Қазақ тілі_3-сынып_1-бөлім_Жанды табиғат__Әңгімелеу мәтінін құрастырайық_ҚМЖ
Қысқа мерзімді жоспар
Пән Қазақ тілі Бөлімі Жанды табиғат Тақырыбы Әңгімелеу мәтінін құрастырайық | Мектеп: | ||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||||||||||||
Сынып: 3 | Қатысқандар саны: | Қатыспаған оқушылар: | |||||||||||||||
Оқу мақсаты: | 3.1.2.1 мәтіннің тақырыбы мен берілген суреттер, фото, диаграмма бойынша мәтіннің мазмұнын болжау 3.3.6.1 кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету 3.3.7.1 қаратпа, қыстырма сөздерді ажырату және тыныс белгілерін дұрыс қою | ||||||||||||||||
Сабақтың мақсаты: |
| ||||||||||||||||
Бағалау критерийлері | -Тақырып пен суреттердің негізінде мәтіннің мазмұнын болжайды; -Қаратпа сөздерді ажыратады; -Қаратпа сөздердің тыныс белгілерін қояды; -Каллиграфиялық нормаларды сақтап жазады. | ||||||||||||||||
Тірек сөздер | Пәндік терминология мен тірек сөздер Әңгімелеу мәтіні, мәтіннің құрылымдық бөліктері,қаратпа сөз, тыныс белгісі. Сабақта диалог /жазу үшін пайдаланылатын тіл: Талқылау үшін сұрақтар: Қаратпа сөз деген не? Әңгімелеу мәтіні деген не? Оқиға неден басталды? Оқиға қалай жалғасты? Оқиға қалай аяқталуы мүмкін? | ||||||||||||||||
Құндылықтар | Топпен жұмыс істей білуге, бір-бірімен қарым-қатынас жасай білуге баулу. | ||||||||||||||||
Пәнаралық байланыс | Дүниетану, әдебиеттік оқу. | ||||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | - | ||||||||||||||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Мәтін. Мәтін түрлері.Қаратпа сөз.Сөйлемнің айтылу мақсатына қарай бөлінуі (хабарлы сөйлем, сұраулы сөйлем, лепті сөйлем) | ||||||||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||||||||
Жоспарланған уақыт | Сабақта жоспарланғаніс-әрекет | Ресурстар | |||||||||||||||
Сабақтың басы 3 минут | (Т) Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылар 1,2,3,4 сандарын айту арқылы топқа бөлінеді. Мұғалім оқушыларға сұрақ қояды: -Қаратпа сөз деген не? -Қаратпа сөз сөйлем ішінде қалай ажыратылады? -Сөйлем айтылу мақсатына қарай бөлінетін түрлерін ата? -Қаратпа сөзі бар сөйлемдер айтылу мақсатына қарай сөйлемнің қай түріне жатады? Сабақ тақырыбы және оқу мақсаттары таныстырылады. Оқушыларға бағалау критерийі айтылады. | Слайд | |||||||||||||||
Сабақтың ортасы 30 минут 5 минут 5 минут 9 минут
1 минут 12 минут
| (Т)3.3.7.1 қаратпа, қыстырма сөздерді ажырату және тыныс белгілерін дұрыс қою. 1.Мұғалім әр топқа бір мәтіннен береді. Тапсырма бойынша мәтінді тиісті дауыс ырғағымен оқып, қаратпа сөздерді табу қажет. Қаратпа сөзі бар сөйлемдер айтылу мақсатына қарай сөйлемнің қай түріне жататынын ажыратады. Оқушылар тапсырманы орындап болған соң, рөлге бөліп оқиды. Сұрақтарға жауап береді. 2. Топтағы әр оқушыға үш сөйлемнен береді, бірақ топтағы барлық оқушылардың тапсырмалары бірдей. Тапсырма бойынша оқушылар көп нүктенің орнына қаратпа сөзді қою қажет. Алдымен оқушылар жеке орындайды. Содан соң ортақ бір пікірге келіп, әр сөйлемге бір қаратпа сөзден қояды. Қабілеті жоғары оқушыларға сөйлемдер беріледі. Сөйлем ішінен қаратпа сөзді тауып, тиісті тыныс белгісін қояды. 3. Оқушылар Қаратпа сөз туралы білімдерін қорыту үшін «Фрайер» моделін құрады. Мұнда қаратпа сөздің қысқаша мазмұнын анықтайды, мысалдармен көрсетеді, ерекшеліктеріне тоқталып, жаңа идея ұсынады.
Дескриптор: -мәтіннен қаратпа сөздерді анықтайды; - көп нүктенің орнына қаратпа сөзді қояды; - сөйлемдегі қаратпа сөздердің тыныс белгілерін дұрыс қояды. - қаратпа сөз туралы жаңа идея ұсынады. Сергіту сәті. Оқушылар қимыл жаттығуларын жасайды. Иілеміз оңға бір, иілеміз солға бір Бір анда, бір мұнда, Өзінді өзін айнала. Бас аяқты топ,топ, Шапалақтап хоп,хоп Бір анда бір мұнда,Өзінді өзін айнала Басымызды иеміз,би билейміз күлеміз, Бір анда бір мұнда, Өзінді өзін айнала. 3.1.2.1 мәтіннің тақырыбы мен берілген суреттер, фото, диаграмма бойынша мәтіннің мазмұнын болжау 3.3.6.1 кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету Мұғалім оқушылардың назарын суретке аудрады. - Суретке мұқият қараймыз. Мәтіннің тақырыбын оқимыз (Күтпеген олжа). - Бұл мәтін не туралы болуы мүмкін? - Мәтін құру үшін нені ескеру керек? - Мәтіннің қай түріне жатады? Тапсырма.Берілген тақырып пен суреттерді пайдаланып мәтін құрастыру қажет. Оқушыларға сұрақтар қойылады. Сұрақтардың жауабын топта талқылайды. 1. Әңгіменің басы. Оқиға неден басталды? 2. Әңгіменің ортасы. Оқиға қалай жалғасты? Олар не туралы сөйлесті? 3. Әңгіменің соңы. Оқиға немен аяқталды деп ойлайсың? «Басымдылық пирамидасы» әдісі бойынша тапсырманы орындайды. Тапсырма бойынша сызбаны қолдана отырып, әңгімелеу мәтінін құрады. Қаратпа сөздерді дұрыс қолдану және қаратпа сөздің тыныс белгілеріне мән беру қажеттігі ескертіледі. Мұғалімнің көмегін қажет ететін оқушылар сұрақтарды басшылыққа алады.
Тірек сөздер мен сөз тіркестері: балық аулау, тұнық көл, қарап отыру, қармақ салу, жем шаншу, қармақ тастау, іліну, ашулану, олжа. Дескриптор: - мәтіннің мазмұнын болжайды; - тақырыпқа сәйкес мәтін құрастырады; - мәтіннің құрылымдық бөліктерін сақтайды; - сөздерді мағынасына сәйкес қолданады; - сөйлеу барысында тілдік нормаларды сақтайды; - қаратпа сөздерді қолданады; -сөйлемдегі қаратпа сөздердің тыныс белгілерін дұрыс қояды; - бас әріп пен кіші әріптің биіктігін сақтайды; - бас әріп пен кіші әріптің мөлшерін сақтайды; - сөздерді, әріптерді үзбей, көлбеу жазады; - әріптердің дұрыс байланысын көрсетеді. | Қосымша №1 Қосымша №2 Қосымша №3 Түрлі маркерлер, фломастерлер стикерлер қағаз Слайд Жұмыс дәптері Слайд http://gelios-kids.ru/upload/iblock/595/595eeaa0799583741b388fb82a3190de.jpg | |||||||||||||||
Сабақтың соңы 5 минут | Рефлексия Мұғалім оқушыларға төмендегідей сұрақтар қояды. Оқушылар сұрақтарға ауызша жауап береді. - Сіз өзіңіз үшін жаңа не білдіңіз? - Сіз үшін не жеңіл болды? - Сізге қай жерде көмек қажет болды? - Сіздің қандай да бір сұрағыңыз бар ма? Үй тапсырмасына жаңа материал туралы түсініктерін кеңейту үшін қаратпа сөздері бар мәтін тауып, оқып келу. Қаратпа сөздердің астын сызу. | ||||||||||||||||
Қосымша ақпарат | |||||||||||||||||
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау - оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||||||||||
Оққушылар тапсырмалар, оқулық, жұмыс дәптерінің нұсқаулығымен өзіндік, топтық жұмыстар арқылы әрекет етеді. Мұғалімнің бағыттауы бойынша қажетті ақпаратты алады. Білімді бекіту кезеңінде қабілеті төменірек оқушыларға әртүрлі қолдау көрсетіледі. Қабілеті жоғары оқушылар әңгімелеу мәтінін құруда көркем сөздерді қолданады. Сондай-ақ сөйлем ішінен қаратпа сөзді тауып, тиісті тыныс белгісін қояды. | Оқу мақсаты бойынша алған білімді қорытынды бағалау жүргізілді. Ұғыну кезеңінде оқушылар объектілерді білу, түсіну, қолдану дағдысын бағалау мүмкіндігін беретін критерийлер бойынша бағаланады. Сабақта жеткен жетістіктеріне ой қорытады. | Сергіту сәтін жүргізу кезіндегі және жазу кезіндегі қауіпсіздік ережесі айтылады. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?