Ауыл күзі Нұсқаулық. 3 сынып. Әдебиеттік оқу


Сабақтың тақырыбы: Ауыл күзі.

Оқу мақсаты:

3.2.1.1 шығарманы дауыстап түсініп/ рөлге бөліп/ мәнерлеп/ теріп оқу

3.2.7.1 мұғалімнің көмегімен шығармадағы әдеби көркемдегіш құралдарды (теңеу, эпитет, кейіптеу) табу

3.3.2.1* шығарма кейіпкеріне хат/ ертегі (кейіпкер қосу, соңын өзгерту...)/ өлең (төрт жолды)/ әңгіме (оқығаны, көргені бойынша) жазу

Сабақ мақсаты:

  • шығарманы дауыстап,мәнерлеп оқиды;
  • шығарма мазмұнын бойынша сұрақатарға жауап береді;

- өлеңнін көркемдеуіш сөздерді табады;

- көркем сөздерді түріне қарай ажыратады;

- төрт жолды құрастыра алады.

Бағалау критерийлері:

  • өлеңді қатесіз, мәнерлеп оқиды;
  • мәтіннен көркемдеуіш сөздерді анықтайды;
  • эпитет пен теңеуді ажыратыды;
  • берілген сөздер мен сөз тіркестерін қолданып, төрт жолды өлең құрастырады

Қажетті ресурстар: А4 қағаздың бөліктері. Қосымша 1, 2;3. Үнтаспа немесе оқулық; маркер, бор; стикерлер; презентация;

Мұғалімге арналған ұсыныстар.

І. Сабақтың басы

«Қошеметтер бұрқасыны» тапсырмасы сыныпта психолгиялық ахуал орнату мақсатында және топтастыру үшін жүргізіледі. Әр оқушы кішкентай қағаздың бөлігіне 1 жылы сөз жазады. Жазып болған соң, барлығы ортаға шығып қағаздарды жоғарыға лақтырады, кез келген қағазды ұстап алып, ішінде жазылған жылы сөзді дауыстап оқиды. Топтастыру. Осы тапсырма арқылы топтастыру жүргізуге болады. Тарататын қағаз бөліктері бала санына сай әртүсті болу керек: 5 қызыл, 5 көк, 5 сары, 5 жасыл с.с. Жылы сөздерді оқып болған соң, түстер бойынша 5 топқа топтасады.

ІІ. Сабақтың ортасы

Алдыңғы сабақ пен осысабақ бір –бірімен байланысты болғандықтан, оқыған мәтінді еске түсіру мақсатында М.Дулатовтың «Күз» мәтіні туралы қысқаша сұрау. Бүгінгі сабақтың тақырыбы мен мақсаттарын айқындау.

1-тапсырма.

(ЖЖ) Өлеңді тыңда. Мәнерлеп оқы. Бұл тапсырма оқушылардың тыңдау қабілеттері мен мәнерлеп оқу дағдыларын дамытуға арналған. Оқулықтағы Т.Жароковтың «Ауыл күзі» өлеңін үнтаспадан тыңдатыңыз немесе өзіңіз мәнерлеп оқып беріңіз. Қажетті жағдайда сөздік жұмысын жүргізіңіз. Алдымен оқушылар жеке түсініп оқиды, кейін жұпта өлеңді мәнерлеп оқиды, бірін-бірі тыңдап, дескрипторлар бойынша бағалайды. Сондықтан дескрипторларды алдын-ала берілуі керек.

Дескриптор:

-Өлеңнің тақырыбын, авторын оқиды.

-Әр сөзді анық, нақты жеткізе біледі.

-Екпінді дұрыс қойып оқиды

-Өлеңді сезіммен (эмоция) оқиды

Бағалау. Оқушылар жұпта бірін-бірі өзара «Шапалақ бұрқасыны» әдісі арқылы бағалайды.

Саралау: тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Тапсырманы орындау кезінде бірін-бірі тыңдап, бағалайды, бір-біріне кері байланыс береді.

2-тапсырма.

(Т) «Ыстық картоп» әдісі арқылы оқушылармен өткен тақырыптарды (терминдерді) қайталау көзделеді. Шеңбер жасап тұрған оқушылар бір-біріне кезек доп лақытарыд, доп лақтырған оқушы сұрақ қояды, қағып алған оқушы жауап береді, мысал келтіреді.

Сұрақтары әдеби жанрлар, олардың ерекшеліктері мен түрлеріне, көркемдегіш құралдар, т.б. байланысты болады:

  • Қара сөз деген не?
  • Өлең мен қара сөздің айырмашылығы неде?
  • Эпитет деген не деп ойлайсың?

Ұмытып қалған оқушылар болса қабырғаларда ілулі турған анықтамаларды оқып, естеріне түсіруге болады.

Қара сөз (проза)- көркем әдебиеттің үлкен бір саласы. Өлең сөзден (поэзиядан) бір айырмасы- онда сөз ырғағы еркін, әдебиеттегі сөзді саптау қалпына сәйкес келеді, өлеңдегідей белгілі өлшемдер сақталмайды.

Өлең- шағын көлемді поэзиялық шығарма. Ырғағы мен ұйқасы қалыпқа түскен, шумағы мен буыны белгілі белгілі тәртіпке бағынған мағыналы сөздер тізбегі. Өлеңнің түрлері мен жанрлары әр алуан: ода, эллегия, баллада, сонет, т.б.

Эпитет (грек. «қосымша») – заттың немесе құбылыстың ерекшелігін, сыр-сипатын, бейнелі түрде танытатын поэтикалық және стилистикалық ұғым, айқындаушы сөз. Мысалы қазақ поэзиясында «алтын» сөзі эпитет ретінде көп қоданылады. Оның мағынасы да сан алуан:

  • Түсті (алтын күз)
  • Әдемілікті- (алтын қасықтай) – бұл эпитет –теңеу.
  • Құтты мекенді- (алтын бесік-туған жер)
  • Атақ-дәрежені (алтын жаға)
  • Қазына-байлықты (алтын сандық)
  • Жаны таза, адамгершілігі мол кісіні (алтын адам).
  • Эпитет көбінесе сын есім, үстеу, зат есім, етістіктен жасалады.

Теңеу, эпитет- затты,нәрсені, құбылысты немесе заттың, нәрсенің, құбылыстың белгісін, қасиетін, сапасын көрсететін көркемдік ұғым. Теңеу –дай, -дей, -тай, -тей жұрнақтары жалғану арқылы жасалады. Мысалы: Асқар таудай, дардай.

Саралау: Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Тапсырманы орындау кезінде бірін-бірі тыңдап,бағалайды. Қабілеті төмен оқушыларға қолдау көрсетіледі.

Бағалау: «Бағдаршам» әдісі арқылы бағалау.

3-тапсырма. Салыстырайық. Бұл тапсырма өлең мен прозаның айырмашылығын түсінуге бағытталған. Тапсырма барлық сыныппен жүргізіліеді. Мұғалім тақтаға Венн диаграммасын сызады. М. Дулатовтың «Күз» мәтіні мен Т.Жароковтың «Ауыл күзі» шығармаларын салыстырады, ортақ қасиеттерін анықтайды.

Саралау: тапсырма барлық оқушыға ұсынылады, сондықтан барлығы қатысып отыруын қадағалап отыру ұсынылады. Уақыт болған жағдайда топта орындатуға болады. Оқушылардың әр жауабына кері байланыс беріп отырыңыз.

4-тапсырма. Кестені толтырайық. Топтық тапсырма жаңа материалды бекітуге арналған тапсырма.

Әр топ А4 қағазында берілген кестені толтырады. Өлеңнің шұмақтарын топтарға бөліп беріп, сол шұмақтар бойынша кестені толтыртуға болады. Мысалы: 1 мен 4 топ: 1-2 шумақ; 2 мен 5 топ: 3-4 шумақ; 3 топ: 5-6 шумақ. Толтырып біткен соң, «Галлереяны шарлау» әдісі арқылы бірін-бірі тексеріп, дескриптор бойынша бағалайды.

Мәтіндегі сөздер мен сөз тіркесі

эпитет

теңеу

Дескрипторлар:

  • Мәтіннен көркемдеуіш сөздерді анықтады;
  • Эпитет немесе теңеу екенін дұрыс белгіледі;

Бағалау. «Екі жұлдыз бір тілек» әдісі арқылы жүзеге асады. Кесте толтырған әр қағаздың соңына топ атына жұмыстың екіжақсы тұстары мен бір ұсыныстарын жазады.

Саралау: Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Келіспеушілік те туындауы мүмкін, бастысы оқушының әр пікірі құнды екенін есте сақтаңыздар.

5-тапсырма.

(Ө) Тапсырма оқушылардың жазу дағдыларын дамытуға бағытталған. Оқулықта берілген сызбаға сай, күзге қатысты көркем-бейнелі сөздерді қолданып, жеке дәптерлерінде өлең құрастырады. Көркем –бейнелі сөздерді беріңіз. Үлгісін жазыңыз. Бұл тапсырма оқушылардың жазылым және айтылым дағдыларын жетілдіреді. Тапсырма арқылы оқушы өз ойын көркем-бейнелі сөздер арқылы жеткізуді үйренеді.

  • Дескрипторлар: өлең тақырыбына сай;
  • өлең ұйқастары сақталаған;
  • көркем сөздерді қолданған;
  • өлеңді мәнерлеп оқып берді;

Бағалау: «Автор орындығы» арқылы бағаланады. Өз қалаулары бойынша ортаға шығарып оқытуға болады. Немесе жұпта бір-біріне дескрипторлар бойынша бағалайды. Саралау: Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Тапсырманы орындау кезінде бірін-бірі тыңдап,бағалайды. Қабілеті төмен оқушыларға қолдау көрсетіледі. Барлық баланы бағалау үшін мұғалім дүлгермеген оқушылардың дәптерлердегі өлеңдерді оқып, кері байланыс беріп шығуға болады.

ІІІ. Сабақтың соңы.

Сабақтың соңында мақсатқа оралып, сабақты қорытындылау. «Термометр» әдісі арқылы жүргізіледі.

Цифрлік шкалада өздерінің эмоциялары мен материалдың қызықты болуы бағаланады. Презентацияға қарап өздерінің цифраларын атайды.

Саралау: тапсырма арқылы оқушылар өз жұмыстарына, сабақтағы көңіл-күйлеріне, материалдың қызықтығына баға бере алады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу