Кейіпкерлердің іс-әрекетін бағалау нұсқаулық. 3 сынып. Әдебиеттік оқу
Бөлім: Сәулет өнері
Сабақ тақырыбы: 2.6. Кейіпкерлердің іс-әрекетін бағалау
Жер астында қала бар . Алтын мүйізді киік.
Оқу мақсаты: 3.2.6.1 кейіпкерлердің портретін сипаттау, оның іс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен тауып, бағалау
3.2.5.1 көркем шығармадағы оқиғаның басталуын, дамуын және аяқталуын анықтау.
Сабақ мақсаты:
Барлық оқушылар: сурет бойынша тақырыпты болжайды, ертегіні түсініп оқиды, кейіпкерлердің портретін сипаттап, мінездеме береді.
Көптеген оқушылар: ертегіні түсінеді, сурет бойынша кейіпкердің мінез- құлықын, іс- әрекетін болжайды, тақырыпқа сәйкес сұрақтарға жауап береді.
Кейбір оқушылар: ертегі кейіпкерінің мінез- құлық ерекшелігіне іс- әрекетіне қарап баға береді, оқиғаның басталуын, дамуын анықтайды және аяқталуын болжайды.
Бағалау критерийлері :
- Мәтіннің құрылымдық бөліктерін (басы, ортасы, соңы) ажыратады.
- Кейіпкерге мінездеме береді.
Сабақтың барысы:
Сабақтың басы:
Ширату тапсырмасы
1- тапсырм
-
(МК, Ө) Оқушыларға сурет бойынша әңгіменің тақырыбын анықтауға тапсырма береді. Тапсырманы ауызша орындауға болады. Ойлануға уақыт беріледі.
Уақыт аяқталған соң оқушылар өз ойларын айтып, тақырыптарын ұсынады. Мұғалім тақтаға жазып тұрады. Соңынан тақырыптарды топтап, негізгілерін анықтау қажет. Сонан соң оқулықтағы тақырыппен салыстырып, сәйкестігін айту керек.
Сабақ тақырыбымен, оқу мақсаттарымен таныстыру.
Оқушылармен бірлесе бағалау критерийін құрастыру немесе таныстыру.
Сабақтың ортасы
2- тапсырма (ЖЖ) «Кестені толтыр»
Сурет бойынша сипаттап мінездеме беру | Мерген қандай? | Ертегі бойынша сипаттау, мінездеме беру. |
________________________________________________________________ |
Суретке қарай отырып, мергенді сипаттау ұсынылады.
Ертегі оқығаннан кейін кейіпкерді сипаттап мінездеме береді және салыстырады Саралау: Оқушылар қабілеті боынша тапсырманы орындайды, бір – біріне көмектеседі. Қабілеті жоғары оқушы көркем бейнелі сөздерді қолданып өз ойын жеткізеді.
3- тапсырма
«Алтын мүйізді киік» ертегісі
Мұғалім оқушылардың назарын оқулықта берілген ертегіге аударту; Ертегіні оқуға уақыт беру.
Оқудың алдында оқушыларға оқылымның критерийлерімен таныстыру:
- Әрбір кейіпкердің не айтқанын, олардың іс- әрекетін есте сақтау;
- Рөлге ене отырып, дауыс ырғағын келтіріп оқу;
- Ертегіні түсініп оқу.
Егер критерийлері дұрыс орындалған жағдайда тапсырмаларды орындауда жеңіл болатынын ескерту қажет.
(ТЖ) «Ашық микрофон» ойыны. Әр топтан 1 тілші болады. Төмендегі сұрақтарды топ мүшелеріне қойып талқылайды.
- Ертегідегі басты кейіпкерлерді ата.
- Бұлдырмерген неге таңқалды?
- Алтын мүйізді ақсақал Бұлдырмергенді не үшін іздеді деп ойлайсың?
- Жерасты елінің мекені қандай деп ойлайсың?
(ЖЖ) «Салыстырайық»
Ертегіге сүйене отырып, кестені жалғастырып толтыр.
Сурет бойынша сипаттап мінездеме беру | Мерген қандай? | Ертегі бойынша сипаттау, мінездеме беру. |
________________________________________________________________ | _________________________________________________________________ |
Берілген мінездемені салыстыр, болжам қаншалықты сәйкес келеді? Бұлдырмергенді қандай кейіпкер санайсың?
(ҚБ) Дескриптор:
- ертегі бойынша сұрақтарға жауап береді;
- кейіпкерге мінездеме береді.
Саралау: Оқушылар қабілеті боынша тапсырманы орындайды, бір – біріне көмектеседі. Қабілеті жоғары оқушы көркем бейнелі сөздерді қолданып өз ойын жеткізеді.
Кестемен бірге «Жетістік баспалдағы» бағалауы беріледі. Оқушы өздерінің қай деңгейде тапсырма орындағанын көрсетеді.
Сергіту сәті «Бала, бала, балапан»
4- тапсырма
Тыңдалым
Оқушыларға қайта шолу ретінде ертегіні тыңдату. Ертегінің қалай басталды, оқиға қалай дамыды, оқиға немен аяқталғанын сұрай отырып, ертегі мазмұны еске түсіріледі. Тапсырманы «Әңгіме тауы» әдісі арқылы орындайды. Оқушылар параққа тау сияқты салынған кесте сызып, осы кестеге әңгіменің басында, ортасында, соңында болған оқиғаларды ретімен жазу ұсынылады. Оқиға соңын болжау тапсырылады. Оқушылар өз ойларымен бөліседі.
Саралау: тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма оқушылардың барлығына ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Кейбір оқушыларға қолдау көрсетіледі.
(ҚБ) дескриптор бойынша бағалау
- мәтінді құрылымдық бөліктерге бөледі;
- мәтін соңын болжайды.
Сабақтың соңы
«Бір қадам алға...» әдісі
Мұғалім бүгінгі материалдарға байланысты сұрақтар қояды. Жауап дұрыс болса, бір қадам алға жылжиды, қате болса, бір қадам артқа шегінеді. Мұғалім сұрақ қою арқылы оқушылардың түсінгенін анықтайды.
Ескерту. Сынып оқушыларының ерекшелігіне байланысты мұғалім тапсырмаларды түрлендіріп бере алады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?