Шығарманың жоспарын құру. Жер астында қала бар. Алтын мүйізді киік ҚМЖ. 3 сынып. Әдебиеттік оқу


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: Әдебиеттік оқу

Бөлім: Сәулет өнері

Күні:

Сынып:

Мектеп: Қарағанды облысы, Балқаш қаласы

Мұғалімнің аты-жөні: Аханова А.К.

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

3.1. Шығарманың жоспарын құру

Жер астында қала бар. Алтын мүйізді киік

Оқу мақсаты

3.2.6.1 кейіпкерлердің портретін сипаттау, оның іс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен тауып, бағалау

3.3.1.1 мұғалім көмегімен оқылған шығарманы логикалық бөліктерге бөліп, әр бөлікке ат қойып, жоспар құру

Сабақ мақсаты

Барлық оқушылар: ертегіні түсініп оқиды, кейіпкерге мінездеме береді.

Көптеген оқушылар: ертегі бойынша кейіпкердің портретін сөзбен сипаттайды, мінеземе береді. Мәтіннің бөліктеріне ат қойып, жоспар құрастырады.

Кейбір оқушылар: кейіпкерге мінездеме беруде көркем- бейнелі сөздерді қолданады. Мәтінді құрылымдық бөліктерін ажыратады. Жоспар құрастырады.

Бағалау критерийлері

  • кейіпкерге мінездеме береді;
  • мәтіннің құрылымдық бөліктерін анықтайды;
  • мәтін бөліктеріне тақырып қояды.

Тірек сөздер

Портрет, мінездеу.

Құндылықтарды дарыту

Топтық және жұптық жұмыстарды жасату арқылы оқушылардың арасында құрмет, ынтымақтастық құндылықтарын қалыптастыру. Еңбек пен шығармашылық, өмір бойы білім алуға үйрету.

Пәнаралық байланыстар

Шығарма мазмұнын әңгімелеу өз ойын жүйелі жеткізу , сөйлемдегі сөздердің байланысы, сөйлем түрлерін орынды қолдану арқылы қазақ тілі пәнімен байланыс жасалады.

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта

Алдыңғы меңгерілген білім

Сұрақтарға жауап береді, ертегінің соңын болжайды.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

1-5 минут

Ширату тапсырмасы

) Оқушылар шеңбер жасап тұрады. Парақтарын алдында тұрған оқушының қабырғасына қойып, оның портертін жүріп салады. Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын құру үшін баяу музыка қойылады. Жұмыс аяқталған соң, бір- біріне суреттері сыйлық ретінде беріледі.

  • Бір- бірімізге сыйға не бердік? Портрет дегеніміз не?
  • Ендеше, бүгін біз Бұлдырмергеннің портретін сөзбен жасайтын боламыз.
  • Сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.
  • Жетістік критерийлерімен таныстыру.

Музыка,

А-4 форматтағы парақтар,

Қарандаштар.

Слайд №4

Сабақтың ортасы

6- 7 минут

8- 17 минут

18-20 минут

21- 25 минут

26-30 минут

31-34 минут

  • Ертегіні жалғастырмас бұрын алдыңғы сабақтағы болжамдарыңызды көріп алайық. Қай топтың болжамы сәйкес келер екен.
  • Алдыңғы сабақтағы «Әңгіме тауы» сызбасын тақтаға ілу. Әр топтың болжамына шолу жасау. Сонымен, ертегімізді жалғастырайық.

Мәтін бойынша жұмыс.

  Ертегіні әртүрлі түспен белгіленген белгі бойынша оқиды.

  • 1-2 азат жол – басы
  • 3-4,5-ортасы,
  • 6,7,8-соңы.

Ертегіні «ДЖИГСО-1» әдісі бойынша оқуды ұйымдастыру.

(МК) (Ұ) Мәтінді үш бөлікке мұғалім бөледі. Сол бөліктерге ат қояды, атаулары тақтаға тізіліп жазылады. Мұғалімнің көмегімен ертегіге жоспар құрастырылады.

Жоспар:

  • Алтын мүйізді киіктің өтініші.
  • Бұлдырмергеннің ерлігі
  • Жерасты еліндегі той.

Саралау: тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Қабілеті жоғары оқушы қабілеті төмен оқушыға көмектеседі. Топта тапсырманы бірлесіп орындайды.

(ҚБ) Дескриптор:

  • ертегіні құрылымдық бөліктерге бөліп оқиды;
  • өзара талқылап, әр бөлікке тақырып қояды;
  • ертегіге жоспар құрастырады.

Сергіту сәті

Қолдарыңды көтеріңдер – бір дейік.

Көп отырып, қатты шаршап жүрмейік.

Қолды создық, басты бұрдық – екі деп,

Қозғалыспен әрбір адам жетіледі.

Алға, артқа қарадық та – үш дедік.

Тағы жаңа жаттығулар істедік.

Түсірейік қолды төрт пен бесті айтып,

Отырайық көңілді енді марқайтып.

(ТЖ) «Жаңғақ» ойыны

Әрбір топ басшысы себеттен жаңғақ таңдап алады. Жаңғақтың ішінде ертегіге сәйкес сұрақ болады. Топ болып, сол сұрақты талдайды және жауап береді.

  • Алтын мүйізді ақсақал Бұлдырмергенге қандай өтініш жасады?
  • Бұлдырмерген өтінішті неліктен қабалдады деп ойлайсың?
  • Бұлдырмерген қалай жасақталды?
  • Айдаһарды қалай жеңді?
  • Неліктен ол жерасты елді мекенде қалмады?

Бұлдармергенге мінездеме бер. Портретін сипаттайтын өздерді мәтіннен тауып жаз.

  Киімі ________________________

Бұлдырмерген Аңшылығы____________________

Батырлығы____________________

Халқына құрметі_______________

Саралау: тапсырма қабілеті бойынша сараланады. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Қабілетті жоғары оқушылар қабілеті төмен оқушыларға көмек көрсетеді.

(ҚБ) Дескриптор:

  • ертегі бойынша сұрақтарға жауап береді;
  • кейіпкерге мінездеме береді.

(Б) Топтар өзара бірін – бірі бағалайды.

(Ұ) «Үш қадамдық сұхбат» әдісі бойынша «Бұлдырмергеннің жерасты халқына пайдасы тиді. Ал, сен өз қалаңды көркейтуге қандай үлес қосар едің?» сұраққа өз пікірін айтып, ой бөліседі.

Алдыңғы сабақтағы топтардың толтырған «Әңгіме тауы» сызбасы.

Слайд №5

Тақырыпқа сәйкес суреттер, интербелсенді тақта оқулық

Оқулық, интербелсенді тақта

Мұғалімнің көрсетуімен, нұсқаулығымен іс- әрекетті қайталайды.

Слайд №6

Киндер сюрприздің босған бос қапшығы.

Ішіне жазылған сұрақтар.

Слайд №7

Жұмыс дәптері

Жеке сөздер жазылған қағаз, оқулық, интербелсенді тақта.

Сабақтың соңы

35-40 минут

«Дастарқан» әдісі бойынша қорытындылау.

Топқа берілген дастарқанға әр оқушы бігінгі сабақ туралы 3 сөз жазады.

 

 

  •  Ертегіден аларым...
  •  Менің көңіл күйім...
  •  Болжамым ертегімен сәйкес келді... келмеді....

Бос тұрған төрт жақты бұрышына әр оұушы 3 сөзден өз пікірлерін жазады. Ортадағы орынға ортақ шешімдерін түсіреді.

«Дастарқан» әдісінің сызбасы, маркерлер.

Слайд №8

Саралау

Төмендегі саралау тапсырмаларын сынып оқушыларының қажеттілігіне қарай мұғалім өз өзертіп отыруы қажет.

Бағалау

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

«Тапсырма бойынша саралау» негізінде «Оқиық» айдарындағы тапсырмалар орындалады. Тапсырманы орындау барысында әр оқушының ойлау деңгейінің әртүрлі болатындығын ескеріліп, өз мүмкіндігі бойынша қолдау беріледі.

«Қабілеті бойынша саралау» негізінде соңғы мінезме беру тапсырмасында жүргізіледі. Тапсырманы орындау кезінде қабілеті оқушы өз өлеңін құрастыруына болады.

«Бағдаршам», топтар бірін бірі бағалайды.

Дескриптор:

-ертегіні құрылымдық бөліктерге бөліп оқиды;

-өзара талқылап, әр бөлікке тақырып қояды;

-ертегіге жоспар құрастырады.

-ертегі бойынша сұрақтарға жауап береді;

-кейіпкерге мінездеме береді.

Сегіту сәті:

Мұғалімнің көрсетуімен, нұсқаулығымен іс- әрекетті қайталайды.

Сабақ бойынша рефлексия

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы даойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу