4. Қазақ тілі 3-сынып 2-бөлім Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен_ 1-тоқсан жиынтық бағалауы_ Мұғалімге әдістемелік нұсқау
Мұғалімге әдістемелік нұсқау
Бөлім: «Жанды табиғат» және «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен»
Сабақ тақырыбы: Тоқсандық жиынтық бағалау (ТЖБ)
Сөйлеу әрекетінің түрлері: Тыңдалым және айтылым. Оқылым. Жазылым.
Сабақ мақсаттары
3.1.1.1 Тыңдаған материал бойынша тірек сөздерді белгілеу, ашық және жабық сұрақтарға жауап беру
3.1.3.1 Түрлі жағдаяттағы (қоғамдық ортада) қатысымдық әрекеттерде өз сөзін жүйелі түрде жоспарлап, сөйлеу мәдениетін сақтап, диалогке қатысу
3.2.1.1* Тірек сөздер, көмекші сөздер арқылы мәтін түрлерін (әңгімелеу, сипаттау, пайымдау) және оның құрылымдық бөліктерін анықтау
3.2.3.1 Мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру
3.2.4.1 Өз бетінше мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтау
3.3.7.1 Қаратпа, қыстырма сөздерді ажырату және тыныс белгілерін дұрыс қою
Бағалау критерийі
- Тыңдаған материал бойынша тірек сөздерді белгілеу, ашық және жабық сұрақтарға жауап беру
- Өз сөзін жүйелі түрде жоспарлап, сөйлеу мәдениетін сақтап, диалогке қатысу
- Тірек сөздер арқылы әңгімелеу мәтінін және оның құрылымдық бөліктерін анықтау
- Мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру
- Мәтіннің тақырыбын және негізгі ойды анықтау
- Қаратпа сөздерді ажырату және тыныс белгілерін дұрыс қою
Ресурстар: үлестірме материалдар, суреттер, мәтін құрылымының сызбасы
Қауіпсіздік және денсаулық сақтау
Сыныпта оқушылар ережелері еске түсіріледі. Белсенді оқыту әдістері қолданылады.
Сабаққа қатысты ескертпелер
Ұйымдастыру кезеңі. Жиынтық бағалаудың мақсаты, қандай оқу мақсаты тексерілетінін оқушыларға таныстырылады. ТЖБ-ды орындау уақыты, тапсырма саны мен түрін қысқаша таныстырылады. 1-тапсырмада «Тыңдалым және айтылым» бойынша
1.1 Тірек сөздерді белгілеу
1.2 Мәтін мазмұны бойынша сұрақтың жауабын жазу
1.3 Диалог құру (парталас оқушылар) беріледі.
2-тапсырмада «Оқылым» бойынша
2.1 Мәтіннің түрін анықтау.
2.2 Мәтінге ат қою.
2.3 Мәтіннің негізгі ойына сәйкес келетін мақалды белгілеу
3-тапсырма «Жазылым» бойынша
3.1 Мәтіннен қаратпа сөзі бар сөйлемдерді тауып, көшіріп жазу. Қаратпа сөздердің астын сызу.
3.2 Мәтіндегі тағы қай сөйлемді қаратпа сөзбен толықтыруға болады? Бір сөйлемді қаратпа сөзбен толықтырып жазу сұралады.
Оқушыларға түсінбеген тұстары бойынша сұрақ қоюға мүмкіндік беріледі. ТЖБ-ды орындау тәртіп ережесі еске түсіріледі.
- Ешкімнен көмек сұрамау.
- Тапсырмаларды өз бетінше орындау
- Қателескен жағдайда жай қарындашпен түзету.
ТЖБ-ды орындау кезеңі.
Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы
№ | Ортақ тақырып | Сөйлеу әрекетінің түрлері | Оқу мақсаты | Тапсырманың сипаттамасы | Тапсырма саны | Жалпы балл | |||||||||||||||||||
| Жанды табиғат Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен |
|
|
|
|
| |||||||||||||||||||
| 3 |
|
Балл қою кестесі
1-тапсырма бойынша
Тапсырма № | Жауап | Балл | Қосымша ақпарат | ||||||
1.1 | Тірек сөздер қатары асырау бауыр басу мәз болу есіне түсу суретін салу | 1 |
| ||||||
1.2 |
|
| Сұрақтың мазмұнына сәйкес баламалы, қысқа немесе толық жауаптар қабылданады. | ||||||
1.3 | Білім алушының ықтимал жауабы: - Нұрлыбектің қандай дұрыс әрекеттерін байқадың? - Кішкентай күшігіне қамқорлық жасайды. Күтіп бағады, оны ойнатады. ... - Ал Нұрлыбек саған ұнады ма? - Иә/жоқ, себебі... - Оның бұрыс әрекеті бар ма? - Жоқ. Білмедім... - Иә, оның тауықтарды қорғамағаны дұрыс болмады. - Неліктен олай ойлайсың? - Себебі Ақтөс тауықтардың мазасын алды. - Ал сен бұл туралы не дейсің?... |
|
| ||||||
Жалпы балл | 6 |
|
2-тапсырма бойынша
Тапсырма № | Жауап | Балл | Қосымша ақпарат | ||||
2.1 |
| 1 | |||||
2.2 | Көлеңке/ Зеректік/ Ақылды бала | 1 | Мәтіннің мазмұнына сәйкес болатын баламалы тақырыптар қабылданады. | ||||
2.3 | Асыл тастан – ақыл жастан | 1 | |||||
2.4 |
|
| |||||
Жалпы балл |
|
|
3-тапсырма
Тапсырма № | Жауап | Балл | Қосымша ақпарат
| ||||||||
3 |
|
|
| ||||||||
4 |
|
| |||||||||
Жалпы балл |
|
|
Пайдалыналған әдебиеттер:
1. Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар Қазақ тілі (оқыту қазақ тілінде) 3-сынып, Бағалау өлшемдері орталығы, 2018 ж.
2. Байтенова К.К., Оқушылардың коммуникативтік дағдыларын қалыптастыруда қолданылатын белсенді оқыту әдіс-тәсілдері, «НЗМ» ДББҰ, 2017.
«Жанды табиғат» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика
Білім алушының аты-жөні ____________________________________________
Бағалау критерийі | Тапсырма № |
|
|
| ||||
Тақырып пен сурет негізінде мәтіннің мазмұнын болжайды | 1 | Тақырып пен сурет бойынша мәтіннің мазмұнын болжам жасауға қиналады. | Тақырып пен сурет бойынша мәтіннің мазмұнын болжауда қателіктер жібереді. | Тақырып пен сурет бойынша мәтіннің мазмұнын болжайды | ||||
Тірек сөздер мен жоспарға сүйеніп, берілген тақырыпқа әңгімелеу мәтінін құрайды | 2, 3 | Жоспар құру, жоспар мен тірек сөздер бойынша әңгімелеу мәтінін құрауда қиналады. | Жоспар құру, жоспарға сәйкес әңгімелеу мәтінін құрауда/ сөйлемнің құрылымын сақтауда/ тірек сөздерді қолдануда қателіктер жібереді. | Жоспар құру, берілген жоспар мен тірек сөздер бойынша тақырыпқа сәйкес әңгімелеу мәтінін құрайды.
| ||||
Кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазады. | 1, 3 | Кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазуда қиналады. | Кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазуда кемшіліктер жібереді. | Кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазады. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?