1.Қазақ тілі_3 сынып_1-бөлім_Жанды табиғат_Өмір кезеңдерінің тілін зерттеу_ҚМЖ


Қысқа мерзімді жоспар

Пән:Қазақ тілі мен әдебиеті

Тыңдалым және айтылым:

Бөлім: Жанды табиғат

Сабақ тақырыбы

Өмір кезеңдерінің тілін зерттеу

Мектеп: Көкшетау қ. физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Мұғалімнің аты-жөні: Калилаева А.А.

Күні: 13.09.16

Сынып: 3 «В»

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

3.1.2.1 мәтіннің тақырыбы мен берілген суреттер/фото/диаграмма бойынша мәтіннің мазмұнын болжау

3.1.1.1 тыңдаған материал бойынша тірек сөздерді белгілеу, ашық және жабық сұрақтарға жауап беру

3.3.6.1 кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

  • жетекші сұрақтар көмегімен сурет бойынша мәтін мазмұнын болжайды;
  • тыңдаған мәтін бойынша тірек сөздерді белгілей біледі, мәтін мазмұны бойынша жабық сұрақтарға жауап береді;
  • кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі үлгі негізінде жазады

Оқушылардың көбі:

  • тақырып пен сурет бойынша мәтін мазмұнын болжайды;
  • тыңдаған материал бойынша тірек сөздерді белгілейді, мәтін мазмұны бойынша ашық және жабық сұрақтарға жауап береді;
  • кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі орта темппен жазады

Оқушылардың кейбірі:

  • сурет бойынша жасаған болжамын негіздей алады;
  • тірек сөздерді өз бетінше табады, мәтін мазмұны бойынша ашық және жабық сұрақтар құрастырады және нақты тұжырыммен жауап береді;
  • кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі шапшаң жазады

Бағалау критерийлері

  • берілген тақырып пен суреттің негізінде мәтіннің мазмұнын болжайды;
  • тыңдаған материал бойынша тірек сөздерді белгілеп, ашық және жабық сұрақтарға жауап береді;
  • кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазады

 Тілдік мақсаттар

Пәндік сөздер

Мәтін түрлері, ғылыми-танымдық мәтін, ашық сұрақ, жабық сұрақ.

Сабақта диалог /жазу үшін пайдаланылатын тіл:

Талқылау үшін сұрақтар:

Мұндай болжам жасауыңа не негіз болды?

Қасқырдың бөлтірігінің атаулары туралы қандай ойдасың?

Құндылықтарды дарыту

Жануарларға қамқор болуға баулу;

Оқушыларды жанашырлыққа, қамқорлыққа тәрбиелеу

Пәнаралық байланыстар

Жаратылыстану.

Алдыңғы меңгерілген білім

Мәтін түрлерін сұрақтардың көмегімен анықтай алады. Мәтіннің құрылымдық бөліктерін ажырата алады.

Көркем мәтін мен ғылыми-танымдық мәтіндерді ажырата алады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

6 мин

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Сабақтың тақырыбы мен мақсаты таныстырылады. Бағалау критерийлері оқушылармен бірге құрастырады.

(Ұ, Ж, қ) «Миға шабуыл» әдісі. Өткенге шолу мақсатында

-Мәтіннің тақырыбы деген не?

-Мәтіннің негізгі ойы деген не?

Өзара бағалау

(Ө,Ұ) Дидактикалық ойын «Дауысынан таны»

Мақсаты: оқушылардың тыңдалым дағдыларын, сыни ойлауын дамыту, қызығушылығын арттыру.

Мұғалім аудиожазба арқылы жануарлардың дауыстарын тыңдатады. Оқушылар дауыстарды тыңдап, қандай жануар және оның мінезі қандай екендігін анықтаулары керек.

2-слайд

3-слайд

4-слайд аудиоматериал

Сабақтың ортасы

5мин

2 мин

10 минут

7 мин

2 мин

5 мин

ІҮ. Негізгі бөлім

(МК,Ө) Көркем жазу. Әріп элементтері мен сөздер:қасқыр,т.б.

(Т,Ұ,қ) Суретпен жұмыс.

Мақсаты: сурет бойынша тақырыбы мен мәтіннің мазмұнын болжау.

Балаларға сурет көрсетіледі. Берілген суретке қарай отырып, мәтіннің мазмұнын болжау керектігі айтылады.

  • Бұл суретке қандай тақырып қоюға болады?
  • Қасқырлардың жағдайы қандай деп ойлайсың?
  • Неліктен қасқырдың басы төмен түсуі мүмкін?(саралау сұрағы)

(Топта оқушылар пікіралмасып өз болжамдарын таныстыруы тиіс. Топ құрамындағы оқушылар бір-бірінің ойын жалғап, сөйлемді жалғастырып сөйлеу талап етіледі.)

Бағалау дескрипторы:

- суреттегі деталдарға назар аударады;

- мәтіннің мазмұнын қисынды болжайды;

- болжамын негіздей алады.

(МК, Ө, Т, Ж, қ) Тыңдалым. Қасқыр  туралы мәтінмен жұмыс.

Мұғалім мәтінді мәнерлеп оқып береді. (Қажет жағдайда қайта оқиды) Мәтіннің қай түріне жататынын талқылайды. Ғылыми-танымдық мәтін туралы түсінік беріледі.

Мақсаты: оқушылардың тыңдалым дағдыларын дамыту, тірек сөздерді белгілеу, ашық және жабық сұрақтарға жауап беруге дағдыландыру.

1-тапсырма. Тыңдаған мәтін негізінде 7 тірек сөз белгілеу.

2-тапсырма. Өзін таңқалдырған жаңа ақпаратты түртіп алу.

Тірек сөздер: аң, жыртқыш, түлейді, күшік табады, түнде, қорек, топтанып.

Қасқыр

1.

2.

3.

4.

Сұрақ түрлері

Сызбаға назар аудар. Сызба бойынша қандай ой қорытындысын жасауға болады? Мәтін негізінде қандай сұрақтың түрін құрастыруға болады? Әр топ 2 сұрақ құрастырады, басқа топтарға қояды. Сұраққа жауап беру және қандай сұрақтың түріне жауап бергенін анықтау.

Бағалау дескрипторы:

- мәтіндегі тірек сөздерді жазады;

- керекті ақпаратты іріктей алады;

- ашық және жабық сұрақты ажырата алады;

- мәтін бойынша сұрақтар құрастырады және жауап береді.

(Ж, Т, қ) Оқылым. «Қасқырдың жас атаулары» мәтінмен жұмыс.

Берілген мәтін бойынша қасқырдың жасына қарай атауларын жұпта ақылдасып, сызба немесе кесте түрінде көрсетуі тиіс.

Жасы

Атауы

Мәтін негізінде берілген сұрақтарға топта ақылдасып, жауап жазу:

  • Не себепті қасқырдың бөлтірігін «соқыр» деп атайды?
  • Неліктен бөлтіріктің табаның май басады?
  • Бөлтіріктің «қара құлақ» аталуына не себеп болды?
  • Бөлтіріктің май түбіті қай уақытта түседі?

(Шағын топтағы оқушылар ақылдасып 1 сұраққа жауап жазады. Өз жауаптарын сынып алдында таныстырады. Жазба жұмысын жұпта өзара жай қарындашпен тексереді. Қажет жағдайда қатемен жұмыс ұйымдастырылады.)

Бағалау дескрипторы:

  • мәтін негізінде сұраққа толық жауап жазады;
  • сөйлемнің құрылымын сақтайды;
  • әріптердің биіктігін сақтап, дұрыс байланыстырып жазады.

(Оқушылар тапсырманы орындап болған соң, дәптерлерін жұптармен ауыстырып, өзара қатесі мен көркем жазуын тексереді. )

Мұғалімнің кері байланыс беруі.

5-слайд

Қысқы ормандағы қасқыр

http://wallpapers-image.ru/1920x1080/winter/wallpapers/winter-images-1920x1080-7.jpg

6-слайд

Қосымша 1 Қасқыр, «Балалар энциклопедиясы, 2 том»

7 -слайд

1-жұмыс парағы

8-слайд

9-слайд

10-слайд

Қосымша 2, сілтеме:

https://ok.ru/bzdazastan/topic/67466181989679

2-жұмыс парағы

Сабақтың соңы

3 мин

Рефлексия:

Бағалау критерийлері

Қолымнан келеді

Көмек

қажет етемін

Берілген тақырып пен суреттің негізінде мәтіннің мазмұнын болжаймын

Тыңдаған материал бойынша тірек сөздерді белгілеп, ашық және жабық сұрақтарға жауап бере аламын

Кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жаза аламын

Үй тапсырма

Қасқыр туралы 1 ашық және 1 жабық сұрақ құрастырып, жауабын жазу.

12-слайд

сурет

Саралау– оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Топтық тапсырмаларды саралау бойынша беру.

Қабілеті жоғары оқушыларға одан әрі дамуы үшін көмек қажет ететін оқушыларға қайта түсіндіру арқылы қолдау көрсетіледі.

Қалыптастырушы бағалаулар дескрипторлар негізінде өзін-өзі бағалау, жұпта бағалау және мұғалімнің бағалауы арқылы жүзеге асырылады.

Топта бірі-бірі тыңдау. Сыныпта қауіпсіздік ережелерін сақтау.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

Сабақты жақсарту үшін қандай өзгеріс енгізуге болады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылар туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу