4. Қазақ тілі 3-сынып 2-бөлім Жаманнан жирен, жақсыдан үйрен_ Дауыссыз дыбыстар емлесі_ Мұғалімге әдістемелік нұсқау


 Мұғалімге әдістемелік нұсқау

Бөлім: Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен

Жақсы мен жаманды айыра білемін

Сабақ тақырыбы: Дауыссыз дыбыстар емлесі

Сабақ мақсаттары

3.4.1.1 э, ф, в, ц әріптері бар сөздерді сауатты жазу;

3.2.5.1 түрлі дереккөздерден (мәтін, сөздік, сызба, кесте, карта) берілген тақырып/сұрақ бойынша алған ақпараттарда кездесетін жаңа сөздердің мағынасын сөздіктер арқылы ашу, жүйелеу, мағлұматтардың маңызды тұстарын анықтау

3.3.6.1 кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету

Ресурстар: дыбыс түрлері сызбасы, ұшып келу және ұшып кету кестелері,

Қауіпсіздік және денсаулық сақтау

Сыныпта оқушылар ережелері еске түсіріледі. Сергіту сәті ұйымдастырылады.

Сабаққа қажетті теориялық материалдар

 Э - дауысты дыыбыс. Э дыбысы өзге тілден енген сөздердің көбінесе басында кездеседі. . Қазақ тілінде құжаттарды рәсімдеу тәртібі бойынша адамның тегіне – ов, -ев, - ова, -ева жұрнақтары жалғанып жасалады. Мысалы, Әлжанов, Батырова, Есенбаев, Керімбаева.

Сабаққа қатысты ескертпелер

 Бұл сабақ дыыбыстардың түрлі дереккөздерден ақпарат алуға бағытталғандықтан әр тапсырманы орындау барысында «қайдан білдің?», «неліктен?», «қай бағандағы ақпаратпен негіздей аласың?» нақтылаушы сұрақтар қойып, дереккөзге қайта оралып сілтеме жасауы, жауап беруін қадағалау өте маңызды.

(Т) Сызба бойынша шағын хабарлама жасау мақсатында қатар орналасқан парталарда отыратын оқушылар 4-еуден топ құрайды. Топта ақылдасып шағын хабарлама жасайды. Топ мүшелері дыбыс түрлері туралы білімдерін еске түсіріп, қайта жаңғыртуға мүмкіндік алады.

Оқушыларға э, в дыбыстары бар сөздердің емлесі туралы таныстыру арқылы тапсырманы қорытындылау.

 Көркем жазу. Көркем жазуды үйрену қажеттілігі бар оқушыларға жеке қолдау көрсетіп, жазуды үлгілеуге назар аударылады. Көркем жазу арқылы қарастырылатын дереккөз түріне кіріспе жасалады.

 Дереккөзбен жұмыс «Ойлан. Жұптас. Пікірлес» әдісі негізінде ұйымдастырылады. Оқушыларға сұрақтар үлестіріліп беріледі. Әр оқушы алдымен өзі сұрақтармен танысып шығып, жұпта кесте бойынша сұрақтарға жауап іздейді, жауабын түртіп алады. Парталардың орналасу қатары бойынша 4 немесе 6 оқушыдан уақытша топ құралады. Топта әр жұп жауаптарымен бөліседі. Бірін-бірі жауабын тодлықытырп, топ атынан жауапты дайындайды Топтар сұраққа жауап әзірлеп болған соң, кезекпен әр сұраққа бір топтан жауап беруі қадағаналанады. Бір-бірінің жауабын түзетуге, толықтыруға мүмкіндік беріледі. Оқушылардың ақпаратты іріктеп алу дағдысы бағаланады.

Саралау: қабілеті жоғары оқушыларға қосымша «Тіркеу» кестесін ұсыну арқылы тапсырыманы толықтыруға болады.

Дереккөзден алынған ақпаратты түсінуін бағалау мақсатында ІІ. «Дұрыс тұжырымды белгіле» тапсырмасы жұптық жұмыс формасында ұйымдастырылады.

Жауабы:

Тұжырым

+

-

1. 1-бағанда авиакомпонаия атауы көрсетілген

+

2. Ұшақ қай қалаға ұшатынын 2-бағаннан анықтауға болады.

-

3. Алматыдан ұшатын YSY489 рейс кешігеді.

+

4. Әуежайға 5 рейс келуі күтілуде

-

5. DV725 рейсі Өскеменге уақтылы ұшып кетеді.

+

6. ТК352 рейсі Ыстамбул қаласынан келіп қонып, жолаушылар жүктерін алуда.

+

Кестені толтыруға берілген уақыт аяқталған соң, жауаптарын тексереді.

 

ІІІ. Сөйлемді толықтырып жазу тапсырмасын жұпта орындау ұйымдастырылады. Жауабы:

1. SZ215 рейсі Душанбе қаласынан ұшып келеді.

2. Астана қаласынан КС952 рейс сағат 10.35-те ұшып келуі күтілуде.

3. Қазір әуежайға Ыстамбул, Бейжің қалаларынан ұшақтар ұшып келді.

Сергіту сәті: https://www.youtube.com/watch?v=lfyPXUs3C3c&t=217s

 Жасырын ақпаратты анықтау тапсырмасы топтық жұмыс формасында ұйымдастырылады. Шағын 4 оқушыдан тұратын топ құрамында оқушылар сұрақтарды талқылап, өз жауаптарын сынып алдында таныстырады. Сыныппен талқылау барысында оқушылар күнделікті өмірлік тәжірибелерін қолдана алады. Сонымен қатар оқушыларға ғаламтор арқылы Жолаушыларға арналған ережелерден ең басты пунктерді таныстыруға болады.

1. DY725 рейсіне отыру үшін әуежайға қай уақытта келу керек? (07.50, ішкі рейстерге 1,5 сағат алдын келу керек)

2. Бейжіңнен келген жолаушылар шамамен қай уақытта қалаға шығады? (09.35, себебі жүк алуға жарты сағаттай уақыт кетеді)

3. Алматыдан ұшатын YSY489 рейс кешіктірілуіне байланысты ақпаратты қайдан нақтылауға болады? (анықтама бөлімінен, әуекомпания сайтынан, билетте көрсетілген байланыс телефон номерінен)

4. Бұл кесте қай қаладағы әуежейдың кестесі? (Алматы халықаралық әуежайы, себебі сыртқы рейстер тізіміне қарағанда Астана не Алматы қаласының әуежайы деуге болады, Астана қаласының әуежайы болуы мүмкін емес, өйткені Астана қаласынан рейс күтілуде.)

Қосымша тапсырма:

- Арнайы қонақтарды (олимпиада жеңімпаздары) әуежайда күтіп алуды қалай ұйымдастыруға болады?

Топта талқылап өз нұсқаларын ұсынады.

Тапсырманы орындау барысында оқушылардың талқылауға қатысуын бақылаңыз. Топ мүшелерінің идея қосуын қадағалаңыз. Оқушыларды топта кезектесе сөулеуге дағдыландырыңыз.

Бағалау дескрипторы:

- кестедегі ақпараттардың арналымын (нені білдіретінін) ажырату;

- кестеден қажетті ақпаратты табу;

- ақпаратты жүйелеп, жеткізе білу;

- жасырын ақпаратты іріктеп, қолдану – дағдыларын меңгеруін бағалау,

 Фонетикалық ширату – өзіндік жұмыс формасында ұйымдастырылады.

Кестеден мәлімет табу.

1. Дауысты дыбыстан басталатын сөздер:

2. Қатаң дауыссыз дыбыстан басталатын сөздер:

3. Ұяң дауыссыз дыбыстан басталатын сөздер:

4. Үнді дауыссыз дыбыстан басталатын сөздер:

Саралау: Дыбыс түрлері сызбасы

3.4.1.1 (Ө) Кестедегі құрамында э, в. ф әріптері бар сөздерге дыбыстық-буындық талдау жасау жасалады. Қала атауының жазылуына оқушылардың назарын аударту. Оқушылар өз таңдауы бойынша 1 сөзге талдау жасайды. Сынып оқушылары бірлесе отырып, жұмыстарын тексереді.

Шарм-эль-Шейх

Франкфурт

Бағалау дескрипторы:

- құрамында э, ф, в дыбыстары бар сөздерді сауатты жазу;

- сөздердің дыбыстық-буындық құрамын ажырата алады;

- көркем жазу талаптарын сақтау.

 Қалыптастырушы бағалау. Оқушылардың әр тапсырманы орындау барысындағы жетістіктерін атап өтіңіз. Оқушылардың өзіндік бағалауының нәтижесін, келесі сабақты жоспарлауда есепке алыңыз.

Бағалау критерийлері

Басқаларға үйрете аламын

Қолымнан келді

Көмек

қажет етемін

Сөздердің ( э, ф, в) дыбыстық құрамын ажыратып, сауатты жаза аламын;

Берілген тақырып бойынша кесте және мәтіннен ақпарат алып, жүйелей аламын;

Кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей жазамын



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу