4. Қазақ тілі 3-сынып 2-бөлім Жаманнан жирен, жақсыдан үйрен_ Қаратпа сөз_ Мұғалімге әдістемелік нұсқау


 Мұғалімге әдістемелік нұсқау

Бөлім: Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен

Жақсы мен жаманды айыра білемін

Сабақ тақырыбы: Қаратпа сөз

Сабақ мақсаттары

3.3.7.1 қаратпа, қыстырма сөздерді ажырату және тыныс белгілерін дұрыс қою;

3.2.4.1 өз бетінше мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтау; 3.2.3.1 мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру

Ресурстар: үлестірме материалдар, сөйлем сызбасы, А4 қағаз, фломастер.

Қауіпсіздік және денсаулық сақтау

Сыныпта оқушылар ержелері еске түсіріледі. Сергіту сәті ұйымдастырылады.

Сабаққа қажетті теориялық материалдар

Сөйлеу барысында біреудің назарын аударту үшін қолданылатын сөздер қаратпа сөздер деп аталады. Қаратпа сөз сөйлем басында келсе, одан кейін үтір қойылады. Қаратпа сөз сөйлем ортасында келсе, үтір екі жағынан үтір, қойылады. Қаратпа сөз сөйлем соңында келсе, алдынан үтір қойылады.

Сабаққа қатысты ескертпелер

Рөлдік ойын: «Тыңдашы мені»

Мақсаты: оқушылар қарым-қатынасқа түсу тәжірибесі арқылы жаңа тақырыпты ашуына жағдай жасау. Тапсырма жұптық жұмыс формасында ұйымдастырылады.

Алдымен 1-нұсқада отырған оқушылар кітаптан материал іздеп отырады. 2-нұсқада отырған оқушылар өздеріне қарату мақсатында 1 минут сөйлесуіне уақыт беріледі.

Оқушылар рөлдерімен алмасады. Талдау жасалып,оқушылар өзара ой бөліседі. Қаратпа сөз ұғымы енгізіледі.

Сабақ мақсатын хабарлап, оқушылармен бірге бағалау критерийлерін белгіленеді.

«Сөздерді зерттеу» тапсырмасы топтық жұмыс формасында ұйымдастырылады. Қаратпа сөздердің қызметін түсінуі мақсатында қарамен берілген сөздерді түсіріп айту, қайта қаратпа сөзді сөйлем құрамында айтып, тәжірибе жасайды. Ой қорытындысын жасайды.

Балақай, гүлдерді жұлма!

Егін басына барғың келе ме, Дәурен?

Құлыным, мәдени өсімдіктерге не жататынын айта қойшы.

Биыл егін жинау науқанын, Дархан, сәтті аяқтай аламыз ба?

Әр топ кезекпен сөйлемдерді талдап, ойларын ортаға салады.

Қаратпа сөз кестесімен танысып, ақпарат пен өз ой қорытындысының сәйкес тұстарын анықтайды.

 Бидай мен Шырмауық» мысалы. Тірек сөздер, сөз тіркестерін белгілеу мақсатында өзіндік, жұптық және жалпы сыныппен талқылау ұйымдастырылады. Әр оқушы 6-7 тірек сөз не сөз тіркестерін дәптеріне белгілеп жазады. Шағын топта сөздер мен сөз тіркестерін талқылап, ортақ тізімін жасайды. Мұғалімнің алдын-ала дайындаған тізіміндегі сөздер мен сөз тіркестерімен сәйкестігін анықтау мақсатында әр топ кезекпен бір сөз тіркесінен атайды, топ ұсынысын негіздейді. Мұғалім өзіндегі тізіміндегі сөздер мен сөз тіркестері сәйкес болған жағдайда тақтаға жазады. Барлық сөздер мен сөз тіркестерді тапқанша жұмыс жалғасады. Оқушылар тақтадағы тірек сөздер мен сөз тіркестерін есте сақтауға 30-40 секунд уақыт беріледі. Тақта жауып қойып, есте сақтау негізінде тірек сөздерді жазады. Тақтаны ашып, жазуларын тексеру ұсынылады. Қажет жағдайа қатемен жұмыс ұйымдастырылады.

3.2.4.1 (Т; Қ) Мәтінмен жұмыс. «Венн диаграммасы» әдісі. Кейіпкерлерді салыстыру тапсырмасын топта орындайды. Әр топ бір ерекшелігінен бастап айтады. Мұғалім сыныптың тақтадағы диаграммасына түсіреді.

Мәтіндегі негізгі ойды анықтап, ат қою.

Шырмауық: менменшіл, жаман ойлы, қызғаншақ

Бидай: сабырлы, ақылды.

Екеуі де өсімдік.

- Кейіпкерлердің іс-әрекетін салыстырып, қорытынды шығару.

- Осы оқиғадан қандай қорытынды жасауға болады?

Әр топ «Біреуге ор қазба, өзің түсесің» деген мақалдың мағынасын мысал мазмұнына сәйкестігін дәлелдейді.

Қосымша тапсырма ретінде пунктуациялық ширату ұйымдастырылады.

- Неліктен шырмауық және бидай сөздері бас әріптен жазылған?

- Мысалдан сұраулы сөйлемдерді теріп оқы.

- Екі кейіпкердің сөзі, яғни диалогін жазуда қандай тыныс белгі қолданылған?

Терме жазу. Мәтіннен қажетті ақпаратты табу жұптық жұмыс формасында ұйымдастырылады. Мәтіннен қаратпа сөзі бар 2 сөйлемді тауып, көшіріп жазады.

Көшіру реті:

1. Сөйлемді зер салып оқып шығу.

2. тыныс белгілеріне назар аударып оқу.

3. Сөйлемді оқулыққа қарамай айтып көру.

4. Сөйлемді есте сақтағаны бойынша жазып байқау.

Саралау.

Сөйлемнің сызбасы.

Тексеру, тыныс белгілерінің қойылу себебін негіздеу және түсіндіру. Жазба жұмысын өзін-өзі тексеру.

«Ойлан – жұптас – пікірлес» стратегиясы арқылы мәтінмен жұмыс ұйымдастырылады. Әр қатарға1 сұрақтан беріледі. Оқушы алдымен өзі ойланып берілген сұраққа жауап жазады. Жауабын жұбымен талқылап, толықтырады. Сөйлем құрылымын жетілдіреді. Оқушылар қатар бойынша топтасып, сыныптың әр бұрышына жиналады. Топ болып жауаптарын талқылап, сұрақтың ұтымды жауабын айтады. Өзара жауаптарын бағалайды. Әр оқушы мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған 1 сұраулы сөйлем құрастырып жазады. Құрастырған сөйлемін көршісі екеуі (жұпта) талқылап, ұтымды 1 сұраулы сөйлемді анықтайды. Қажет жағдайда сөйлемді толықтырады. Парталардың орналасу қатары бойынша үлкен 3 топ құрауға болады. Әр жұп өз сұраулы сөйлемдерін топта таныстырады. Топ мүшелері ақылдасып, ең ұтымды 1 сұрақты белгілейді немесе толықтырады. Топ сұрағын келесі топтарға қояды. Өзара жауап береді. Бір-бірінің жауабын толықтырады. Мұғалім жұмыс үдерісін бақылап, оқушылардың талқылау барысындағы жақсы идеяларын да атап өтеді. Бұл оқушыларды топтық жұмыста белсенді болуға ынталандырады. Оқушылар жұмысты бағалау критерийлері бойынша өзара бағалай алады.

Үлгі:

- Бидайға шырмауықтың қатар өсуінің пайдасы бар ма? Неліктен?

- Сен Шырмауықтың пікіріне қосыласың ба? Не себепті?

- Шырмауықтың іс-әрекеті туралы не айтар едің?

Саралау:

Ал сен ... туралы не ойлайсыз?

Тағы қандай пікір қосасың?

Сен ... пікіріне қосыласың ба?

Шыныңды айтшы ... сенің көңіліңнен шықты ма?

«Ішкі және сыртқы шеңбер» (Карусель) әдісі бойынша қаратпа сөз туралы білімдері пысықталады. Сыныптағы 1-нұсқада отырған оқушылар ішкі шеңберді, 2-нұсқада отырған оқушылар сыртқы шеңберді құрайды. Өзара бір біріне қарама-қарсы орналасады. Сұрақтар таныстырылып, тақтаға көрінетін тұста ілулі тұрады. Алдымен 1 нұсқада тұрған оқушылар сұрақтың бірін қояды, қарсы тұрған оқушы жауап береді. Мұғалім белгісінен соң, сыртқы шеңбер оқушылары сағат тілімен 1 қадам жылжып тұрады. Осылай оқушылардың жұптары алмасады. Енді сыртқы шеңбердегі оқушылар сұрақ қояды, ішкі шеңберде тұрғандар жауап береді. Жаттығу бірнеше рет жалғасады. Оқушылар сұраққа кімдер дұрыс жауап бергенін атайды. Осы тапсырма барысында мұғалім оқушылардың шеңберін айнала жүріп, оқушыдардың жауаптарын тыңдап, бақылайды. Тақырыпты игеру деңгейі туралы маңызды ақпарат алады және келесі сабақта есуеруі тиіс.

- Қаратпа сөздерді қандай мақсатта айтылады?

- Қаратпа сөз сөйлемнің басында келсе, тыныс белгі қалай қойылады?

- Қаратпа сөз сөйлемнің ортасында келсе, тыныс белгі қалай қойылады?

- Қаратпа сөз сөйлемнің соңында келсе, тыныс белгі қалай қойылады?

- Қаратпа сөзі бар сөйлем айтшы.

Қалыптастырушы бағалау

Оқушылардың әр тапсырманы орындау барысындағы жетістіктерін мадақтауға назар аудару. Оқушылар өзара бағалауды жүзеге асыру барысында «Қай дескрипторға сүйендің? Не себепті олай бағаладың? Өзің қандай өзгеріс енгізер едің?» сұрақтары арқылы, бағалаудың шын мәнінде жүзеге асуына көңіл бөліну керек.

Оқушының оқу мақсатын толықтай меңгеруіне тиімді шараларды жоспарлаңыз.

Бағалау критерийлері

Үйрендім

Сенімді емеспін

Қаратпа сөздерді ажыратамын, тыныс белгілерін түсіндіре аламын

Өз бетінше мәтіннің тақырыбын, негізгі ойды анықтай аламын

Пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырамын және сұрақтарға жауап бере аламын



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу