1. Қазақ тілі_3-сынып_1-бөлім_Жанды табиғат_№9-сабақ_Мәтін түрлері мен құрылымдық бөліктері_ҚМЖ


Қысқа мерзімді жоспар

Пән Қазақ тілі

Бөлімі Жанды табиғат

9-сабақ. Тақырыбы Мәтін түрлері мен құрылымдық бөліктері.

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Жарылғасова Ж.

Сынып: 3

Қатысқандар саны:

Қатыспаған оқушылар:

Оқу мақсаты:

3.2.4.1 өз бетінше мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтау;

3.2.1.1 тірек сөздер/көмекші сөздер арқылы мәтін түрлерін (әңгімелеу, сипаттау, пайымдау) және оның құрылымдық бөліктерін анықтау;

3.3.5.1 жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің қолдауымен тауып, түзету.

 Сабақтың

 мақсаты:

Барлық оқушылар:

-мұғалімнің қолдауымен мәтіннің тақырыбын, ондағы негізгі ойды анықтайды;

-тірек сызба мен көмекші сөздер арқылы пайымдау мәтінін анықтайды;

-мұғалімнің қолдауымен жіберілген орфографиялық, грамматикалық қателерді тауып, түзетеді

Оқушылардың көбі:

-мәтіннің тақырыбын, мұғалімнің қолдауымен ондағы негізгі ойды анықтайды;

-көмекші сөздер арқылы пайымдау мәтінін және құрылымдық бөліктерін анықтайды;

-жіберілген орфографиялық, грамматикалық қателерді үлгі/талдау негізінде тауып, түзетеді.

Оқушылардың кейбірі:

-мәтіннің тақырыбы мен ондағы негізгі ойды анықтай алады;

-пайымдау мәтінін және құрылымдық бөліктерін өз бетінше анықтайды

-жіберілген орфографиялық, грамматикалық қателерді тауып, түзетеді

 Бағалау критерийлері

  • Мәтіннің тақырыбын қояды. Мәтіннің негізгі ойын анықтайды.
  • Көмекші сөздер арқылы мәтін түрін және құрылымдық бөліктерін анықтайды.
  • Қате берілген сөздерді түзетіп, сауатты жазады.

Тірек сөздер

Пәндік терминология мен тірек сөздер

Мәтін, пайымдау мәтіні, көмекші сөздер, мәтіннің құрылымдық бөліктері

Сабақта диалог /жазу үшін пайдаланылатын тіл:

Талқылау үшін сұрақтар:

Қыста неліктен құмырсқаның қарны ашпайды?

Сүңгуір иттерді не үшін пайдаланады?

Бала арасын неліктен «еңбекқор жәндік» деп атайды?

 Құндылықтар

Табиғатты қорғауға, жануарларға қамқор болуға баулу.

 Пәнаралық байланыс

Сергіту жаттығуларын жасау кезінде дене шынықтыру және музыкамен байланыс болады. Ғылымға кіріспе, дүниетану пәнімен байланыс көрініс табады.

 АКТ қолдану дағдылары

Оқушылар сабақта мектептегі технологиялардың бірі-компьютер/ноутбуктар қолданады.

Алдыңғы меңгерілген білім

Мәтін. Мәтін түрлері.

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Сабақта жоспарланғаніс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

3 минут

2 минут

(Ө) Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

«Орфографиялық минут» жүргізіледі. Тақтадан төрт сөйлем көрсетіледі. Оқушы әр сөйлемнен бір «орфографиялық түзету» жүргізеді.

Қарыны тойған қозы ойнақтай жөнелді. Танертен салқын болды. Тышқан азықын ініне тастады. Құтжол мектепке диін еріп барды.

1)

2)

3)

4)

(Ж) «Жауап беретін әріптес» әдісі бойынша бағаланады. Жұмыс дәптеріне сөйлемдерді көшіреді.

Дескриптор:

- Сөйлемдегі қате берілген сөздерді түзетеді;

- Сөйлемдерді сауатты жазады.

Сабақ тақырыбы және оқу мақсаттары таныстырылады. Оқушыларға бағалау критерийі айтылады.

Қағаз қиындылары,

маркерлер,

жұмыс дәптері

Сабақтың ортасы

25 минут

7 минут

3 минут

3 минут

5 минут

7 минут

3.2.4.1 (МК;Т)Топқа бөліну. Мәтінді түсініп оқу. Мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойды анықтау.

1.Әр топқа қысқа мәтін беріледі (мәтін компьютер/ноутбоктен көрсетіледі). Оқушылар мәтінмен танысады. Оқушылардың топтық жұмысы ұйымдастырылады.

1-мәтін.  Жайын - жалқау балық. Ол екі ұртындағы ұзынша келген мұртшаларын құрт тәрізді жыбырлатады. Себебі оны балықтар құрт екен деп жемекші болғанда, аңдып тұрған жайын оларды жеп үлгіреді. Демек жайындар жемін осылайша аулайды.

(«Жануарлар туралы» энциклопедия)

2-мәтін. Сүңгуір тұқымды иттер болатынын білесің бе? Олар суда жақсы жүзіп, сүңги алады. Сол себепті оларды адамдарды судан құтқару үшін арнайы үйретеді. («Иттер туралы» энциклопедия)

3-мәтін. Құлагер – жылқының аты. Сол себепті Құлагер сөзі бас әріппен жазылады. Демек ереже бойынша кісінің аты-жөні, жер-су аттары, жан-жануарларға қойылған атаулар бас әріппен жазылады.

2.Жұмыстарын топта жариялап, дәлелдеулер жасайды.

Мәтіннің тақырыбы

Мәтіннің негізгі ойы

1-мәтін

Жалқау балық

Жайындар мұртшалары арқылы жемін аулайды.

2-мәтін

Сүңгуір ит

Сүңгуір иттерді адамдарды судан құтқару үшін пайдаланған.

3-мәтін

Бас әріппен жазылатын сөздер

Бас әріппен жазылатын сөздерді еске сақтап жүру керек.

Дескриптор:

-Мәтіндегі негізгі ойды анықтайды.

- Мәтінге тақырып қояды.

3.Оқушылардан 3 мәтіннің ұқсастығы сұралады.

4.Пайымдау мәтіні бөліктерінің (көмекші сөздерімен) кестесін дұрыс құрастыру тапсырылады.Оқушыларға қима қағаздар беріледі. Кесте бойынша топ мүшелері қорғайды.

5.Берілген мәтіндер бойынша пайымдау мәтінінің бөліктерін орналастыру тапсырылады.Әр топ өздеріне берілген мәтін бойынша жұмыс жасайды.

Дәлелдене

тін пікір

Дәлелдеу

Мәтіннің негізгі ойы-қорытынды пікір

1-мәтін

Балыққа мұртшалар не үшін қажет?

Өйткені балықтар мұртшаларын құрт екен деп ойлайды.

Демек жемін аулау үшін осылай жасайды.

2-мәтін

Сүңгуір иттер болады

Неге десеңіз жақсы жүзеді, жақсы сүңгиді.

Сондықтан

сүңгуір иттерді адамдарды судан құтқару үшін пайдаланған.

3-мәтін

Бас әріппен жазылатын сөздерді біл

Себебі ереже бойынша ...

Сол себепті

есіңе сақтап жүр.

Сергіту сәті. Оқушылармен бірге “Еден-төбе-мұрын” ойыны ойналады.

3.2.1.1 (МК; Т) Пайымдау мәтінінің бөліктерін анықтап, дәлелдеу жасау.

34-жаттығу. Оқушылар мәтінді оқиды. Мәтіннен пайымдау мәтінінің бөліктерін тауып (дәлелденетін пікір, дәлелдеу және қорытынды пікір), әр бөліктің арасын байланыстырып тұрған көмекші сөздерді атайды. «Балық қаңқасы» стартегиясы бойынша іздену жұмысы ұйымдастырылады.

(Т; Ұ) Жұмыстарын «Автор орындығы» стратегиясы бойынша топта жариялайды.

Дескриптор:

-Көмекші сөздер арқылы мәтін түрін анықтайды;

-Мәтіннің бөліктерін ажыратады.

Саралау тапсырмасы беріледі.

Оқушылар оқулықтан 35-жаттығуды өз бетімен орындайды. Мәтіннің пайымдау бөлігін тауып, көшіріп жазады. Көркем әрі сауатты жазуы қадағаланады.

Қабілеті жоғары оқушылар берілген суреттер бойынша пайымдау мәтінін көмекші сөздер арқылы құрастырады. Оқушының қалауы бойынша бір сурет таңдап алынады.

1-сурет.Құмырсқа - ерекше жәндік. Өйткені..... Сондықтан....

2-сурет.Жаңбыр жауғанда иттер тасалайтын жер іздейді. Себебі.... Демек.....

3-сурет. Мысыққа арналған ескерткіш бар. Себебі ол...

Сол себепті....

Компьютер/

ноутбук

Қағаз,түрлі түсті маркерлер.

Қима қағаздар

Оқулық

«Балық қаңқасы» суреті

Оқулық

Суреттер

1.https://arhivurokov.ru/kopilka/uploads/user_file_

2.http://widefon.com/_ld/177/92226075.jpg

3.https://massaget.kz/layfstayl/bilim/ol-kim-bl-ne/44865

Сабақтың соңы

5 минут

Рефлексия

Мұғалім оқушыларға төмендегідей сұрақтар қояды. Оқушылар сұрақтарға ауызша жауап береді.

- Сіз өзіңіз үшін жаңа не білдіңіз?

- Сіз үшін не жеңіл болды?

- Сізге қай жерде көмек қажет болды?

- Сіздің қандай да бір сұрағыңыз бар ма?

Үй тапсырмасына жаңа материал туралы түсініктерін кеңейту үшін оқулық бойынша 36 және 37-жаттығу беріледі (пайымдау мәтінінің бөліктерін тауып, сызбамен көрсету және пайымдау мәтінінің бөліктерін тиісті сөздерді қою арқылы байланыстыру).

Қосымша ақпарат

Саралау оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау - оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы

Оққушылар тапсырмалар, оқулық, жұмыс дәптерінің нұсқаулығымен өзіндік, топтық, ұжымдық жұмыстар арқылы әрекет етеді. Мұғалімнің бағыттауы бойынша қажетті ақпаратты алады. Білімді бекіту кезеңінде қабілеті төменірек оқушыларға әртүрлі қолдау көрсетіледі. Әр оқушының жауабы мадақталады.

Қабілеті жоғары оқушылар сурет бойынша пайымдау мәтінін құрып, шығармашылық жұмыс жасайды.

Оқу мақсаты бойынша алған білімді қорытынды бағалау жүргізілді. Ұғыну кезеңінде оқушылар объектілерді білу, түсіну, қолдану дағдысын бағалау мүмкіндігін беретін критерийлер бойынша бағаланады. Сабақта жеткен жетістіктеріне ой қорытады.

Сергіту сәтін жүргізу кезіндегі және жазу кезіндегі қауіпсіздік ережесі айтылады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу