Өнер-білім бар жұрттар. Әдебиеттік оқу, 3 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Пән: Әдебиеттік оқу Бөлім: Өнер Сынып: 3 | Мектеп: Астана қаласы, № 68 жалпы білім беретін орта мектеп Мұғалімнің аты-жөні: Махамбетова С.А Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |||||
Сабақ тақырыбы | «Өнер-білім бар жұрттар» Ы. Алтынсарин | |||||
Оқу мақсаттары | 3.1.5.1 өз ойы мен сезімін көркем-бейнелі сөздерді қолдана отырып жеткізу 3.3.2.1 шығарма кейіпкеріне хат/ ертегі (кейіпкер қосу, соңын өзгерту...)/ өлең (төрт жолды)/ әңгіме (оқығаны, көргені бойынша) жазу 3.3.4.1 мұғалімнің көмегімен шығарманың құрылымын, стилін жетілдіру, өз бетінше орфографиялық, пунктуациялық қателерді табу және түзету | |||||
Сабақ мақсаттары | Барлық оқушылар: Өз ойын көркем-бейнелі сөздермен жеткізеді Көпшілік оқушылар: Өлеңді пайдаланып, жұмбақ айтыс құрастырады Кейбір оқушылар: Орфографиялық, пунктуациялық қателерді табады және түзетеді | |||||
Бағалау критерийлері |
| |||||
Тірек сөздер | Өнер, білім,айтыс өнері | |||||
Құндылықтарды дарыту | Топтық,жұптық жұмыстарды орындау барысында ынтымақтастық орта қалыптастыру. Өмір бойы білім алу, ашықтық құндылықтарды насихаттау. | |||||
Пәнаралық байланыстар | Сөйлемнің тыныс белгілері, сөздердің дұрыс жазылуы, сөйлемдегі сөздердің байланысы арқылы қазақ тілі пәнімен байланыс жасалады. | |||||
АКТ қолдану дағдылары | Интербелсенді тақта,үнтаспа | |||||
Алдыңғы білімді игеру | Өлеңді мәнерлеп оқиды, сұрақтар құрастыра алады, сөздердің дұрыс жазылуын біледі. | |||||
Сабақ барысы | ||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||
Сабақтың басы 1-7 минут | Топтарға бөлу:Түстерді таңдау арқылы топтарға бөліну Ширату тапсырмасы: «Еден-төбе-мұрын» ойыны Ойынның шарты: Жүргізуші сұқ саусағымен біресе төбені, біресе еденді, біресе мұрнын көрсетеді және “төбе”, “еден”, “мұрын” деп айтып тұрады. Жүргізуші кейде айтқан сөзі мен қимылын керісінше жасап, қатысушыларды жаңылыстыруға тырысады. Кім қателессе, орнына отырады. Соңында қалған үш адам жеңімпаз деп танылады. Тақырыпқа болжам жасау
| Қосымша 1 Слайд №1-4 https://www.google.kz/search?rlz=1C1DVJR_ruKZ800KZ800&tb Қосымша 2 | ||||
Сабақтың орт 8-15 минут 16-21 минут
22-30 минут 31-36 минут | Ой қозғау -Ыбырай Алтынсарин кім? -Ол туралы не білесің? 1-тапсырма (Ө) Ы.Алтынсариннің «Өнер-білім бар жұрттар» өлеңін оқушыларға оқуды тапсыру. Барлық оқушы өлеңді оқып болғаннан кейін, оқу тілін зерделеуге жұмыс жүргізіледі. Мысалы, түсініксіз сөздер түсіндіріледі. Саралау: Қабілеті төмен оқушыларға өлеңді оқуға қосымша уақыт беруге болады. ҚБ «Жұлдызша» Жақсы жұмыс жасаған топқа жұлдызшалар тарату 2-тапсырма Сұраққа жауап (ЖЖ) «Қағаздағы сұрақтар» Әрқайсысы қағаз қиындысына өзі білгісі келген немесе өзі жауап бергісі келген сұрақтарды жазып, қалташаға салады. Араластырылған сұрақтар еркін түрде қатысушыларға таратылып беріледі. Әркім өзіне түскен сұрақтарға жауап береді -Ы.Алтынсарин кімдерге бата берді?
3-тапсырма (Ө) «Поэзия минуты» әдісі арқылы өлеңді пайдаланып, жұмбақ айтыс ұйымдастыру Аты жоқ құр арбаны Мың шақырым жерлерге Күн жарымда барғызған. Ол не? Аты жоқ құр арбаны Мың шақырым жерлерге Күн жарымда барғызған- Пойыздар ғой зырлаған Саралау. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтижелер күтіледі. Кейбір оқушыларға өлеңді мәнерлеп оқуда екпіннің дұрыс қойылуын, дауыс ырғағын көрсету қажет болады. Дайындалуға қосымша уақыт беріледі. ҚБ «Қол шапалақтау» 4-тапсырма (дәптермен жұмыс) (Ө; Ж) «Еркін жазу» әдісі «Өнер-жігіт көркі» тақырыбына өз ойларын жазады. Жұмысты жеке жазуға уақыт беріледі. Жұпта талқылайды, бір – бірінің жұмысын талдайды. «Ыстық орындық» әдісі арқылы топ алдында өз жұмысын оқиды. Саралау. Тапсырма бойынша саралау жүргізіледі, әртүрлі нәтиже күтіледі. Кейбір оқушылар сөз тіркестерін жазуы мүмкін. Қабілеті төмен оқушыларға сөздер мен сөз тіркестері ұсынылады. ҚБ «Бір-бірін бағалау» Оқушылар бір-бірінің жұмысын бағалайды. Өз жұмысында нені жақсарту керектігін анықтайды. | Қосымша 3 Слайд №5 Слайд №6 | ||||
Сабақтың соңы 37-40 минут | «Кемпірқосақ» Тақтадағы кемпірқосақ суретіне өз есімдері жазылған стикерлерді желімдейді. Олар ең төмендегі күлгін түстен жоғары орналасқан қызыл түске стикерлерді желімдеу арқылы өздерінің сабақтағы түсінік (немесе көңіл-күй) деңгейін білдіреді. | Қосымша 4 Слайд №7 https://www.google.kz/search?q=картинки+радуга+для+детей стикер | ||||
Саралау 1-тапсырмада Тапсырма арқылы саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Қабілеті төмен оқушылар өлеңді оқуға қосымша уақыт беруге болады. 2-тапсырмада Сұраққа жауап беруде, кейбір оқушыларға мұғалім қолдау көрсетеді. 3-тапсырмада Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтижелер күтіледі. Кейбір оқушыларға өлеңді мәнерлеп оқуда екпіннің дұрыс қойылуын, дауыс ырғағын көрсету қажет болады. Дайындалуға қосымша уақыт беріледі. 4-тапсырмада Тапсырма бойынша саралау жүргізіледі, әртүрлі нәтиже күтіледі. Кейбір оқушылар сөз тіркестерін жазуы мүмкін. Қабілеті төмен оқушыларға сөздер мен сөз тіркестері ұсынылады. | Бағалау «Жұлдызша» әдісі «Жарайсыңдар!», «Өте жақсы»,«Керемет!» өздерімен мадақтау арқылы бағалау «Қол шапалақтау» әдісі «Бір-бірін бағалау»әдісі Дескриптор -сөйлеу барысында көркем сөздерді орынды қолданады; -берілген сөздердің мағынасын түсіндіреді; -сұрақтардың негізінде ой бөліседі; -өлеңді пайдаланып, жұмбақ айтыс құрастырады -орфографиялық, пунктуациялық қателерді табады және түзетеді | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы Топпен жұмыс жасауда қауіпсіздік ережесін сақтау | ||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсатына жеттім бе? Оқушылар не үйренді? Ынтымақтастық атмосферасы орнады ма? Оқушылар арасындағы дифференциациялау бойынша іс-әрекеттер ұтымды болды ма? Жоспарланған уақытты ұстандым ба? Жоспардан қандай шегіністер жасадым және неліктен? | ||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?