1.Қазақ тілі_3-сынып_1-бөлім_Жанды табиғат__Пайымдау мәтіні және оның құрылымдық бөліктері._ҚМЖ
Қысқа мерзімді жоспар
Пән Қазақ тілі Бөлімі Жанды табиғат Тақырыбы Пайымдау мәтіні және оның құрылымдық бөліктері | Мектеп: | ||||||||||||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||||||||||||||||||||||
Сынып: 3 | Қатысқандар саны: | Қатыспаған оқушылар: | |||||||||||||||||||||||||
Оқу мақсаты: | 3.2.2.1 мұғалімнің көмегімен әңгімелеу, сипаттау, пайымдау мәтін түрлерін және құрылымдық бөліктерін анықтау; 3. 3.7.2 қаратпа, қыстырма сөздерді ажырату және тыныс белгілерін дұрыс қою. | ||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың мақсаты: |
| ||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері | •Мәтіннің түрлерін ажыратады. •Мәтіннің құрылымдық бөліктерін анықтайды. •Қыстырма сөздерді ажыратады. •Қыстырма сөздердің тыныс белгілерін қояды. | ||||||||||||||||||||||||||
Тірек сөздер | Пәндік терминология мен тірек сөздер Көркем мәтін, ғылыми-танымдық мәтін. Сабақта диалог /жазу үшін пайдаланылатын тіл: Талқылау үшін сұрақтар: -Қыстырма сөз дегеніміз не? -Қыстырма сөздер, көбінесе, сөйлеудің қай түрінде кездеседі? | ||||||||||||||||||||||||||
Құндылықтар | Жануарларға қамқор болуға, оларды қорғауға баулу. | ||||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыс | Әдебиеттік оқу, дүниетану, жаратылыстану пәнімен байланыс көрініс табады. | ||||||||||||||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | |||||||||||||||||||||||||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Мәтін. Мәтін түрлері.Сөйлем түрлері | ||||||||||||||||||||||||||
Сабақ барыс | |||||||||||||||||||||||||||
Жоспарланған уақыт | Сабақта жоспарланғаніс-әрекет | Ресурстар | |||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы 3 минут 3 минут | (Ұ) Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. «Адасқан әріптер» ойыны ойналады.Тақтадан әріп қиындылары көрсетіледі. Оқушылар әріп қиындылары арқылы сегіз әріптен тұратын сөз құрастырады. Бұл сөз жаңа сабақтың тақырыбы болып саналады.
- Оқушылар, «қыстырма» деген жаңа ұғыммен танысамыз. Бұл қыстырма сөздер тілімізде кездеседі. Сөйлем ішінде қыстырылып жүретін бұл қандай сөздер екен? Сабақ тақырыбы және оқу мақсаттары таныстырылады. Оқушыларға бағалау критерийі айтылады. | Әріптер | |||||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 32 минут 7 минут 5 минут
1 минут 10 минут
7 минут | (Ұ)3.3.7.2 қаратпа, қыстырма сөздерді ажырату және тыныс белгілерін дұрыс қою. -Мына суретке назар аударайық. Отбасы мүшелері қалаға жарысқа кеткен немересін күтіп отыр.
-Екінші суретте қандай айырмашылық бар?
- Бұл - қызылмен көрсетілген сөздер қыстырма сөздер. Байқағандай, қыстырма сөздер сөйлемде айтылған ойға сөйлеушінің түрлі көзқарасын білдіреді. Кесте көрсетіледі.
Қыстырма сөздің тыныс белгісі түсіндіріледі.
-Қыстырма сөз дегеніміз не? -Қыстырма сөздер, көбінесе, сөйлеудің қай түрінде кездеседі? -Қыстырма сөз сөйлемнің қай жерінде кездеседі? Қабілеті жоғары оқушылар қыстырма сөздерді қаратпа сөзбен салыстырады: ұқсастығы мен айырмашылығын табады. (Ж) Оқушыларға карточка беріледі. Оқушылар жұптаса отырып, кесте бойынша жұмыс жасайды. Бос орынға қыстырма сөзді қойып жазады. Алдымен, қыстырма сөздерді қояды. Басқа жұппен сәйкестігін тексереді. «Ашық микрофон» әдісі арқылы оқиды. Дескриптор: -сөйлем ішінен қыстырма сөздерді анықтайды; -сөйлемдегі қыстырма сөздердің тыныс белгілерін дұрыс қояды. Сергіту сәті. Тақтада қыстырма сөз кестесі ілулі тұрады.Мұғалім оқушыларға сұрақ қояды. Оқушылар айтылған ойға өз көзқарастарын білдіріп отырады. Шапшаң әрі дұрыс айтылуы тиіс. Мысалы, - Ертең бәріміз сабаққа келеміз. -Әрине. -Болашақта ғалым боламын. -Кім біледі. -Мүмкін. -Ауылдан апаң келгенін неге айтпадың? -Ұмытып барады екем. (Ж) 3.2.2.1 мұғалімнің көмегімен әңгімелеу, сипаттау, пайымдау мәтін түрлерін және құрылымдық бөліктерін анықтау;
(Ұ) 1. Оқушылардан сұралады: «Бұл не болуы мүмкін?» (түйенің өркеші). (Ж) 2. Оқушыларға сұрақ беріледі: Түйеге өркеш не үшін қажет? Оқушылар ттоптаса отырып, проблеманы шешеді.Тапсырма «Бортты журнал» әдісі арқылы орындалады. Жүк журналы
Оқушылар жұптаса отырып тақырып бойынша болжамды жүк журналының сол жағына жазады.Ойларын ортаға салады. (Ж)3.Оқушыларға «Түйеге өркеш не үшін керек?» мәтіні («Балдырған» журналы) беріледі. Оқушылар мәтінді мұқият оқиды. Жұптаса отырып жүк журналының оң жағын толтырады. Ойларын ортаға салады. Мұғалімнен көмек қажет ететін оқушылардан сұралады. 4. Оқушылардан бұл мәтіннің қай түріне жататыны сұралады.Пайымдау мәтінінің ерекшелігі еске түсіріледі. Кесте ілінеді. Қызыл түспен берілген сөздердің жаңа материалмен қандай байланысы бар екені сұралады. Пайымдау мәтініндегі көмекші сөздердің қыстырма сөздер болып табылатындығын түсінеді. Дәлелденетін пікір Дәлелдеу өйткені... себебі... біріншіден, .... екіншіден,.... Қорытынды сол себепті.... сондықтан..... демек. 5. «Түйеге өркеш не үшін керек?» мәтіні бойынша жұмыс жасайды. - құрылымдық бөліктерін анықтайды; - дәлелдеу және қорытынды бөлігіне қыстырма сөздерді орналастырады. «Ашық микрофон» әдісі бойынша қорғайды. Дескриптор: -мәтіннің түрін анықтайды; -пайымдау мәтіннің құрылымдық бөліктерін ажыратады. | http://proza.moscow/pics/2016/06/08/1611.jpg http://itd3.mycdn.me/image?id=666848868304&t=20&plc=WEB&tkn=*SwsRiU9Ct3i7EzWsjmzMzXbYEcM https://ds04.infourok.ru/uploads/ex/082c/0005ad7b-c7439398/hello_html_74e46120.png Слайд Слайд Кесте Слайд Сызба Қосымша №1
Слайд https://media.gettyimages.com/photos/camels-humps-picture-id479212637 Қағаз,түрлі түсті маркерлер Қосымша №2 Қосымша №3 Слайд
Микрофон | |||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 5 минут | Рефлексия. Сабақты қорытындылауда өзін-өзі бағалау кестесі қолданылады.
Үй тапсырмасы бір пайымдау мәтінін тауып, жұмыс дәптеріне жазып келу. | Қосымша №4 | |||||||||||||||||||||||||
Қосымша ақпарат | |||||||||||||||||||||||||||
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау - оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||||||||||||||||||||
Әр оқушының жауабы мадақталады. Қабілеті жоғары оқушылар Қыстырма сөздерді қаратпа сөзбен салыстырады. Ұқсастығы мен айырмашылығын табады. | Оқу мақсаты бойынша алған білімді қорытынды бағалау жүргізілді. Ұғыну кезеңінде оқушылар объектілерді білу, түсіну, қолдану дағдысын бағалау мүмкіндігін беретін критерийлер бойынша бағаланады. Сабақта жеткен жетістіктеріне ой қорытады. | Сергіту сәті өткізіледі. Жазу кезінде, тақтаға шығу кезіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттігі ескертіледі. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?