Сурет салу-өнер. Әдебиеттік оқу, 3 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: Әдебиеттік оқу

Бөлім: Өнер

Сынып: 3

Мектеп: Астана қаласы, №68 жалпы білім беретін орта мектеп

Мұғалімнің аты-жөні: Махамбетова С.А

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Сурет салу-өнер

«Бәрібір өкінбеймін» Марат Қабанбай

Оқу мақсаттары

3.3.3.1 шығармашылық жұмысын сурет/сценарий түрінде ұсыну

3.1.3.1 шығармадағы кейіпкерлердің мінез-құлқы мен іс-әрекетіне, ондағы оқиғаларға сүйеніп, сюжеттің дамуын болжау

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: мәтіннің мазмұнын жүйелі баяндайды

Көпшілік оқушылар: мәтіндегі кейіпкердің іс-әрекетіне қатысты өз көзқарасын білдіреді

Кейбір оқушылар: шығармашылық жұмысын сурет түрінде ұсынады

Бағалау критерийлері

  • Шығарманың мазмұнын жүйелі баяндайды
  • Оқиғаның негізінде сюжеттің дамуын болжайды
  • Шығармадағы кейіпкердің іс-әрекетіне қатысты өз көзқарасын білдіреді
  • Ойын сурет арқылы жеткізеді

Тірек сөздер

Сурет өнері,суретші,шебер, көкірегінде көзі бар

Құндылықтарды дарыту

Топтық,жұптық жұмыстарды орындау барысында ынтымақтастық орта қалыптастыру.

Пәнаралық байланыстар

Қазақ тілі,көркем еңбек

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта

Алдыңғы білімді игеру

Мәтінді түсініп оқиды

Кейіпкердің іс-әрекетіне баға береді

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

1-5 минут

Ширату тапсырмасы

«Есім және қимыл» жаттығуы

Әр қайсысы кезекпен алға адымдап, өз есімін айтып, қандай да бір өзіне ыңғайлы қимыл жасайды. Ал қалғандары хормен аталған есімді  қайталап, жасаған қимылды орындап шығарып салады.

Оқушылар табиғат көрінісіне байланысты суреттер арқылы топтарға бөлінеді

Қосымша 1

https://www.google.kz/search?rlz=1C1DVJR_ruKZ800KZ800&tbm=isch&sa=1&ei=eJ_PW6WyKoKNsAG0gLT4BQ&q=картинки+детские+природа

Слайд №1-4

Сабақтың ортасы

6-11минут

12-17минут

18-28 минут

29-37минут

Автормен танысу

Марат Қабанбай - 1948 жылы 22 наурызда Зайсан ауданындағы Қараүңгір ауылында туған. Ол-балалар жазушысы. Бірнеше кітаптың авторы. Солардың ішінде сәтті шыққан туындыларының бірі-«Айшылық алыс жол» атты романы.

1-тапсырма

(ЖЖ,Т) «Үштік» әдісі

Сынып бойынша тапсырманы оқиды. Оқушылар бірнеше жұптан бөлінеді:бірінші оқушы оқиды немесе айтады, екінші оқушы тындайды, үшінші оқушы түртіп алады, кейін өз пікірін айтады

Саралау: Оқушылардың есте сақтау қабілеті сақталады. Өз ойын ашық айта алады

ҚБ «Жұлдызша»

Жақсы жұмыс жасаған топқа жұлдызшалар тарату

2-тапсырма

(ЖЖ) «Сандықша » әдісі

Оқушылар ішінен бір жүргізуші сайланады. Жүргізушінің қолында қорап немесе сандықша болуы керек. Оқушылар тақырып бойынша ашық сұрақтар құрастырып, жүргізушіге береді. Сұрақтар құрастырылып біткен соң, оқушылар сандықшадан кез келген сұрақты алып, дауыстап оқиды, толық жауап беруге тырысады. Қойылған сұрақпен берілген жауап бағаланады.

Үлгі:

-Әңгіме кімге қатысты айтылған?

-Жазушы неге өкінбейді екен?

-«Сурет салу-өнер»дегенді қалай түсінесің?

Саралау: Сұрақтарға толық, нақты жауап беруіне көңіл бөлу. Сонымен бірге жетекші сұрақтар қоюға болады

ҚБ «Қол шапалақтау»

Сұрақтарға дұрыс жауап бергендерді қол шапалақтау арқылы бағалау.

Ойын: «Қателіктерді тап»

Суретші баланың жіберген қателіктерін табады

3-тапсырма

Талқылайық «Рөльдік ойын» әдісі

- Сілтеме табушы: мәтіндегі ең қызық жерін табу

- Із қуушы: ары қарай не болады деп ойлайсың?

-  Дәнекер:  шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтайды, өмірмен байланыстыр

- Сұрақ қоюшы: кез келген топқа мәтін бойынша сұрақ қояды.

- Сөз тапқыш: осы оқиғаға байланысты мақал айту

Мінездеме беруші: кейіпкерге мінездеме беру.

Саралау: Оқушылар өздеріне берген тапсырма бойынша ой бөлісіп, ойларын ортаға салып, ортақ шешімге келеді.

ҚБ «Бағдаршам»

Қызыл-түсінбедім

Сары-түсініксіздеу

Жасыл-түсінікті

4-тапсырма (ЖЖ) «Сурет сал» әдісі

Жұптарға өлең таратылады.Оқыған өлеңдері бойынша жұппен сурет салады. Салған суреттерін іледі және топ алдында қорғайды

Саралау: Жұппен жұмыс жасауда өз ойларымен бөліседі. Өзге оқушыларды тыңдап жұмыстарына баға береді

ҚБ «Бір-бірін бағалау»

Оқушылар бір-бірінің жұмысын бағалайды.Өз жұмысында нені жақсарту керектігін анықтайды.

Оқулық 23-24 беттер

http://adebiportal.kz/kz/authors/view/2549

Қосымша 2

Слайд №5

Қосымша 3

Слайд №6

Оқулық 24-25 бет

Сабақтың соңы

38-40 минут

«Кемпірқосақ» әдісі

Тақтадағы кемпірқосақ суретіне өз есімдері жазылған стикерлерді желімдейді. Олар ең төмендегі қызыл түстен ең жоғары орналасқан күлгін түске стикерлерді желімдеу арқылы өздерінің сабақтағы түсінік (немесе көңіл-күй) деңгейін білдіреді.

Слайд №7

Қосымша 4

https://www.google.kz/search?q=радуга+картинки+детские&rlz=

Саралау

1-тапсырмада

Қабілеті төмен оқушылар мәтінді ұзақ оқитындықтан оларға қосымша уақыт беруге болады

2-тапсырмада

Сұрақтарға толық, нақты жауап беруіне көңіл бөлу. Сонымен бірге жетекші сұрақтар қоюға болады

3-тапсырмада

Оқушылар өздеріне берген тапсырма бойынша ой бөлісіп, ойларын ортаға салып, ортақ шешімге келеді.

4-тапсырмада

Жұппен жұмыс жасауда өз ойларымен бөліседі. Өзге оқушыларды тыңдап жұмыстарына баға береді

Бағалау

«Жұлдызша» әдісі

«Қол шапалақтау» әдісі

«Бағдаршам» әдісі

«Бір-бірін бағалау»әдісі

Дескриптор.

-мәтіндегі оқиғаны жүйелі жалғастырады;

- сөйлеу барысында тілдік нормаларды сақтайды

- кейіпкердің іс-әрекетіне қатысты өз көзқарасын білдіреді

-өлеңнің мазмұнына сәйкес сурет салады

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Топпен жұмыс жасауда қауіпсіздік ережесін сақтау

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсатына жеттім бе?

Оқушылар не үйренді?

Ынтымақтастық атмосферасы орнады ма?

Оқушылар арасындағы дифференциациялау бойынша іс-әрекеттер ұтымды болды ма?

Жоспарланған уақытты ұстандым ба?

Жоспардан қандай шегіністер жасадым және неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу