1.Қазақ тілі_3-сынып_1-бөлім_Жанды табиғат_№11-сабақ_Мәтін түрлері мен құрылымдық бөліктері _ҚМЖ


Қысқа мерзімді жоспар

Пән Қазақ тілі

Бөлімі Жанды табиғат

11-сабақ. Тақырыбы Мәтін түрлері мен құрылымдық бөліктері.

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 3

Қатысқандар саны:

Қатыспаған оқушылар:

Оқу мақсаты:

3.2.1.1 тірек сөздер/көмекші сөздер арқылы мәтін түрлерін (әңгімелеу, сипаттау, пайымдау) және оның құрылымдық бөліктерін анықтау;

3.2.3.1 мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру;

3.3.5.1 жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзету;

 Сабақтың

 мақсаты:

Барлық оқушылар:

-тірек сызба мен көмекші сөздер арқылы пайымдау мәтінін анықтайды;

-мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтарға жауап береді, берілген сұрақтарды пайдаланып пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырады;

-мұғалімнің қолдауымен жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді тауып, түзетеді

Оқушылардың көбі:

-көмекші сөздер арқылы пайымдау мәтінін және құрылымдық бөліктерін анықтайды;

-мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырады және сұрақтарға жауап береді;

-жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді үлгі/талдау негізінде тауып, түзетеді

Оқушылардың кейбірі:

-пайымдау мәтінін және құрылымдық бөліктерін өз бетінше анықтайды;

-мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырады және өз жауабын негіздеп жауап береді;

-жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді тауып, түзетеді.

 Бағалау критерийлері

  • Мәтіннің түрін анықтайды.
  • Пайымдау мәтінінің көмекші сөздері мен құрылымдық бөліктерін анықтайды;
  • Мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырады;
  • Мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді.
  • Сөздерден қатені тауып, түзетеді;
  • Сауатты жазады.

Тірек сөздер

Пәндік терминология мен тірек сөздер

Мәтін, мәтін түрлері, мәтіннің құрылымдық бөліктері

Сабақта диалог /жазу үшін пайдаланылатын тіл:

Талқылау үшін сұрақтар:

Бабаларымыз ағаш туралы қандай өсиет қалдырған?

Ағаштардың қандай пайдасы бар?

Ағаштарды қорғау үшін не істеу керек?

 Құндылықтар

Табиғатты қорғау, ағаштарға қамқорлық жасау.

 Пәнаралық байланыс

Сергіту жаттығуларын жасау кезінде дене шынықтыру және музыкамен байланыс болады. Ғылымға кіріспе, әдебиеттік оқу, дүниетану пәнімен байланыс көрініс табады.

 АКТ қолдану дағдылары

Оқушылар сабақта мектептегі технологиялардың бірі-ноутбуктар қолданады.

Алдыңғы меңгерілген білім

Мәтін. Мәтін түрлері.

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Сабақта жоспарланғаніс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

7 минут

6 минут

1 минут

1.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

(Т)3.3.5.1 жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзету. «Көру диктанты» жүргізіледі. Топқа бірнеше ағаш жапырақтары таратылады.Тақтадан қате жазылған ағаш аттары көрсетіледі. Оқушылар сол көрсетілген ағашқа алдарында жатқан жапырақтардың қайсысы тиісті екенін табады. Тақтаға жапсырады. Сол сөздерді қатесіз әрі көркем етіп жазады. Жазылу емлесін айтады. Жапырақтардың қызметін айтады.

Дескриптор:

-берілген сөздердің қатесін табаы;

-оны түзетеді;

-сауатты жазады.

2.Сабақ тақырыбы және оқу мақсаттары таныстырылады. Оқушыларға бағалау критерийі айтылады.

Жапырақ суреттері

https://static3.depositphotos.

https://media.istockphoto.

http://cliparts.co/cliparts/dT9/rzq/dT9rzq9ac.jpg

http://balapan.kaztrk.kz

Сабақтың ортасы

26 минут

10 минут

6 минут

10 минут

3.2.1.1 (Ұ; Т; Қ) Мәтін түрлерін және оның құрылымдық бөліктерін анықтау.

1.Тапсырма «Еркін жауап» әдісі арқылы жүргізіледі.

Оқушылар оқулықтағы 41-жаттығуда берілген «Ағаш ек» мәтінін іштей оқиды. Мәтінді түсініп оқиды. Мәтіндегі негізгі ойды анықтайды. Мәтіннің түрін және бөліктерін анықтайды. Мәтіннің неліктен «Ағаш ек» деп аталғаны туралы өз көзқарастарын білдіреді.

Мәтін бөліктерін тауып, белгілейді. Жай қарындашпен әр бөліктің басталар тұсын басы (Б), ортасы (О), соңы (С) деп белгілейді немесе қарындашпен қоршауға болады. Пайымдау мәтінінің көмекші сөздері мен пайымдау мәтінінің құрылымдық бөліктерін табады. Мәтін бөліктері бойынша мазмұнын айтады. Сұрақтарға жауап береді. Өсиет сөзді көшіріп жазады.

Қабілеті жоғары оқушылар «Түртіп алу» әдісі бойынша жұмыс жасайды.

Дескриптор:

-мәтіннің құрылымдық бөліктерін (басы, ортасы, соңы) ажыратады;

- мәтіннің түрін анықтайды;

Сергіту сәті жүргізіледі.Оқушылар бейнежазбадағы әуенмен би ырғақтарын жасап қимылдайды.

2. (Т) «Ойланайық, табайық» бойынша топқа тапсырма беріледі.Ағаш атттарын еске түсіре отырып, ағаштарды бір-бірімен (көлемі, пішіні) салыстырады.Дәптерлеріне жазады.

«Ашық микрофон» әдісі арқылы оқушылар өз жазбаларын оқып, сыныпқа ұсынады. Өзге оқушылар өз жұмыстарымен салыстырып, ауызша кері байланыс береді.

3.2.3.1 (МК; Т; Қ) Берілген тақырып бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру.

Оқулықтағы 43-жаттығу орындалады.«Ағаштарды қорғау үшін не істеу керек?» тақырыбында пікір білдіруге арналған сұрақтар құрастыру үшін топтық жұмыс жасайды. Ол үшін, ең алдымен, «Баяндама» әдісі бойынша жұмыс жүргізіледі. Жұмыс аяқталған соң топ оқушылары «Сұрақ қою, қайта сұрақ қою» әдісі бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырады.Топта берілген тапсырма бойынша талқылау жасайды. Жұмыстарын ортаға шығып, қорғайды.

Дескриптор:

- мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді;

-мәтін бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырады;

- сұрақтардың құрылымын сақтайды.

Оқулық.

http://balapan.kaztrk.kz

Жұмыс дәптері.

Үлестірмелі қағаздар

Сабақтың соңы

5 минут

Рефлексия.Сабақты қорытындылау.

«Менің білетінім,...»

«Бүгін білдім, ....»

«Есімде сақтаймын, ...» оқушылардан кері байланыс аламын.

Үй тапсырмасына ағаш туралы үш мақал-мәтел жазып келу тапсырылады. 44-жаттығу беріледі. Мұнда өздерді мағынасына қарай орналастыру қажет.

Қосымша ақпарат

Саралау оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау - оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы

Әр оқушының жауабы мадақталады.

Қабілеті жоғары оқушылар мәтінге талдау жасайды:

-мәтіндегі маңызды ақпаратты;

- мәтіндегі келіскен тұсын;

-мәтіндегі күдіктенген тұсын табады.

Оқу мақсаты бойынша алған білімді қорытынды бағалау жүргізілді. Ұғыну кезеңінде оқушылар объектілерді білу, түсіну, қолдану дағдысын бағалау мүмкіндігін беретін критерийлер бойынша бағаланады. Сабақта жеткен жетістіктеріне ой қорытады.

Сергіту сәті өткізіледі.

АҚТ қолдану кезіндегі және жазу кезіндегі қауіпсіздік ережесі айтылады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу