Тыңдарманның назарын аударту Е.Елубаев «Туады, шығады, түседі, келеді» өлеңі Дидактикалық материал. 3 сынып. Әдебиеттік оқу
Қосымша №1
«Қарлы кесек» әдісі
Үлгі сұрақтар:
-Қазір қай уақыт?
-Күзгі уақыт туралы қандай шығармаларды білесің?
-Ауыл күзі туралы не айта аласың?
-Келесі келетін жыл мезгілі қандай?
-Жылдың төрт мезгіліндегі әр уақытың ерекшеліктерін айта аласың ба?
Қосымша №2
«Бірлескен оқылым»
Туады, шығады, түседі, келеді
Ескен Елубаев
Сұрақтарым көп еді,
Айтар кезі дөп келді.
Халық неге айтады,
Туады деп көктемді?
– Неге десең көктемде,
Көктем келіп жеткенде,
Құлын, бұзау, қозы, лақ,
Толып өріс беткейге,
У-шу болып жатпай ма,
Мал төлдерін таппай ма?
– Көктем туды, – деп халық
Сондықтан да айтпай ма?
– Ендеше, айт мынаны,
Жаз неге онда шығады?
– Егін шығып болады,
Қауыздары толады.
Орақ кезі басталып
Диқан бидай орады.
Қырман тау боп жатады,
Ел ырысқа батады.
– Жаз шығады,– деп халық,
Сол себепті айтады.
Білген жұмбақ шешеді,
Бір білмегім осы еді.
Ал халқымыз неліктен,
Күз түседі деседі?
– Келген кезде ақырап,
Сарғаяды атырап.
Ағаштардан түседі,
Әрі кеткен жапырақ.
Шопан жүгін артады,
Таудан түсіп қайтады.
Сол үшін де халқымыз
Күз түсті деп айтады.
– Жауабыңды бер енді,
Ал қыс неге келеді?
– Тау, жотаны, даланы,
Қырау тегіс жабады.
Қыстың алғаш белгісі
Сулар қатып қалады.
Қыс хабарын береді.
Қамданады ел енді.
Содан жолын күткен соң,
Дейді қысты «келеді»
Үлгі сұрақтар:
-Автор қыс мезгілін қалай сипаттаған?
-Автор қыс мезгілін қалай сипаттаған?
-Халқымыз неліктен көктемді «туады», жазды «шығады», күзді «түседі», қысты «келеді» деп айтқан?
Бағалау:
Қосымша №3
«Салыстыру картасы»
Үлгісі:
Ұғымдар | Өлеңнен мысалдар жазу |
теңеу | |
эпитет |
Қосымша №4
«Бірге ойлаймыз» әдісі
Топқа таратылатын сандар:
Сұрақтар үлгісі:
1.Шығарма қандай жанрға жатады?
2.Өлеңде қанша шумақ бар?
3.Неше тармақтан тұрады?
4.Ұйқас қалай құрылған?
5. Боранды қандай сөздер арқылы суреттеген? (баладай, жолаушыдай, құстай - теңеу)
6.Өлең ұйқасын сзба түрінде көрсет.
Қосымша №5
«Венн диаграммасы» әдісі
Мақал-мәтелдер:
-Қаз келсе, жаз келер, Қарға келсе, қатқақ келер.
-Сәуір болмай, тәуір болмас.
-Қыстың көзі қырау.
-Ақ қар көп болса – ақ нан көп.
-Көктем – мұрап, Күз – диқан.
-Көктемде түскен бір дән, Күздің күні мың дән болады.
-Жаз келді, Үйрек ұшып, қаз келді.
(Мұғалім басқа мақал-мәтелдерді ұсына алады).
Қосымша №6
Қалыптастырушы бағалау тапсырмасы
Сурерт бойынша жыл мезгілдерің әр уақыттағы ерекшеліктері туралы әңгімелеңдер.
Сұрақтар:
-Халқымыз неліктен көктемді «туады», жазды «шығады», күзді «түседі», қысты «келеді» деп айтқан?
˗Тағы қандай ой қосар едің?
Дескрипторлар:
-мәтін бойынша сұраққа жауап береді;
- мәтіннен көркемдаеуіш сөздерді табады;
- өз ойын жеткізуде көркемдеуіш сөздерді қолданады
Қосымша №7
Рефлексия
«Портрет» әдісі
«Жыл мезгілдері» тақырыбына байланысты сурет үлгісі
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?