Шығарманың тақырыбы мен негізгі ойды анықтау Таңнан самға дейін Ә.Қайран Нұсқаулық. 3 сынып. Әдебиеттік оқу
Бөлім: Уақыт
Сабақ тақырыбы:2.3 Шығарманың тақырыбы мен негізгі ойды анықтау
Таңнан самға дейін Ә.Қайран
Оқу мақсаттары:
3.2.3.1 шығарманың тақырыбын анықтау және негізгі ойды білдіріп тұрған мәтін бөлігін/сөйлемді табу
3.1.1.1 шығарманың маңызды тұстарын анықтау үшін ашық сұрақтар қою және жауап беру
Сабақ мақсаттары:
Барлық оқушылар: шығарманың тақырыбын анықтай алады, мәтін мазмұны бойынша сұрақтар қояды және оған жауап бере алады.
Көптеген оқушылар: шығарманың тақырыбы мен негізгі ойын табады, шығарманың маңызды тұстарын анықтау үшін ашық сұрақтар құрастыра алады.
Кейбір оқушылар: шығарманы тақырыбы мен негізгі ойын анықтайды, өз тақырыбын ұсынады,шығарманың маңызды тұстарын анықтау үшін ашқы сұрақтар қояды және оған өз ойын білдіре отырып жауап береді.
Бағалау критерийлері:
- мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойын анықтайды;
- мәтін бойынша ашық сұрақтар қояды;
- сұрақтарға өз ойын білдіре отырып жауап береді.
Сабақ барысы
Сабақтың басы:
Сабақтың басында ширату жаттығуы «Броундық қозғалыс» ойыны арқылы орындалады.
Сынып ішіне тақырыпқа қатысты мәліметтер мен ақпараттар орналастырылады. Оқушылар бүкіл сынып ішінде қозғала жүріп, берілген тақырып бойынша ақпарат жинайды.
Сөздердің үлгісі: тақырып, негізгі ой, мәтін бөлігі, сұрақтар, сөйлем т.б.
Бастапқы білімді қайталау.
(Ұ; МК) Оқушыларға «Білім қоржыны» әдісі арқылы берілген сөздер мен суреттерді топтастыра отырып, өз қоржындарына салу тапсырылады. Тәулік мезгілдерінің атауларына байланысты деректермен таныстырылады.
Коммуникативтік тәсілдемеге сүйене отырып, тағам түрлері мен нақыл сөздерді топтастыру кезінде оқушылардың бірлесіп жұмыс жасауларын қадағалай отырып, оқушылардың бойында ынтымақтастық құндылықтары дамытылады.
Саралау. Қарқын тәсілі арқылы жылдам жұмыс жасаған оқушыларға басқа сөйлемдер құрастыруға тапсырма ұсынуға болады.
(ҚБ). Бастапқы білімді бекіту үшін жұлдызша арқылы бағаланады.
Оқу мақсатын анықтау.
Шығарманың тақырыбын анықтау және негізгі ойды білдіріп тұрған мәтін бөлігін/сөйлемді табу, шығарманың маңызды тұстарын анықтау үшін ашық сұрақтар қоя отырып, жауап беру.
Сабақтың ортасы:
1-тапсырма. Тыңдайық.
(Ұ; МК) «Таңнан самға дейін» мәтінін мұғалімнің оқығаны бойынша тыңдап, «Сұрақ жауап» әдісімен оқу мақсатына сәйкес шығарманың маңызды тұстарын анықтау үшін сұрақтар қойып, жауап беру тапсырылады. Тәулікте уақыттың маңызы туралы, мағлұмат бере отырып, оның адам өмірінде маңыздылығы оқушының бойына дарытылады.
Тәулік мезгілдері туралы қосымша мағлұматтар беріледі.
Үлгі сұрақтар:
- Өлең не туралы деп ойлайсың?
- Өлеңде қандай тәуілк мезгілдері аталған?
- Тәуліктің әрбір кезеңіне қатысты қандай 3 сөз атай аласың?
- Өлеңге тағы қандай тақырып қояр едің?
Саралау. Саралаудың диалог және қолдау әдісін қолдауды қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақ қою арқылы көмек көрсетемін
(ҚБ) «Шапалақ әдісі» арқылы оқушылармен бірлесе отырып бағалау.
2-тапсырма
(Т; МК) «Төрт сөйлем» тәсілі.
Оқушылар топтасып шығарманың тақырыбын анықтауға, негізгі ойды білдіріп тұрған мәтін бөлігін немесе сөйлемді табуға берілген тапсырманы орындайды.
Бұл тәсілді келесі үлгіде орындайды:
| шығарманың тақырыбын жазады |
| Шығармадағы оқиғаларға сүйеніп өз сөзімен жазады |
| Шығармадағы негізгі ойды білдіріп тұрған бөлігі немесе сөйлеммен мысал келтіреді |
тынды | негізгі ойды білдіріп тұрған шығарманың бөлігі немесе сөйлемнен қорытынды шығарады |
Саралау: Қорытынды тәсілі бойынша өз пікірін жазуда әртүрлі дәлелдемелер жасалуы мүмкін. Қорытынды жасауда әртүрлі деңгейлі оқушылардың қабілеттерін ескере отырып, жұмыстар қабылданады.
ҚБ: шығарманың тақырыбын анықтап, негізгі ойды білдіріп тұрған бөлігі немесе сөйлемді тауып жазған жұмыстары «смайл» әдісі арқылы бағаланады.
Сергіту сәті. «Батискаф» ойыны
(Су астын байқайтын құралдармен жабдықталған, өз бетімен қозғалу қасиеті бар терең су камерасы.)
Екі топқа бөлініп бір-біріне кезекпен сөздер жасырады. Топтың бір оқушысы қимылмен өз тобына жасырылған сөзді жеткізу керек. Бірнеше сөздер жасырып, екі айналым орындатуға болады.
3-тапсырма
Қалыптастырушы бағалау
(Ұ; Ө) «Әдеби шеңбер» әдісі арқылы «Таңнан самға дейін» өлеңін түсініп оқып, ондағы маңызды тұстарына байланысты 3 немесе 4 ашық сұрақ дайындайды, ақпаратты белгілейді. Шығарманың мазмұнын сурет, сызба түрінде беруді ұсынуға болады.
- Өлеңде қандай уақыт мезгілдері сипаталады?
- Шолпан жұлдыз батқан шақты қалай атайды?
- Шаруаның қызар кезі қай уақыт?
- Автор «бір тынар уақыт» деп қай кезді айтқан?
- Бесін кезінде қандай уақыт болады?
Саралау. Саралаудың қарқын тәсілі. Қарқыны жылдам оқушыларға «түскі ас» тақырыбына қосымша сурет салғызуға болады. Қарқыны баяу оқушыларға диалог арқылы қолдау көрсетіледі.
(ҚБ) Дескриптор арқылы бағалау.
- шығарма мазмұны бойынша ашық сұрақтар құрастырады;
- сұрақтарға мәтіннен дәлелдер келтіріп, жауап береді;
- автордың негізгі ойын білдіретін сөйлемдерді анықтайды;
- шығарманың мазмұнына сәйкес тақырып қояды.
Сабақтың соңы.
4-тапсырма
(Т) Топсатырайық
«Ассоциация» әдісі арқылы жоғарыда қарастырылған мәтін мазмұнына сәйкес оқушылардың анықтаған негізгі ойыларын толықтырып, бекіту үшін дереккөздерден, тақырыпқа байланысты маңызды ақпаратты тауып, ақпаратты сызба түрінде беру ұсынылады. Бір парақ бес сызыққа бөлінеді. Әр топ бір шумақтан мәтінді бірлесіп оқып, әр сызыққа үш ассоциациялық сөз топтастыру, оның ішінен 8 ассоциациялық сөз іріктеп алу керек. Екі топ өздерінен іріктелген сөздерді біріктіре отырып 4 ассоциациялық сөз таңдап алады. Соңында шығармаға байланысты нақты ассоциативті сөздер іріктеліп алыну керек. Жаттығу барысында оқушылардың бірлесіп жұмыс істеу, тыңдалым-айтылым, жазылым дағдылары дамиды. Мысалы: бозарып, торғай әні, шығар күн, әтеш, үкі.
Саралау: саралаудың қорытынды тәсіліне сүйене отырып әр оқушының жауабы әр түрлі болатынын болжанады.
(ҚБ) «От шашу» әдісі арқылы топтық бағалау.
Рефлексия
«Бас бармақ» әдісі арқылы оқушылар бүгінгі сабақ мақсатына жеткені туралы кері байланыс береді.
Тік көтерсе – оқиғаның ретін сақтай отырып баяндай аламын.
Жанына туссе – оқиғаны ретімен баяндай аламын, сөйлемнің сызбасын құрастыра алмаймын.
Төмен түссе – оқиғаны ретімен баяндай алмадым, сөйлемнің сызбасына сәйкес құрастыра алмадым.
Ескерту. Сынып оқушыларының ерекшелігіне байланысты мұғалім тапсырмаларды ауыстырырып бере алады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?