Тыңдалған шығарма бойынша пікір білдіру нұсқаулық. 3 сынып. Әдебиеттік оқу
Бөлім: Сәулет өнері
Сабақ тақырыбы: 1.5 Тыңдалған шығарма бойынша пікір білдіру
Абдрахман Асылбеков «Сәулетті біздің Алматы», «Мұзайдын»
Оқу мақсаттары: 3.1.5.1 өз ойы мен сезімін көркем-бейнелі сөздерді қолдана отырып жеткізу
3.2.9.1 шығарманың мазмұнына сәйкес түрлі дереккөздерден: иллюстрация, әдеби кітаптар, мультфильмнен нақты ақпаратты табу және ақпаратты сызба түрінде беру
Сабақ мақсаттары:
Барлық оқушылар: өлеңді дауыстап, түсініп оқиды, сурет бойынша әңгіменің тақырыбына болжам жасай алады.
Көптеген оқушылар: өлеңді дауыстап, түсініп оқиды, өлеңді өз түсінгенімен қарасөзге айналдырып жазады, сызбаны толтыруда қажетті ақпараттарды таба алады.
Кейбір оқушылар: өлеңге сай ырғақты таңдап оқиды, өлеңдегі көркем- бейнелі сөздерді қолданып өз ойын жеткізеді, өлеңдердегі ақпараттарды табады және сызбаға түсіреді.
Бағалау критерийлері:
- төрт жолды өлең құрастырады;
- көркем шығарманы сурет нұсқасымен салыстыра сипаттайды.
Сабақ барысы
Сабақтың басы
Ширату тапсырмасы
«Суреттер сөйлейді» ойыны
(ЖЖ)Берілген суреттердегі ғимараттарды атауларымен сәйкестендір.
- Дұрыс, балалар, «Бәйтерек». Себебі, ол Астанада орналасқан.
- Ал, қалған ғимараттар ше? Бізге танысы қайсы?
- Сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру;
Жетістік критерийлерімен таныстыру.
Сабақтың ортасы
1-тапсырма «Суреттер сөйлейді» ойыны.
Берілген суреттерге назар аударайықшы.
- Балалар, мына суреттерге қарай отырып, Алматы қаласын қандай деп ойлайсыздар?
- Қалай сипаттар едіңіз?
- Ақын- жазушылар өз шығармаларында қалай сипаттайды екен?
- Ендеше, мұқият тыңдаймыз.
Тыңдалым
- Абдрахман Асылбеков «Сәулетті біздің Алматы», «Мұзайдын» өлеңдерімен танысамыз.
Үнтаспадан тыңдап болған соң, «Қабырғаға қарап оқу» әдісі бойынша оқушыларға өлеңді мәнерлеп оқыту.
- Оқушылар өзіне ұнаған жерден қабырғаны таңдап алулары керек;
- Оқушылар бір- біріне бөгет болмауы үшін аралары ашық болғаны жөн.
- Өлеңдерді дауыстап, түсініп оқиды.
2- тапсырма.
(МК, Ө) өзің қалаған өлеңнен түсінгеніңді қарасөзбен жаз. Оқушы өз қалауы бойынша екі өлеңнен өлең жолдарын таңдап алып, түсінгенін қара сөзге айналдырып жазады.
Мысалы:
Қоршаған таулары, Жайқалған баулары. Бұлбұлдар шырқаған, Субұрқақ бұрқаған. | Алматы қаласын таулар қоршаған. Қала іші жап- жасыл жайқалған бау. Бұлбүлдар ән салып сайраса, субұрқақ ерекше сән береді. |
Алматы керемет қала ғой, Алатау айрықша дара ғой. Көрікті жерлері жетеді, Бірінен- бірі өтеді. Көңілді көтеріп демеуге, Тура жол тартады Медеуге, Онда бар мұзайдын- сырғанақ. Құмарың қаңбайды мың қарап | Алматы- өте әсем қала. Ол Алатаудың баурайында орналасқан. Көз тоймайтын көрікті жерлері өте көп. Медеу мұзайдыны бар. Сырғанап көңіл көтересің. |
(ҚБ) Дескриптор:
- Өлеңді түсініп оқиды;
- Түсінгенің қарасөзбен жазады;
- Өз ойың жазғанда өлеңдегі көркем- бейнелі сөздерді қолданады.
Саралау: Тапсырманы орындау барысында әр оқушының ойлау деңгейінің әртүрлі болатындығын ескеріліп, өз мүмкіндігі бойынша қолдау беріледі.
3 -тапсырма
Оқушылар өз жұмыстарын «Автор орындығы» әдісі бойынша тақтаға шығып оқып береді.
Сыныптағы ең әдемі немесе ерекшеленетін орындықты таңдап алып, сыныптың ортасына қояды. Өз қалауымен жұмысын оқығысы келетін жазушы ортаға шығып оқиды.
Оқыған балалардың жұмысын «Жапондық бағалау» әдісі бойынша бағалайды.
3- тапсырма. Дәптермен жұмыс. Өлең авторы туралы мәліметті түсініп оқиды. Сызбаны толтырады.
Қай жерде Кім? Шығармалары
дүниеге келген?
4- тапсырма
(ТЖ) (МК) «Венн диагараммасы» арқылы өлеңід салыстырады.
Топтар мұғалім көмегімен екі өлеңнен жетелеуші сұрақтар арқылы нақты ақпараттарды, алған білімдерін жинақтай отырып, сызбаны толтырады. Ұқсастығы мен айырмашылығын анықтайды.
Алматы Астана
(ҚБ) дескриптор:
- Өлеңнен нақты қажетті ақпаратты табады;
- Сызбаға әр қаланың ұсқастықтары мен ерекшеліктерін түсіреді.
Саралау: топтық жұмыс барысында қабілеті жоғары оқушының және мұғалімнің көмегін қажет ететін оқушыларға қолдау беріледі.
Б: топтар бірін- бірі «Бағдаршам» түсіне сәйкес бағалайды.
Сабақтың соңы
«Рефлексиялық шеңбер»
Оқушылар шеңберге тұрып, төмендегі сұрақтарға жауап береді.
- Сабақ барысында көңіл-күйіңіз қандай болды? Неліктен?
- Бүгін не білдіңіз? Сіз үшін не жаңалық болды?
- Сабаққа қатысуыңызды қалай бағалайсыз?
- Сабақта қандай қиындықтар туындады?
Сабақ аяқталғанда көңіл-күйіңіз қандай? Неліктен?
Ескерту. Сынып оқушыларының ерекшелігіне байланысты мұғалім тапсырмаларды түрлендіре алады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?