Қысқы кеш суреттері.. 3 сынып. Әдебиеттік оқу


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: әдебиеттік оқу

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Уақыт

Күні:

Сынып: 3

Мектеп: Астана қаласындағы Халықаралық мектебі

Мұғалімнің аты-жөні: Ещанова Б.С.

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Қысқы кеш суреттері. (Бекіту сабағы)

Оқу мақсаттары

3.2.7.1 мұғалімнің көмегімен шығармадағы әдеби көркемдегіш құралдарды (теңеу, эпитет, кейіптеу) табу

3.3.4.1 мұғалімнің көмегімен шығарманың құрылымын, стилін жетілдіру, өз бетінше орфографиялық, пунктуациялық қателерді табу және түзету

Сабақ мақсаттары

  • шығарманы дауыстап түсініп мәнерлеп оқиды.;
  • шығарма мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді;
  • шығармадан көркемдегіш құралдарды

табады;

-көркемдегіш құралдарды анықтайды;

- өз ойын білдіруде көркем сөздерді қолданады;

-орфографиялық, пунктуациялық қателерді түзетеді.

Бағалау критерийлері

  • өлеңді қатесіз, мәнерлеп оқиды;
  • өлеңнен көркемдегіш құралдарды табады;;
  • өз ойын жеткізуде көркем сөздерді қолданады;
  • орфографиялық, пуктуациялық қателерін түзетеді;
  • сөйлемдерді қатесіз жазады;

Тірек сөздер

Мәтін мазмұнымен танысу барысында оқушыларда құйын, сабан, лашық, сыңсу сөздерінің мағынасы жайлы сұрақтар туындау мүмкін.

Құндылықтарды дарыту

Табиғатты сүюге және оны қорғау құндылықтарын дарыту

Пәнаралық байланыстар

Жұмбақ шешу барысында қыс мезгілінің ерекшілектерін, жауын-шашын түрлерін атау кезінде дүниетану пәнімен байланыс жасалады.

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта

Бастапқы білім

Өлеңді мәнерлеп оқуды біледі. Теңеу мен эпитет айырмашылығын біледі, шығарманың жанрлық ерекшелігін біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

1-5 мин

Қызығушылықты ояту. Оқушыларға топтастыру және жұмбақты шешу мақсатында: қар, аяз, мұз, жыл он екі ай, боран сөздері жазылған карточкалар таратылады. Сынып қабырғасына жұмбақтар ілінеді. Оқушылар берілген уақыт ішінде сыныпты аралап жүріп, қолындағы карточка қай жұмбақтың жауабы болу мүмкін деп ойласа, сол жұмбақтың қасына тұрады. Бір жұмбақ бір бетке шығарылады. Нәтижесінде 5 топ құрылу керек. Топ мүшелері жұмбақты дауыстап оқиды, неліктен жауабы сол екенін дәлелдеуге тырысады.

  • Қыста бар да, жазда жоқ. (қар)
  • Құлағы мен көзі жоқ,

Жоқ тіпті қол мен аяғы.

Бірақ ғажап өнерпаз,

Мәнерлеп оюсалады. (аяз)

  • Көлге жапқан қақпақ

Сіресіп тұр – қатты ақ. (мұз)

  • Қанаты жоқ- ұшады.

Аяғы жоқ – желеді.

Ауызы жоқ – ұлиды. (боран)

  • Бір кісінің он екі баласы бар,

Іштерінде ақ, сары, қарасы бар.

Әр баласы сапарға шыққан сайын,

Отыз шақты серігін ала шығар. (жыл он екі ай)

Осы сөздердің барлығы қай тақырыпқа байланысты? Бүгінгі сабақтың тақырыбы мен мақсатын айқындау. Балғалау критерийлерімен тансытыру.

Қосымша 1.

Жұмбақтар.

Қосымша 2.

Слайд №1-4.

https://massaget.kz/arnayyi_jobalar/jana_jyil_2015/23717/

Сабақтың ортасы

6-14 мин

15-22 мин

23-28 мин

29-36 мин

1-тапсырма

(Ө; ЖЖ; Т) Өлеңді тыңда, мәнерлеп оқы.

Оқулықтағы А. Пушкиннің Т.Жароков аударған «Қысқы кеш» өлеңін үнтаспадан тыңдатыңыз немесе өзіңіз мәнерлеп оқып беріңіз. Оқу барсыныда түсініксіз сөздерді түртіп, белгілеп отырады. Сөздіктен түсініксіз сөздердің мағынасын қарайды, дәптерлеріне жазады.

Тыңдап болған соң оқушылар өздері жеке түсініп оқиды, жұпта өлеңді мәнерлеп оқиды, бірін-бірі тыңдап, бағалайды.

Бағалау. Оқушылар жұпта бірін- бірі өзара «Нысана» әдісі арқылы бағалайды.

Саралау: тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Тапсырманы орындау кезінде бірін-бірі тыңдап, бағалайды, кері байланыс беріледі.

2 –тапсырма

(Ө, ЖЖ, Т) Өлеңді оқы, белгі қой. Тапсырма топта орындалады. Оқушылар өлеңді тағы бір рет жеке оқиды, боранға қатысты сөздердің үстіне «+» немесе «құсбелгі» қояды. Белгілеген сөздерін топта салыстырады, өз ойларын ортаға салады. Топ атынан бір оқушы шығып, ортақ ойды білдіреді. Басқа топтар мұқият тыңдап отырады, толықтырады, сұрақтар қоюға болады.

-Осы сөздерді басқаша қалай атауға болады?

-Ақын суреттеген қысқы боран нені елестетеді? – сұрақтарын қою арқылы мәтіннен теңеу мен эпиттерді тапқызу.

(ҚБ) дескрипторлар:

  • Боранға қатысты көркемдеуіш құралдарды тауып, белгіледі;
  • Эпитет пен теңеуді ажыратады;
  • Өз ойын жеткізуде көркем сөздерді қолданады;

Саралау: Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі.

  • Автор өлеңінде тағы қандай образдар бейнеленген?
  • Оларды немен салыстырып отыр?

Қабілеті жоғары оқушыларға автор кемпірін немен салыстырып отырғанын анықтауға болады. Тапсырманы орындау кезінде бірін-бірі тыңдап,бағалайды. Қабілеті төмен оқушыларға қолдау көрсетіледі.

3-тапсырма

(Т) Топтарға: лашық, құйын, сабан, сыңсу сөздері беріледі. Анықтамалардың реті бойынша топтар берілген сөздерді партаның үстіне дұрыс ретпен сәйкестендіріп орналастыру керек.

Уақытша тұруға арналған төбесі шошайтып жасалған баспана. (лашық)

Ауаның жер бетінен топырақты, қарды, суды үйіре көтеріп, айналмалы қозғалып, ұйтқи соғатын екпіні қатты жел (құйын)

Дәнді және ірі бұршақты дақылдарды бастырғаннан кейін қалатын құрғақ сабағы.(сабан)

Ұзатылған қыздың, туған-туыс, елімен қоштасар кезде әндетіп айтатын өлеңі; тұрмыс-салт дәстүрлерінің бірі. (сыңсу)

Саралау: Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Тапсырманы орындау кезінде қабілеті жоғары оқушыларға карточкадағы сөздерді бермей, мәтіннен тапқызып орындатуға болады.

Бағалау: «Басбармақ» әдісімен презентациямен салыстырып тексереді, бағалайды.

5 –тапсырма

(Ө,ЖЖ,Т) Әр оқушы дәптерде жеке кестені толтырады. Өлең жолдары бойынша өз ойларын жазады. Жұпта сөздердің сауатты жазылуына, сөйлемдердің дұрыс құрылуына назар аударып, бірін-бірі тексереді. Өлең шұмақтарын 5 топқа бөліп беруге болады. Жеке орындап болған соң, жұпта талқылайды, топқа ұсынады, ортаға бір жолды ұсынады. Мысалы:

Өлең жолдары

Өз ойы

Қарлы боран көкті жапты,

Қарлы құйын қуалай.

Қыста боран жиі соғады. Боран соққан кезде алай –дүлей жел қарды биікке ұшырып, тіпті аспан көрінбей кетеді.

Кейде ұлыған аң сияқты,

Кейде жылайды баладай

Саралау: Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Қабілеті төмен оқушыларға қолдау көрсетіледі. Қабілеті жоғары оқушыларға тағы шұмақтар беруге болады.

Бағалау. Оқушылар жұпта бірін бірі өзара «Нысана» әдісі арқылы бағалайды.

Оқулық 84-85бет

Слайд №5

Слайд №6

Слайд №7-8

Қосымша 3

https://www.sozdik.net/Kk/Adebi/

Слайд №9

Сабақтың соңы

37-40 мин

Сабақтың соңында мақсатқа оралып, сабақты қорытындылау. «Жұлдыздар» әдісі.

Оқушыларға таратылған жұлдыздарға сабақ бойында жеткен жетістіктерін жазып оқиды да күнделікке немесе сыныптағы арнайы орынға жапсырып қояды.

Слайд №9

Қосымша 4.

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

2,3,4 тапсырмалардасаралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі.

«Нысана», «Басбармақ», «Қошеметтер» әдістері, ҚБ, мұғалімнің бағалауы, бірі-бірі бағалау арқылы жүзеге асады.

Сабақ бойынша рефлексия

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы даойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу