3. Қазақ тілі_3-сынып_2-бөлім Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен_1-тоқсан жиынтық бағалауы_Дидактикалық материалдар
1-тоқсан
Сабақ тақырыбы: Тоқсандық жиынтық бағалау (ТЖБ)
Тыңдалым және айтылым
1-тапсырма. 3.1.1.1
1. Мәтінді мұқият тыңда. Сұрақтарға жауап бер. |
Нұрлыбек ұялас күшіктердің арасынан төсі аппақ күшікті таңдап асырады. Оған Ақтөс деп ат қойды. Бауырын жаңа көтерген күшік тәлтіректеп жүгіріп, тіпті шәуілдеп үретін. Нұрлыбектің күндегі ермегі осы күшік болды. Ол Нұрлыбекке әбден бауыр басып алып, қасынан бір елі қалмайтын. Есік алдындағы тауықтарды қуып, балаша ойнайтын еді. Нұрлыбек оған мәз болатын.
Сабақта апайы:
– Үйде жануардың суретін салып келіңдер, – деп тапсырма бергенде Нұрлыбектің есіне бірден күшігі түсті.
Үйге келе сала Нұрлыбек қолына қағаз-қарындашын алып, өз бөлмесіне кіріп кетті.
Сәлден соң:
– Әже, Ақтөстің суретін салдым! – деп жүгіріп шықты.
Әжесі иіріп отырған ұршығын қасына қойды да, суретке қызыға қарап:
– Шынында да, аумайды екен, – деді.
1.1 Мәтіндегі тірек сөздердің қатарын анықта
1.2 Нұрлыбек күшігінің қандай іс-әрекетіне мәз болады?
________________________________________________________________________________________________________________
1.3 Нұрлыбектің қандай дұрыс әрекеттерін байқадың? Оның бұрыс әрекеті бар ма? Жұпта жазбаша сөйлес.
Оқылым. 3.2.1.1; 3.2.4.1
2. Мәтінді оқы. Тапсырмаларды орында.
Шыжыған ыстық. Болжан, анасы мен әжесі үшеуі автобус аялдамасына терлеп-тепшіп әрең жетті. Көп күттірмей, автобус та келе қалды. Оң жақтағы орындарға күн сәулесі түсіп тұр екен. Болжан сол күн жақтағы орындардың біріне отырды. Әжесі мен анасы көлеңке бетке жайғасты.
Анасы:
– Мұнда кел! Көлеңкеге отырмайсың ба? Үйіміз алыс, екі сағаттық жер, – деді.
– Әже-апа, сіздер келіңіздер! Автобус қаладан шыққан соң, солға бұрылады. Сонда осы бетке күн түспейді.
– Жұрттың бәрі күн жаққа отырыпты. Көшіп отырайық, келін, – деді әжесі. Сөйтіп, екеуі Болжанның қасына ауысып отырды. Автобус та орнынан қозғалып жүріп кетті.
Расында, көп ұзамай қаладан шыққан соң автобус солға бұрылды. Енді көлеңке Болжандар отырған жаққа түсті. Автобус жарты жолға жеткенде әжесі:
– Ақылыңнан айналайын, қоңыр қозым! Көлеңкеде отырғанымыз – сенің арқаң ғой! – деп немересіне риза болды.
Болжанның көңілі жадырап сала берді.
Машқар Гумеров.
2.1 Мәтіннің түрін анықта.
__________________________________________________
2.2 Мәтінге ат қой.
________________________________________________________
2.3 Мәтіннің негізгі ойына сәйкес келетін мақалды белгіле ().
2.4 Мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған 1 сұрақ құрастыр және жауап жаз
____________________________________________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________________________________________
Жазылым. 3.3.7.1
3.1 Мәтіннен қаратпа сөзі бар сөйлемдерді тауып, көшіріп жаз. Қаратпа сөздердің астын сыз.
_____________________________________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________________________________________
3.2 Мәтіндегі тағы қай сөйлемді қаратпа сөзбен толықтыруға болады? Бір сөйлемді қаратпа сөзбен толықтырып жаз.
__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?