4. Қазақ тілі 3-сынып 2-бөлім Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен_ Өткенді пысықтау БЖБ_ Мұғалімге әдістемелік нұсқау
Мұғалімге әдістемелік нұсқау
Бөлім: 2. Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен
Сабақ тақырыбы: Өткенді пысықтау. «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау. (БЖБ)
Сөйлеу әрекетінің түрлері: О0ылым. Жазылым.
Сабақ мақсаттары
3.2.4.1 өз бетінше мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтау
3.2.3.1 мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру
3.3.1.1 жоспар/сызбаны қолдана отырып, тірек сөздер арқылы әңгімелеу мәтінін, салыстыра сипаттау мәтінін; көмекші сөздер арқылы пайымдау мәтінін құрастырып жазу
Бағалау критерийі
- - Мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтау;
- Мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру
- Жоспар мен көмекші сөздер арқылы пайымдау мәтінін құрастырып жазу
Ресурстар: үлестірме материалдар, суреттер, мәтін құрылымының сызбасы
Қауіпсіздік және денсаулық сақтау
Сыныпта оқушылар ережелері еске түсіріледі. Белсенді оқыту әдістері қолданылады.
Сабаққа қатысты ескертпелер
«Ойлан, жұптас, талқыла» әдісі бойынша бөлім бойынша өткен негізгі дағдыларды пысықтау ұйымдастырылады. Ол үшін сурет бойынша жұмыс жүргізіледі. Бұл оқушылардың пікір білдіруге бағытталған сұрақ қою дағдыларын жаңа жағдайда көрсетуге мүмкіндік береді. Әр оқушы өз бетінше сұрақ құрастырады. Жұпта сұрақтарды өзара талқылып, жетілдіреді.
Сынып оұушылары топта сурет мазмұныны талқылап, төмендегі сұрөқтарға жауап беруі талап етіледі.
- Бұл суретке қандай тақырып қоюға болады?
- Суретші осы сурет арқылы бізге не айтқысы келді деп ойлайсыңдар?
- Суреттегі оқиғадан қандай өнеге алуға болады?
«Ішкі және сыртқы шеңбер» (Карусель) әдісі бойынша қаратпа сөзді қолдану дағдысы пысықталады. Сыныпта 1-нұсқада отырған оқушылар ішкі шеңберді, 2-нұсқада отырған оқушылар сыртқы шеңберді құрайды. Өзара бір біріне қарама-қарсы орналасады. Белгі бойынша бір-біріне құратсырған сұрақтарын қояды. Оқушылар өзара бір-бірінің жауабын бағалайды. Келесі белгі берілгенде сыртқы шеңбер оқушылары сағат тілімен 1 қадам жылжып тұрады. Осылай оқушылардың жұптары алмасады да, оқушылар бір-біріне сұрақтарын қоюды жалғастырады. Жаттығу бірнеше рет осылай жалғасады. Оқушылар сұраққа кімдер дұрыс жауап бергенін атайды. Мұғалім оқушылардың айтқан сөйлемдерін бақылайды, қолдау көрсетеді.
Мұғалім бұл тақырыптарды неліктен қайталанғаны туралы ой қозғайды. Сабақ тақырыбы мен оқу мақсатын, бағалау критерийін таныстырады.
Оқушылар бөлім бойынша жиынтық бағалауды өз бетінше орындайды.
Ойлау дағдыларының деңгейі: қолдану
Орындау уақыты: 20 минут. БЖБ-ды орындау тәртібі таныстырылады.
1-тапсырма .Мәтінді оқы. Тапсырмаларды орында.
Арман мектептен келісімен, атасына бақылау жұмысынан алған бағасын көрсетті.
– Бәрекелді, балам, жарайсың, – деді атасы маңдайынан иіскеп.
– Есеп білгенің жақсы.
– Ата, біз қазір жүздіктерге байланысты есептерді шығарып жатырмыз. Бірақ мен мыңдық сандарды да шемішкедей шағамын – деді Арман.
– Балам-ай, аздап асырыңқырып жіберген жоқсың ба, – деді атасы.
– Жоқ, шығарамын –деді. Бірақ атасы айтқан есепті қате шешті.
– Мұныңыз жаңылтпаш сияқты қиын есеп екен, – деп ұялғаннан қызарып кетті.
–Армантай, неге бұртиып қалдың? – деді сұраулы жүзбен атасы.
– Ата, мақтаншақтық жаман, ә, – деді ол бір түрлі жабырқаңқы пішінмен.
–Әрине, жаман.
–Одан құтылуға бола ма?
–Неге болмасын, ол үшін өзіңді ұстамдылыққа үйрет. Төзімді бол. Бостан-босқа асып-таспа. Мақтаншақтыққа қарсы күрес.
Сонымен Арман екі білегін сыбанып «күреске» шықты. Әрбір сөзін таразылап, өлшеп-пішіп сөйледі. Өзін-өзі тежеді. Асып-таспай байқап сөйледі.
Атасы: «Менің Армантайым нағыз ер, сөзіне берік», – деп мақтады.
Ол бірақ бұған мақтанбады.
Дәулет Қасенов
•Мәтінге қандай тақырып қояр едің? Белгіле ()
А. Қиын есеп.
Б. Мақтаншақтықты жеңген бала
С. Атасы мен немересі
•Арманның бойындағы қандай қасиетін өзіңе үлгі тұтар едің? Неліктен?_________________________________________________________________________________________________________________________________________________
•Мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған 1 сұрақ
құрастырып жаз_______________________________________________________________________________________________________________________________________
2-тапсырма
Оқыған мәтіннен қандай ой түйдің? Көмекші сөздерді пайдаланып, шағын паймдау мәтін ін жаз. |
Көмекші сөздер: менің ойымша, себебі, сондықтан.
(Ө) Жазылымнан кейінгі тапсырма.
Жазған жұмысыңды оқып, тексер.
- Сөйлемдер түсінікті құрастырылған ба?
- мәтіндегі сөйлемдердің өзара мағыналық байланысы сақталған ба?
- Сөйлемнің емлесі сақталған ба?
-Оқушылардың өзіндік рефлексиясын ұйымдастыру.
| Тапсырма |
| Балл | |||||||||
Мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтайды Мәтін бойынша пікір білдіруге арналған сұрақтарға жауап береді | 1 |
|
| |||||||||
Көмекші сөздер арқылы пайымдау мәтінін жазады | 2 |
|
| |||||||||
Барлығы | 8 |
Оқушылардың әр тапсырманы орындауы тексеріледі. Дескрипторға сәйкес ұпай беріледі.
Пайдалыналған әдебиеттер:
1. Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар Қазақ тілі (оқыту қазақ тілінде) 3-сынып, Бағалау өлшемдері орталығы, 2018 ж.
2. Байтенова К.К., Оқушылардың коммуникативтік дағдыларын қалыптастыруда қолданылатын белсенді оқыту әдіс-тәсілдері, «НЗМ» ДББҰ, 2017.
«Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика
Білім алушының аты-жөні ____________________________________________
Бағалау критерийі | Тапсырма № |
|
|
| ||||
Мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтайды | 1 | Мәтінге тақырып қою және өзіндік қорытынды жасап негіздеуге қиналады. | Мәтінге тақырып қояды және өзіндік қорытынды жасап негіздеуде ойын толық жеткізуге қиналады. | Мәтінге тақырып қояды және өзіндік қорытынды жасап негіздейді | ||||
Мәтін бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырады | 1 | Мәтін бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыруда қиналады. | Мәтін бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыруда кемшіліктер жібереді. | Мәтін бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырады.
| ||||
| 2 | Мәтіннің мазмұнына сүйеніп, пайымдау мәтінін жазуда қиналады. | Мәтіннің негізгі ойына сәйкес қорытынды жасауда/ сөйлемдердің мағыналық байланысын/ сөйлемнің құрылымын сақтауда қателіктер жібереді.. | Көмекші сөздерге сүйеніп, оқыған мәтін бойынша пайымдау мәтінін жазады. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?