Асқақтаған кірпіштер. Әдебиеттік оқу, 3 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Пән: Әдебиеттік оқу Бөлім: Сәулет өнері Күні: Сынып: 3 | Мектеп: Қарағанды облысы, Балқаш қаласы Мұғалімнің аты-жөні: Аханова А.К. Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||||||||||||||
Сабақ тақырыбы | 3.2 Шығарманың түрлі жанры бойынша шығармашылық жұмыс жазу Асқақтаған кірпіштер | ||||||||||||||
Оқу мақсаты | 3.2.6.1 кейіпкерлердің портретін сипаттау, оның іс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен тауып, бағалау 3.3.2.1* шығарма кейіпкеріне хат, ертегі (кейіпкер қосу, соңын өзгерту...), өлең (төрт жолды), әңгіме (оқығаны, көргені бойынша) жазу | ||||||||||||||
Сабақ мақсаты | Барлық оқушылар: мәтінді түсініп оқиды, мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді, кейіпкерге мінездеме береді. Көптеген оқушылар: мәтінді түсініп оқиды, мәтіннен алған үзінді арқылы кейіпкерлерге баға береді, ертегінің желісін өзгертеді. Кейбір оқушылар: кейіпкердің іс- әрекетіне баға беріп, өз пікірін білдіреді, оқиғаға тағы басқа кейіпкер қосып, мәтінді жалғастырып жазады. | ||||||||||||||
Бағалау критерийлері |
| ||||||||||||||
Тірек сөздер | Даурыға, кірпіштер, жоғарыда, төменде, күш біріктіру, шағым, қақ бөліну. | ||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Топтық, жұптық жұмыс жасату арқылы оқушылар ортасында ынтымақтастықты қалыптастыру, жеке тұлға бойында «Қазақстандық патриотизм мен азаматтық жауапкершілікті» сіңіру. | ||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Ертегі желін өзгертіп, әңгіме жазуда сөйлемдерді дұрыс құрастырады, сөйлемдегі сөздердің байланысын сақтау кезінде қазақ тілі пәнімен байланыс жасалады. | ||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Интербелсенді тақта | ||||||||||||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Сұрақтарға жауап береді, мәтін мазмұнына сәйкес сұрақтар қояды. | ||||||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||||||||
Сабақтың басы 1-5 минут | Ширату тапсырмасы (Ұ) «Идея жинау» Оқушыларға кірпіштің суреттері таратылады. Бос орынға олар сұрақтарға жауап жазады.
-Бағалау критерийлерімен таныстыру. | Слайд №1-4. Қосымша №1 | |||||||||||||
Сабақтың ортасы 6-15 минут 16-21 минут 22-23 минут 24-25 минут 26-31 минут 32-36 минут | 1-тапсырма Балтабай Әділов «Асқақтаған кірпіштер» әңгімесімен таныстыру: Мәтінді оқуға уақыт беру. Оқудың алдында оқушыларға оқылымның критерийлерімен таныстыру:
Саралау: Қабілеті төмен оқушылар мәтін бөлігін оқып шығады. Оқу барысында олардың қабілетін ескеру қажет. Бағалау: рөлге бөліп оқуда дауыс ырғағын келтіре оқыған оқушыны мадақтау, ризашылық белгісін беру. 2- тапсырма (ТЖ) «Ашық микрофон» ойыны. Әр топтан 1 тілші болады. Төмендегі сұрақтарды топ мүшелеріне қойып талқылайды.
Саралау: Қабілеті төмен оқушылардың тапсырманы орындау барысында өздерінің пікірін қосуына, ал қабілетті оқушылардың басқалардың табысқа жетуіне ықпал етуіне көмектесу. Бағалау: Ұтымды жауаптарға тілші ризашылық белгісін береді. Яғни оқушылар бірін- бірі бағалайды. 3- тапсырма «Сәйкестендір» Мәтіннен берілген үзіндіні қай кейіпкердің іс- әрекетіне қатысты екенін анықтап, сәйкестендір.
Саралау: Қабілеті төмен оқушыларға қабілетті оқушылар көмектеседі. Бағалау: Кейіпкердің іс- әрекетін анықтап, сәйкестендіреді. Оқушылар бірін- бірі «Жетістік баспалдағы» арқылы бағалайды. Сергіту сәті Қолдарыңды көтеріңдер – бір дейік. Көп отырып, қатты шаршап жүрмейік. Қолды создық, басты бұрдық – екі деп, Қозғалыспен әрбір адам жетіледі. Алға, артқа қарадық та – үш дедік. Тағы жаңа жаттығулар істедік. Түсірейік қолды төрт пен бесті айтып, Отырайық көңілді енді марқайтып. 4- тапсырма (Ө) Кейіпкерлердің іс- әрекетін салыстыра отырып, кестені толтыр.
Саралау: Қабілеті төмен оқушылар кейіпкердің мінез-құлқын анықтауда қарапайым бір- екі мысал жазады. Ал, қабілетті оқушылар іс- әрекеттеріне баға беріп, кейіпкердің мәнез- құлқын сипаттайды. (ҚБ) дескриптор:
5- тапсырма Әрі қарай не болады деп ойлайсың? Оқиғаға тағы басқа кейіпкер қосып, мәтінді жалғастырып жаз.
Саралау: Тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтижелер күтіледі. (ҚБ) Дескриптор:
| Слайд №5 Қосымша №2
Слайд №6 Қосымша №3 Қосымша №4 дәптер | |||||||||||||
Сабақтың соңы 37-40 минут | Рефлексиялық шеңбер» Оқушылар шеңберге тұрып, төмендегі сұрақтарға жауап береді.
Сабақ аяқталғанда көңіл-күйіңіз қандай? Неліктен? | Стикерлер | |||||||||||||
Саралау Төмендегі саралау тапсырмаларын сынып оқушыларының қажеттілігіне қарай мұғалім өз өзертіп отыруы қажет. | Бағалау | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||||||||
2,5- тапсырмада «Нәтиже арқылы саралау» негізінде жүргізіледі. Қабілеті төмен оқушылардың тапсырманы орындау барысында өздерінің пікірін қосуына, ал қабілетті оқушылардың басқалардың табысқа жетуіне ықпал етуіне көмектесу. 5- тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтижелер күтіледі. 1,3- тапсырмада «Тапсырма бойынша саралау» негізінде жүргізіледі. Қабілеті төмен оқушылар кейіпкердің мінез-құлқын анықтауда қарапайым бір- екі мысал жазады. Ал, қабілетті оқушылар іс- әрекеттеріне баға беріп, кейіпкердің мінез- құлқын сипаттайды. | Оқушыларды ынталандыру мақсатында ризашылық белгісін беру. Дескриптор:
| Сегіту сәті: Қимылды мұғалімнің нұсқауы бойынша жасайды. | |||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия | |||||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы даойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?