Жас уақытта көңіл – гүл. Абай Құнанбаев Дидактикалық материал. 3 сынып. Әдебиеттік оқу
Қосымша 1
1 топ
Арман мен Талғат шахмат үйірмесіне қатысады. Арман алғыр, ұқыпты, талапты бала. Шахмат жарыстарында үнемі жүлделі орындар алады. Талғат та шахматты жақсы ойнайды, бірақ шахматтан берілген тапсырмаларға дұрыс көңіл бөлмейді. Мен Арман тәрізді бола алмаймын деп ойлайды.
Тапсырма: Арманға қандай ақыл айтар едің?
2 топ
Назира мен Айгүл көрші тұрады. Екеуі бір мектепте, бір сыныпта оқиды. Алғашында екеуі де фортепиано үйірмесіне барды, бірақ жарты жылдан кейін Айгүл фортепиано ойнаудан жалықты. Ол домбыра үйірмесіне жазылды. Алайда одан да жалығып, жыл ішінде би, қол өнер, ән үйірмелеріне барып шықты. Назира фортепиано ойнауды шыңдап, халықаралық сайысқа қатысып бірінші орын алды.
Тапсырма: Кейіпкерлердің ісіне баға бер.
3 топ
Сыныптағы сотқар Мараттан барлық оқушылар қорқатын еді. Мараттың барлық әрекеті айналадағы адамдарға, жануарларға, өсімдіктерге зиян келтіру. Сыныпқа жаңадан келген Алихан ғана Маратпен жақсы тіл табысты. Екеуі күнде бірге ойнайды, сабақ оқиды. Көктемде Марат пен Алихан біргіп құстарға ұя жасады. Құстар ұяны мекендеп, балапан шығарды. Ұядан шиқылдаған балапандардың көңілді дауыстары шықты. Ауыл адамдары сол ағаштың маңайында отырып, құстың сайраған үнін еститін. Біраз уақыттан кейін сыныптағы барлық оқушылар Маратпен дос бола бастады.
Тапсырма: Мараттың өзгеруіне не себеп болды?
4 топ
Математика сабағында мұғалім төрт топқа тапсырма берді. Топтарда қызу талқылау жұмыстары басталды. Тек бірінші топта ғана тапсырманы әркім өзі орындап отырды. Осы топтағы Руслан тапсырманы бәрінен бұрын орындады. Топ мүшелері одан көмек сұрап еді, ол дәптерін жауып алды. Олар Руслансыз өз білгендерінше тапсырманы орындады. Уақыт аяқталды. Топтар жұмыстарын жариялады. Кезек бірінші топқа келді. Олардың жауабы қате болып шықты. Қалған топтардың жауаптары дұрыс бодды.
Тапсырма: Неліктен бірінші топтың тапсырмасы қате болды?
5 топ
Самал ата-анасы сатып әперген ұялы телефонымен мақтанып сыныпқа келді. Енді ол өз уақытын тек сол телефонмен өткізетін болды. Сыныптастары да оны айналып шықпайды. Айманда ұялы телефон жоқ еді. Самал оны сол үшін ылғи шектейтін. Бірақ Айман оған назар аудармайтын. Оның бар ермегі кітапхана еді. Бір күні мектепшілік сайысқа сынып командасы қатысты. Құрамында Самал мен Айман болды. Осы сайыста күрделі тапсырмалардың бәрін тек Айман шешті. Сынып командасы жеңіске жетті.
Тапсырма: команданың жеңіске жетуіне не себеп болды?
Қосымша 2
Топтастыру.
Ғылым таппай мақтанба,
Орын таппай баптанба,
Құмарланып шаттанба,
Ойнап босқа күлуге.
Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол,
Адам болам десеңіз.
Тілеуің, өмірің алдыңда,
Оған қайғы жесеңіз.
Өсек, өтірік, мақтаншақ,
Еріншек, бекер мал шашпақ
- Бес дұшпаның, білсеңіз.
Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым, ойлап қой
- Бес асыл іс, көнсеңіз.
Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,
Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан.
Білмеймін тойғаны ма, тоңғаны ма,
Жылқы ойнап, бие қашқан,
тай жарысқан?
Жасыл шөп бәйшешек жоқ бұрынғыдай,
Жастар күлмес,
жүгірмес бала шулай.
Қайыршы шал-кемпірдей түсі кетіп,
Жапырағынан айрылған ағаш, қурай.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?