Қазақ тілі және әдебиеті_ 3 сынып _1-бөлім Жанды табиғат Өмір кезеңдерінің тілін зерттеу_ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР


Пән: қазақ тілі

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 1-бөлім: «Жанды табиғат»

Сынып: 3

Мектеп: НЗМ Көкшетау қаласы

Мұғалімнің аты-жөні:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Өмір кезеңдерінің тілін зерттеу

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.1.2.1 мәтіннің тақырыбы мен берілген суреттер/фото/диаграмма бойынша мәтіннің мазмұнын болжау

3.1.1.1 тыңдаған материал бойынша тірек сөздерді белгілеу, ашық және жабық сұрақтарға жауап беру

3.1.3.1 түрлі жағдаяттағы (қоғамдық ортада) қатысымдық әрекеттерде өз сөзін жүйелі түрде жоспарлап, сөйлеу мәдениетін сақтап диалогке қатысу

Сабақ мақсаттары

Берілген тірек сөздер мен фото суреттер бойынша мәтіннің мазмұнын болжау.

Өз сөзін жүйелі түрде жоспарлап, диалогке қатысу.

Берілген материал бойынша тірек сөздерді белгілеу.

Бағалау критерийлері

  • Тірек сөздер мен суреттер арқылы мәтінді мазмұндайды;
  • Өз сөзін жүйелі түрде жоспарлап, диалогке қатысады.
  • Берілген материал бойынша тірек сөздерді белгілейді.

Тілдік мақсаттар

Жұмыртқа, жұлдызқұрт, қуыршақ, көбелек және оның түрлері, өмір кезеңдері, т.б.

Өз ойын толық жеткізеді, сөйлемдегі сөздердің құрылымын сақтайды.

Құндылықтарды дарыту/әлем азаматы/көпмәдениеттілік

/интернационализм

Еңбек және шығармашылық, өмір бойы білім алу құндылықтарын дарыту. Оқушыларды топта жұмыс істеу барысында бір-бірін құрметтеуге, өзгенін пікірін сыйлауға тәрбиелеу. Әлем азаматын қалыптастыру.

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану, әдебиет, ғылымға кіріспе.

Бастапқы білім

Өмір кезеңдері жайлы ақпараттық мәтіннен оқу

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин

2 мин

Ұйымдастыру кезеңі.(Ұ) Шаттық шеңбері

«Мен саған ... тілеймін!»

Мақсаты:жағымды көңіл-күй орнату.

Оқушылар шеңбер құрып тұрады. Алақандарын ашып, оң қолын жанындағы сыныптасының сол қолының үстіне қояды да «Мен... деп келесі оқушының қолын соғады. Келесі оқушы осы сөйлемді әрі қарай жалғасытруы керек. Ескеру: соңғы оқушы тілекші мәнді білдіретін сөздерді қолдану керек. Мысалы: тілеймін, тілекшімін, т.б.

Шаттық шеңбері аяқталған соң мұғалім оқушыларға үш түрлі көбелек суреттерін таратып береді де, топқа бөлінулерін сұрайды.

/Оқушылар үш түрлі көбелектің суреттері бойынша топқа бөлінеді/.

-Сіздер қандай топтарға бөліндіңіздер?

- суреттерге қарай отырып, нені білгілеріңіз келеді?

- ендеше, бүгінгі сабағымыз не туралы болмақ?

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру.

Бағалау критерийлерін шығару.

сызба, суреттер, карточка, флипчат, маркер, қораптар, көбелектер

Орта

3 мин

5 мин

4 мин

7 мин

3 мин

1 мин

3 мин

2 мин

(МК,Ұ, Ө, Т) Бейне жазба көру.

Мақсаты: оқушылардың тыңдалым дағдылары мен сыни ойлауын дамыту.

Мұғалім:

  • Мен сіздерге көбелектің өмір кезеңі туралы шағын бейнефильм көруге ұсынамын. Бұл фильмді көру барысында сіздер көбелектің өмірі қандай кезеңдерінен тұратынын, әр кезеңнің атауын, сол кезеңде атқарылатын іс-әрекетін, сөйлемдердің байланысына назар аударғандарыңыз жөн болар. Өйткені, кейін сіздер бұл көрген бейнефильм бойынша тапсырмаларды орындайсыздар. (оқушылар бейнефильм көреді)
  • Топпен тапсырманы орындамас бұрын топтық жұмыстың ережелерін қайталап алайық.

(Оқушылар топ ережелерін атайды)

Топтық жұмыстың ережесі

  • Бір-бірінің ойын тыңдау;
  • Тыныштық сақтау;
  • Бірігіп жұмыс жасау;
  • Берілген уақыттан тыс шықпау;

Бағалау критерийлері:

Мұғалім әр топтың атқаратын жұмысын түсіндіреді. Топтық жұмысты қорғау үшін алдын ала спикер тағайындап алулары керектігін айтады. Кейін өзара бағалау үшін сыныппен бірге жетістік критерийлерін құрастырады.

  • Көбелектің өмір кезеңін дұрыс айта алды.
  • Сөйлемдерді тірек сөздер арқылы жүйелі байланыстыра алды.
  • Сөздердегі әріптерді қатесіз жаза алды.
  • Тыңдаушыларды қызықтыру үшін көркем сөздерді қолдана алды.
  • Берілген уақытта топ жұмысын қорғай алды.

(Т) Мәтінмен жұмыс.

Мақсаты: берілген тірек сөздер мен суреттер арқылы және мәтінді толықтыру арқылы көбелектік өмір кезеңі туралы ақпарат алу, мазмұнда, диалогке қатысу.

1-топқа сызба беріледі. Топ мүшелері сызбаға көбелектің өмір кезеңін білдіретін сөздерді ретімен орналастырады. Сөздерге тиісті әріпті қояды. Таныстыру барысында уақытты білдіретін сөздерді (алдымен, кейін, содан кейін, соңында) қолданып айтуы тиіс.

Ж ... м...ртқ..., ж...лд...зқ...рт, ...уы...ш...қ, ...ө...е...е....

2-топқа суреттер беріледі. Топ мүшелері берілген суреттерді пайдаланып, көбелектің өмір кезеңін туралы баяндайтын сөйлемдерді суретпен байланыстырады. Сөйлемдегі сөздердің әріптерін толықтырып жазады. Таныстыру барысында уақытты білдіретін сөздерді (алдымен, кейін, содан кейін, соңында) қолданып айтуы тиіс.

Сөйлемдер: Ж...м...ртқ...дан ж...лд...зқ...рт пайда болады. Ж...лд...зқ...рт жапырақтармен көбірек қоректенеді. Ағаштың бұтағына жабысады. Ауызынан жіп шығарып, ...уы..ш...ққа оранады. ...уы...ш...қтан ...ө....е....е.... шығады.

3-топқа мәтін беріледі. Топ мүшелері мәтіндегі сөздердге тиісті әріптерді қойып, мәтінді оқиды. Мәтінде көбелектің өмір кезеңін ретін білдіретін тірек сөздерді жазады.

 Мәтін

 ....ө...е...е...тер – олар өте жеңіл және әдемі ғажайып жаратылыс. Бірақ олар өте нәзік. ....ө...е...е...терді көргенде бірден жаз мезгілі, ыстық күн, гүлдер елестейді.

 ____________ ж...м…ртқ…лардан ж...лд...зқ...рттар пайда болады. Құрттар ауызбен дем ала алмайды,олар ішіндегі тесіктер арқылы дем алады.

 ________ ж...лд...зқ...рттар ...ө...е...е...ке айналар кезде ағаштың бұтағына немесе жапыраққа жабысып, төмен қарай салбырап тұрады екен. __________ олар өз аузынан жіңішке жіптерді шығарып, өзін ...уы...ш...ққа ұқсатып орай бастайды.

 __________ ...уы...ш...қтың ішіндегі құрттар көбелекке айналады. ....уы..ш...қ- үйшіктерін тастап ...ө...е...е...тер ұшады.

 ...ө...е...е...тер құрт болып туылса да, тек ұшу үшін жаралған жәндік.

 

 Әр топ ортаға шығып, өз жұмыстарын қорғайды. Қорғау барысында қалған екі топ мұқият тыңдап, әр топ мүшесі алдында жатқан бағалау кестесін толтырып, қабырғадағы топтың көбелегіне әр топ мүшесі гүлді стикерін жабыстырады. Егер барлық жетістік критерийін орындаса- қызғылт түсті гүл, егер қателіктер болса- сары түсті гүл жабыстырады.

 

Бағалау критерийлері

___ топ +/-

___ топ +/-

Көбелектің өмір кезеңін дұрыс айта алды.

Сөйлемдерді тірек сөздер арқылы жүйелі байланыстыра алды.

Сөздердегі әріптерді қатесіз жаза алды.

Тыңдаушыларды қызықтыру үшін көркем сөздерді қолдана алды.

Берілген уақытта топ жұмысын қорғай алды.

 Мұғалім бірнеше баладан топтарды қалай бағалағаны жайлы сұрайды.

  • Сіз мына топқа қандай гүл жабыстырдыңыз? Неліктен?
  • Берілген тірек сөздердің орнына басқа қандай сөздерді қолдануға болады?
  • Барлық топтар сөздерді қатесіз жазды ма?
  • Тексеріп көрейік. (интерактивті тақтада 3-топтың мәтіні көрсетіледі. Мәтінде тірек сөздер мен сөздердегі әріптер басқа түспен беріледі. Оқушылар жазған сөздерін қайта тексереді)

слайд

«Жетісік жолы»

Мәтін тексті жазылған қима қағаздар

Сөздік жазылған А4 форматындағы қағаз, слайд

Тест тапсырмасы

Слайд

А3 форматындағы ақ қағаздар

Сабақтың соңы

5 мин

«СМС хабарлама» әдісімен кері байланысБүгін мен сабақта ...

Мен үшін .... қиын болды

Келесі сабақта .... болғанын қалаймын.

Үй тапсырмасы: кез-келген тірі табиғатты ала отырып, оның өмір кезеңін сипаттау, мәлімет іздену.

Стикерлер

«СМС хабарлама»

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Деңгейі жоғары оқушыларға қойылым дайындауға беріледі

Өзара бағалау және мұғалімнің бақылауы арқылы бағаланады

Сергіту сәті



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу