Оқу түрлерін қолдану. Әлемнің кереметтері. Вавилон аспалы бағы ҚМЖ. 3 сынып. Әдебиеттік оқу
Қысқа мерзімді жоспар
Пән: Әдебиеттік оқу Бөлім: Сәулет өнері Күні: Сынып: | Мектеп: Қарағанды облысы, Балқаш қаласы. Мұғалімнің аты-жөні: Аханова А.К. Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |||||
Сабақ тақырыбы | 2.1. Оқу түрлерін қолдану Әлемнің кереметтері. Вавилон аспалы бағы | |||||
Оқу мақсаттары | 3.2.1.2 шығарманы іштей саналы түрде түсініп, көз жүгіртіп, шолып, түртіп алып, қажетті ақпаратты тауып, белгі қойып,сын тұрғысынан бағалап оқу 3.2.8.2 мұғалімнің көмегімен көркем шығарма үзіндісін басқа үлгідегі (иллюстрация, музыка(күй), мультфильм) нұсқасымен салыстыру | |||||
Сабақ мақсаттары | Барлық оқушылар: мәтінді түсініп оқиды, суретте берілген нұсқасы мен мәтіндегі сипаттауды салыстырады. Көптеген оқушылар: мәтінді басқа нұсқасымен салыстыра сипаттайды, мәтіннен қажетті ақпаратты тауып, сөздік құрастырады. Кейбір оқушылар: мәтінді түсініп оқиды, мәтінге сүйеніп, алғашқы нұсқасын сипаттап айтады. | |||||
Бағалау критерийлері |
| |||||
Тірек сөздер | Вавилон аспалы бағы, әлемнің кереметі, Вавилон, Мидия, Евфрат, Амитис, Навуходоносор, Семирамида. | |||||
Құндылықтарды дарыту | Топтық және жұптық жұмыстарды жасату арқылы оқушылардың арасында құрмет, ынтымақтастық құндылықтарын қалыптастыру. Еңбек пен шығармашылық, өмір бойы білім алуға үйрету. | |||||
Пәнаралық байланыстар | Аспалы бақтың алғашқы нұсқасының сұлбасын салуда көркем еңбек пәнімен, мазмұнын әңгімелеу өз ойын жүйелі жеткізу , сөйлемдегі сөздердің байланысы, сөйлем түрлерін орынды қолдану арқылы қазақ тілі пәнімен байланыс жасалады. | |||||
АКТ қолдану дағдылары | Интербелсенді тақта | |||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Мәтін мазмұынын түсінеді, сұрақтарға жауап береді. | |||||
Сабақ барысы | ||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||
Сабақтың басы 1-6 минут | Ширату тапсырмасы Ойлан/ Жұптас/Талқыла – ой шақыру стратегиясы бойынша бастау:
Сұрақ қойылғаннан кейін келесі іс- әрекеттер төмендегідей жүзеге асады:
Әлемнің жеті кереметі: Мысыр пирамидалары, Вавилонның аспалы бағы, Эфестегі Артемида ғимараты, Олимпиадағы Зевстің мүсіні, Галикарнастағы Мавсол патшаның табытханасы,Родос алабы, Александрия шамшырағы.
| Интербелсенді тақта Слайд №4 Оқушыларға түртіп жазып алуға арналған парақшалар, қарандаштар. Ортақ тізім тақтада жазылады. Әлемнің жеті кереметі жазылған мұғалімнің нұсқасы. | ||||
Сабақтың ортасы 7-17 минут 18- 23 минут
23-28 минут 29-31 минут 31- 37 минут | «Уақыт шеңбері» әдісімен мәтінмен танысу. «Уақыт шеңберіндегі» құрылымдық ережелерінің сақталуына көңіл бөлу. Ережемен таныстыру. Бұл тапсырманы орындау барысында оқушылар орындыққа шеңбер құрып отырады. Мұғалім де оқушылармен бірге отырады, бірақ өзін үйлестіруші екенін түсіндіру керек. Сөйлеуші ғана ұстайтын зат болу керек, мысалы, доп.
Мысалы: Аспалы бақ кімнің құрметіне салынған?, Аспалы бақтың құрылысына кімдер қатысты?, Тағы қандай атауы бар? Сұрақты оқушылар да ойлатыра алады. Мәтінді түсініп болған соң, орындарына отырады. Мәтін бойынша тапсырмалар орындайды. (ҚБ) (Ө) «Сөздік құрастыр» тапсырмасы Мәтіндегі жалқы атаулардан сөздік құрастыр. Вавилон- Мидия- Евфрат- Амитис- Навуходоносор- Семирамида- (ҚБ) Дескриптор:
Саралау: Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі Қабілеті жоғары оқушының және мұғалімнің көмегін қажет ететін оқушыларға қолдау беріледі. «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалау. «өте жақсы», бәрі түсінікті; сары түс – «орташа», түсініксіз жерлері бар; қызыл түс – «нашар». Сергіту сәті. Қолдарыңды көтеріңдер – бір дейік. Көп отырып, қатты шаршап жүрмейік. Қолды создық, басты бұрдық – екі деп, Қозғалыспен әрбір адам жетіледі. Алға, артқа қарадық та – үш дедік. Тағы жаңа жаттығулар істедік. Түсірейік қолды төрт пен бесті айтып, Отырайық көңілді енді марқайтып. (ҚБ) «Жасырын сурет» тапсырмасы
(ЖЖ) Мәтінде аспалы бақты қалай сипаттаған? Гүл- құрақ, табанына тас төселіп, қамыс, қақталған қорғасын, зәулім ағашы, судың салдыры. Тірек сөздерді қолдана отырып, Вавилон аспалы бағын мәтіндегі нұсқасы бойынша сипатта. «Жасырын суреттен» Вавилон аспалы бақтың қазіргі нұсқасы бейнеленген суреті шығады.
Қазіргі нұсқасы (ҰЖ) Суретке зер сал. Мұнда аспалы бақтың қазіргі нұсқасы бейнеленген. Мәтінмен салыстыр. (ҚБ) Дескриптор:
Саралау: тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Қабілеті жоғары оқушы қабілеті төмен оқушыға көмектеседі. (ТЖ) Шығармашылық тапсырма Аспалы бақтың алғашқы нұсқасын қалай елестетер едіңіз? Жалпы сұлбасын салып көріңіз. «Галерияшы шарлау» әдісі бойынша бір- бірінің жұмыстарын көріп, шетіне ризашылық белгісін сала алады. Бұл оқушылардың әрқайсысына барлық жұмыспен танысуына мүмкіндік береді, сонымен қатар, бұл оқушының еңбегіне сыныптағы барлық оқушының сыйластығы және назары. Оқушыларға алғашқы нұсқасын көрсету. | Тақырыпқа сәйкес суреттер, интербелсенді тақта оқулық Доп
Оқулық, интербелсенді тақта Слайд №5 Қосымша №1 Мұғалімнің көрсетуімен, нұсқаулығымен іс- әрекетті қайталайды. Слайд № 6 Тірек сөздер жазылған парақ. Қосымша №2 Вавилон аспалы бақтың қазіргі нұсқасы бейнеленген суреті Слайд №7 Топтарға А3 форматтағы парақтар, маркерлер, боялар. Ризашылық белгілері Слайд №9 | ||||
Сабақтың соңы 37-40 минут | Рефлексия «Көңіл күй аралы» Оқушылар стикерлерге өз есімдерін жазып (немесе смайликтің суретін салып) тақтада салынған аралдардың біріне жабыстырады. Аралдар «Керемет!», «Өзіме сенімдімін!», «Жақсы», «Жаман емес», «Маған көмек керек!», «Білмеймін», «Нашар» деп аталады | Көңіл күй аралы, жазылған арал атаулары. Слайд №10 | ||||
Саралау Төмендегі саралау тапсырмаларын сынып оқушыларының қажеттілігіне қарай мұғалім өз өзертіп отыруы қажет. | Бағалау | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||
«Тапсырма бойынша саралау» негізінде «Сөздік құрастыр» тапсырмасы орындалады. Тапсырманы орындау барысында әр оқушының ойлау деңгейінің әртүрлі болатындығын ескеріліп, өз мүмкіндігі бойынша қолдау беріледі. «Нәтиже арқылы саралау» негізінде «Жасырын сурет» тапсырмасы орындалады. тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі Қабілеті жоғары оқушының және мұғалімнің көмегін қажет ететін оқушыларға қолдау беріледі. | «Басбармақ», әр оқушы өз жұмыстарын бағалайды. Дескриптор -мәтіннен жалқы атауға қатысты ақпаратты анықтайды; -сөздің түсіндірмесін құрастырып жазады. -Вавилон аспалы бағын мәтіндегі нұсқасы бойынша сипаттап айтады; -тірек сөздерді қолданады; -қазіргі нұсқасы бейнеленген сурет пен мәтінді салыстыра сипаттайды. | Сегіту сәті: Қимылды мұғалімнің нұсқауы бойынша жасайды. | ||||
Сабақ бойынша рефлексия | ||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы даойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?