4. Қазақ тілі 3-сынып 1-бөлім Жанды табиғат_ Өткенді пысықтау БЖБ_ Мұғалімге әдістемелік нұсқау


 Мұғалімге әдістемелік нұсқау

 

Бөлім: Жанды табиғат

Сабақ тақырыбы: Өткенді пысықтау. «Жанды табиғат» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау. (БЖБ)

Сөйлеу әрекетінің түрлері: Тыңдалым, айтылым. Жазылым.

Сабақ мақсаттары

3.1.2.1* мәтіннің тақырыбы мен берілген суреттер, фото, диаграмма бойынша мәтіннің мазмұнын болжау;

3.3.1.1 жоспар/сызбаны қолдана отырып, тірек сөздер арқылы әңгімелеу мәтінін, салыстыра сипаттау мәтінін; көмекші сөздер арқылы пайымдау мәтінін құрастырып жазу

3.3.6.1 кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету

Бағалау критерийі

- Мәтіннің тақырыбы мен берілген сурет бойынша мәтіннің мазмұнын болжайды;

- Жоспарды қолдана отырып, тірек сөздер арқылы әңгімелеу мәтінін құрап жазады;

- Кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазады.

Ресурстар: үлестірме материалдар, суреттер, мәтін құрылымының сызбасы

Қауіпсіздік және денсаулық сақтау

Сыныпта оқушылар ережелері еске түсіріледі. Белсенді оқыту әдістері қолданылады.

Сабаққа қатысты ескертпелер

 «Кіру билеті» әдісі бойынша бөлім бойынша өткен негізгі тақырыптарды қайталау ұйымдастырылады. Ол үшін алдын ала дайындалған №1 қосымшадағы сұрақтардан үлестірме дайындалады. Сұрақтарды басып шығару мүмкіндігі болмаған жағдайда қағаз қиындыларына жазып беруге болады. Бұл тапсырманы уақыт үнемдеу мақсатында оқушыларды мектепке қабылдау барысында немесе қоңырау кезінде де бастауға болады. Әр оқушы өзіне берілген сұрақтың жауабын мұғалімге айтады, қажет жағдайда жауабын толықтыруға бағытталған сұрақтар қойып қолдау көрсету ұйымдастырылады. Оқушы жауабын айтқан соң үлестірме қағазды «Ішкі және сыртқы шеңбер» дидактикалық ойынына дейін сақтап қояды.

 «Ішкі және сыртқы шеңбер» (Карусель) әдісі бойынша қаратпа сөзді қолдану дағдысы пысықталады. Сыныпта 1-нұсқада отырған оқушылар ішкі шеңберді, 2-нұсқада отырған оқушылар сыртқы шеңберді құрайды. Өзара бір біріне қарама-қарсы орналасады. Белгі бойынша бір-біріне үлестірме қағаздағы сұрақтарын қояды. Оқушылар өзара бір-бірінің жауабын бағалайды. Келесі белгі берілгенде сыртқы шеңбер оқушылары сағат тілімен 1 қадам жылжып тұрады. Осылай оқушылардың жұптары алмасады да, оқушылар бір-біріне сұрақтарын қоюды жалғастырады. Жаттығу бірнеше рет осылай жалғасады. Оқушылар сұраққа кімдер дұрыс жауап бергенін атайды. Мұғалім оқушылардың айтқан сөйлемдерін бақылайды, қолдау көрсетеді.

Мұғалім бұл тақырыптарды неліктен қайталанғаны туралы ой қозғайды. Сабақ тақырыбы мен оқу мақсатын, бағалау критерийін таныстырады.

Оқушылар бөлім бойынша жиынтық бағалауды өз бетінше орындайды.

Ойлау дағдыларының деңгейі: қолдану

Орындау уақыты: 20 минут

1-тапсырма. Мәтіннің тақырыбы мен берілген сурет бойынша мәтіннің мазмұнын болжау.

- «Қамқорлық» тақырыбында берілген суретке назар аудар. Осыдан кейін оқиға қалай жалғасуы мүмкін? Ойыңды жаз.

1. ...

2. ...

2-тапсырма. Әр суретке тақырыбын сәйкестендіріп, жоспарды қалпына келтір.

3-тапсырма. Құрастырған жоспар бойынша тірек сөздерді қолданып, шағын әңгімелеу мәтінін құрап жаз. Мәтін құрылымын сақта.

Тірек сөздер: жауды, көрді, соңынан ерді, берді, шешім тапты.

Саралау: мәтін құрылымы сызбасын ұсыну.

(Ө) Жазылымнан кейінгі тапсырма.

- Жазған жұмысыңды оқып, тексер.

- Сөйлемдер түсінікті құрастырылған ба?

- Оқиға реті сақталған ба?

- Сөйлемнің емлесі сақталған ба?

- Абзац дұрыс сақталған ба?

- Көркем жазу талаптары орындалған ба?

Оқушылардың өзіндік рефлексиясын ұйымдастыру.

Бағалау критерийі

Тапсырма

Дескриптор

Білім алушы

Балл

Сурет негізінде мәтіннің мазмұнын болжайды

1

сурет бойынша мазмұнын болжайды

ойын жазбаша жеткізе алады

1

1

Тірек сөздер мен жоспарға сүйеніп, берілген тақырыпқа әңгімелеу мәтінін құрайды

Кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазады.

2

3

жоспар құрайды

жоспарға сәйкес әңгіме құрайды

тірек сөздерді орынды қолданады;

сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтайды

сөйлемнің емлесін сақтап жазады

көркем жазу талаптарын сақтайды

1

1

1

1

1

1

Жалпы балл

8

 Оқушылардың әр тапсырманы орындауы тексеріледі. Дескрипторға сәйкес ұпай беріледі.

 

 Пайдалыналған әдебиеттер:

1. Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар Қазақ тілі (оқыту қазақ тілінде) 3-сынып, Бағалау өлшемдері орталығы, 2018 ж.

2. Байтенова К.К., Оқушылардың коммуникативтік дағдыларын қалыптастыруда қолданылатын белсенді оқыту әдіс-тәсілдері, «НЗМ» ДББҰ, 2017.

«Жанды табиғат» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика

Білім алушының аты-жөні ____________________________________________

Бағалау критерийі

Тапсырма

Төмен

Оқу жетістіктерінің деңгейі

Орта

Жоғары

Тақырып пен сурет негізінде мәтіннің мазмұнын болжайды

1

Тақырып пен сурет бойынша мәтіннің мазмұнын болжам жасауға қиналады.

Тақырып пен сурет бойынша мәтіннің мазмұнын болжауда қателіктер жібереді.

Тақырып пен сурет бойынша мәтіннің мазмұнын болжайды

Тірек сөздер мен жоспарға сүйеніп, берілген тақырыпқа әңгімелеу мәтінін құрайды

2, 3

Жоспар құру, жоспар мен тірек сөздер бойынша әңгімелеу мәтінін құрауда қиналады.

Жоспар құру, жоспарға сәйкес әңгімелеу мәтінін құрауда/ сөйлемнің құрылымын сақтауда/ тірек сөздерді қолдануда қателіктер жібереді.

Жоспар құру, берілген жоспар мен тірек сөздер бойынша тақырыпқа сәйкес әңгімелеу мәтінін құрайды.

Кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазады.

1, 3

Кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазуда қиналады.

Кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазуда кемшіліктер жібереді.

Кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу