынша тірек сөздерді белгілеу, ашық және жабық сұрақтарға жауап беру; 3.4.1.4 х, һ әріптері бар сөздерді ажыратып жазу; 3.3.5.1 жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзету; 3.1.4.1 тірек сөздер мен жоспарды пайдалана отырып, берілген тақырып бойынша әңгіме құрау. | |||||||||||||||||||||
Сабақтың мақсаты: |
| |||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері |
| |||||||||||||||||||||
Тірек сөздер |
| |||||||||||||||||||||
Құндылықтар | Қоршаған ортада сөйлеу мәдениетін сақтау, патриоттыққа тәрбиелеу | |||||||||||||||||||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Бір -біріне мәдениетті сөйлей біледі, Х, һ дыбыстары. | |||||||||||||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||||||||||||
Жоспарланған уақыт | Оқушылардың жоспарланған іс-әрекеті | Дереккөздер | ||||||||||||||||||||
Сабақтың басы 1-5 минут 1 минут 4 минут | (Ұ) Жүректен жүрекке. Оқушылар шеңбер құрып, хормен айтады: Даламдай кең пейілім. (Құшақтарын ашады) Жүрегім толы мейірім. (Жүрек тұсын қолдарымен ұстайды) Мен үшін жоқ уағың, (Қолдарымен кіші дегенді көрсетеді) Бәріңе ортақ шуағым. (Екі қолдарын көтереді) Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. (Ұ) «Кім тапқыр» ойыны. Сөзді жалғастыру. Оқушыларды жылдамдыққа, тез ойлауға, сөздік қорын байытуға бағытталған ойын. Ойын жүргізуші қандай да бір сөзді ұсынады. Балалар кезек-кезек оның соңғы әрпінен басталатын сөз айтады. Мысалы: халық – қала – алау – уылдырық –қаһарман – нарық – қобыз – заһар – раушан т.б. Сөздер қайталанбауы керек, таба алмаған оқушы ойыннан шығады. Соңғы оқушы жеңімпаз болады. Cабақ тақырыбы және мақсаттарымен таныстыру. Мәтін мазмұны бойынша ашық және жабық сұрақтарға жауап беру, сөзді орфоэпиялық нормаға сай айтып, сөз құрамында дыбыстарды ажыратып, сауатты жазу, мұғалімнің қолдауымен жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді тауып, түзету, тірек сөздер мен жоспарды пайдалана отырып, берілген тақырып бойынша әңгіме құрау. | 2-слайд Қимылмен көрсетеді 3-слайд 4-5 слайд | ||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 5-33 минут 4 минут 3 минут 5 минут 3 минут 1 минут 1 минут 5 минут 3 мин 3 минут | 1-тапсырма (Т) Тыңдалым. Мәтінді мұқият тыңда. (Ұ; Т; Қ) Мәтінді тыңдап, негізгі ойды анықтау. 1. Мәтінді мұқият тыңдайды. Мәтіннің не туралы екенін анықтап, өз ойымен бөліседі.
Мәтін бойынша сұрақтарға жауап бер. (саралау)
Хиуаз Доспанова туралы қосымша мәлімет (МК; Ұ; Қ) Мәтіннен х, һ әріптері бар сөздерді табу, дыбыстық талдау жасау. Жіберілген қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзету. Мысалы: х- дауыссыз, қатаң а- дауысты, жуан л-дауысты, жіңішке ы- дауысты, жуан қ- дауыссыз, қатаң Бағалау дескрипторы -мәтін кім туралы екенін біледі;
- мәтіндегі негізгі ойды анықтайды; - Х, һ әріптері бар сөздерді табады, дыбыстық талдау жасайды, олардың жазылуына назар аударады; 2-тапсырма (МК; Ө; Ж; Қ) Жіберілген қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзету. Оқулықта берілген жағдаяттық тапсырманы оқиды. Хабарландыруды сөздерді тиісті орнына қою арқылы қайта құрастырып жазады. Тыныс белгілерін қояды. Жұппен жұмыс жасайды. Бір-бірінің қатесін тауып, түзетеді. Орындалған жұмысты өзара бағалайды.
Жауап
Жазған жұмысын өзара тексеру
Өзара бағалау. 2 тілек, 1 ұсыныс. (Ө; Ұ) Жұмыстарын топта жариялау. Жұмыстарын «Автор орындығы» стратегиясы бойынша топта жариялайды. (Ө; Ұ; Қ) Бір-бірінің жұмысын бағалау. Екі жақсы жағы мен бір кемшілігіне ұсыныс білдіру арқылы рефлексия жасау. «Екі тілек, бір ұсыныс» стратегиясы арқылы бір-бірінің жұмысын бағалайды. Орындаған жұмыстарының екі жақсы жағы мен бір кемшілігіне ұсыныс білдіру арқылы өз іс-әрекеттеріне кері байланыс жасайды. Мысалы: Сөйлемдерді тиісті орнына қоя алдың; Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтадың. Ұсыныс: Орфографиялық қатемен жұмыс жасау керек. Бағалау дескрипторы -сөздерді тиісті орнына қойып жазады; - сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтайды; -пунктуациялық нормаларды сақтайды; - бір-бірінің жұмысын бағалайды; Ой сергек! Көп отырып шаршадық, Қозғалуды аңсадық. Жүгiргiмiз келедi, Әдемiлеп ән салып. Оқушылар өздерінің музыка пәнінен үйренген сүйікті әндерін орындайды. (Ұ; Ө; Қ) Тірек сөздер мен жоспарды пайдалана отырып, берілген тақырып бойынша сұхбаттасу. 3-тапсырма Тірек сөздерді пайдаланып, мәтіннің не туралы екенін болжайды. Парталасымен тілші мен көрермен рөлінде Диалогке түседі. «Ыстық микрофон» әдісі арқылы диалог құру. Диалогке түспес бұрын тақырып бойынша сұрақтарын дайындап алу.
Үлгі: Тілші: - Сіздің ойыңша, цирк дегеніміз не? Оқушы: -Менің ойымша, цирк дегеніміз- адамдарға,балаларға көтерңкі көңіл-күй сыйлайтын мәдениетті орын. Тілші: - Қандай мәдениет орындарын білесіз? Оқушы: - Цирк, кинотеатр, мұражай. Тілші: - Цирк керек емес, дегенге не айтар едіңіз? Оқушы: - Кешіріңіз, мен бұған қарсымын. Себебі, барлық жас аралығын қамтитын жалғыз өнер-цирк. Циркте жасқа қарамайды бәрі көріп тамашалай алады, ал театрда жасына қарай кинолар көрсетіледі. Тілші: - Әңгімеңізге көп рахмет, сау болыңыз! Тірек сөздер: Цирк, көшпелі, акробат, тұрақты, шабандоз, сайқымазақ. Тірек сөздерді пайдаланып мәтін құрау. Бағалау дескрипторы - тақырыпқа сәйкес ашық және жабық сұрақтарды құрастыра алады; - сыпайы сөздерді қолдана алады; - сөйлеу мәдениетін сақтайды; - диалогке белсенді қатыса алады; -тірек сөздерді пайдаланып, мәтін құрайды. Саралау. Қабілетті оқушылар тақырыпқа сәйкес, ашық, жабық сұрақтар құрастыра алады, диалогке қатыса алады. Қолдауды қажет ететін оқушыларға көмек ұйымдастыруды қарастыру. (МК; Ө; Ж; Қ) 4-тапсырма. Жазылым Өздік диктант …исса, …арауыл, …ат, …атық, жи…ангер, қа…арман, …алық, …абарландыру, …анзада, жи…аз, Гау…ар, Жау…ар, ша…ар, …орған. Көп нүктенің орнына тиісті қ, х, һ әріптерін қойып жазу. Жазған жұмыстарын өзара қарындашпен тексеру.
Бағалау дескрипторы
- Тез жазуға дағдыланады; | 6- слайд «Қазақ тілі» оқулығы 3-сынып. Жумабаева А., «Атамұра баспасы» 2018 ж. Қосымша №1 Жұмыс парағы №2 7-слайд 8-слайд Сурет http://www.m-astana.kz/article/view?id=1230 Қосымша №3 http://www.voxpopuli.kz/kz/history/767-tungy-mystan-khiuaz-dospanova-.html 9-слайд 10- слайд «Қазақ тілі» оқулығы 3-сынып. Жумабаева А., «Атамұра баспасы» 2018 ж. Қосымша №4 11-слайд 12-слайд 13-слайд 14-15-слайд Қосымша №5 16 –слайд Қосымша №6 Дәптермен жұмыс 17- слайд Қосымша №7 18-слайд | ||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 33-40 минут 5минут 2 минут | (Ө; Қ) Дұрыс жауапты белгілеу. Тақырып бойынша оқушылардың игерген білімдеріне рефлексия жасату мақсатында тестік жұмыс орындатылады. Оқушылар дәптерде берілген тапсырманы оқиды. Дұрыс жауаптардың бірін белгілейді. Көп нүктенің орнына тиісті әріптерді жазады. Өзін өзі бағалау кестесі
Үйге: 3-тапсырма, 69-бет. Тілші ретінде көрерменге арналған сұхбат сұрақтарын дайындап келу. | 19- слайд Қосымша№8 20- слайд Қосымша №9 21-слайд | ||||||||||||||||||||
Қосымша ақпарат | ||||||||||||||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау - оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||||||||||||||
Топтық жұмыс кезінде қолдауды қажет ететін оқушыларға көмек ұйымдасыру жолдарын қарастыру. Қабілетті оқушылар деңгейлік тапсырмалар орындату | Бағалау дескрипторлары негізінде жүзеге асырамын: - мәтіннен негізгі ойды анықтайды, -диалогке түсе алады, -орфографиялық, пунктуациялық қателерді тауып, түзетеді; «Кім тапқыр» ойыны «Ыстық микрофон» әдісі | Қауіпсіздік ережелерін сақтау. Бірін-бірі тыңдау. Сергіту сәті | ||||||||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | ||||||||||||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?