Шығармадағы оқиғаны болжау Ж.Әлмашев «Күн тәртібі». 3 сынып. Әдебиеттік оқу
Қысқа мерзімді жоспар
Пән: әдебиеттік оқу Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Уақыт Күні: Сынып: 3 | Мектеп: Қарағанды қаласы Мұғалімнің аты-жөні: Майбасова Ү.А: Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |||||||||||
Сабақ тақырыбы | 1.3 Шығармадағы оқиғаны болжау Ж.Әлмашев «Күн тәртібі» | |||||||||||
Оқу мақсаттары | 3.1.3.1 шығармадағы кейіпкерлердің мінез-құлқы мен іс-әрекетіне, ондағы оқиғаларға сүйеніп, сюжеттің дамуын болжау 3.2.5.1 көркем шығармадағы оқиғаның басталуын, дамуын және аяқталуын анықтау 3.2.6.1 кейіпкерлердің портретін сипаттау, оның іс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен тауып, бағалау | |||||||||||
Сабақ мақсаттары | Барлық оқушылар: шығармадағы кейіпкердің мінез-құлқы мен іс-әрекетіне,оқиғаларға сүйеніп сюжеттің дамуын болжайды, кейіпкерлердің портретін сипаттайды, оқиғаның басталуын, дамуын, аяқталуын біледі. Көптеген оқушылар: шығармадағы кейіпкерлердің мінез-құлқы мен іс-әрекетіне, ондағы оқиғаларға сүйеніп, сюжеттің дамуын болжайды, көркем шығармадағы оқиғаның басталуын, дамуын және аяқталуын анықтайды, кейіпкердің іс-әрекетін бағалай отырып сиптаттайды; Кейбір оқушылар: шығармадағы кейіпкерлердің портретін сипаттайды, оқиғаның басталуын, дамуын, аяқталуын анықтайды, кейіпкерлердің іс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен тауып бағалайды, өз ойың өмірмен байланыстыра дәлелдейді. | |||||||||||
Бағалау критерийлері |
| |||||||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар: Мәтін мазмұын бойынша кейіпкердің мінез-құлқы мен іс-әрекетін сипаттай алады, күн тәртібі туралы әңгімелей алады. Пәнге тән лексика мен терминология: күн тәртібі, бір күнгі жұмыс, сабаққа салғырттық, күйзеліс. Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: Күн тәртібі дегеніміз не? Сен оны қалай түсінесің? Бір күнде қандай жұмыстарды бітіруге болады? Күн тәртібін жасау қажет деп ойлайсың ба? Неліктен? | |||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Оқушыларды өзара көмекке, бірін – бірі сыйлауға, еңбек сүйгіштікке, ашықтыққа баулу. | |||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Кейіпкердің іс –әрекеті мен мінез – құлқын сипаттауда, өз ойын білдіруде сөйлемдегі сөздердің байланысын сақтау кезінде қазақ тілі пәнімен байланыс жасалады. | |||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Сергіту сәтіне қимыл-қозғалысты жаттығулар бейнеролик https://www.youtube.com/watch?v=pMvxkWVgMMw | |||||||||||
Бастапқы білім | Шығарманың мазмұны бойынша сұрақтарға жауап бере алады, уақытты дұрыс пайдалана отырып, өзінің күн тәртібі туралы әңгімелей алады. Шығармадағы оқиғаның басталуын, дамуын, аяқталуын ажырата алады. | |||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||
Сабақтың басы 0-5 минут | Ширату жаттығуы (Ұ) «Венн диаграммасы» Тақтаға «Венн диаграммасы» ілінеді. Оқушыларға мәтіннен қарама-қарсы сөздер ұсынылады. Ол сөздердің қарама-қарсы мағынасын тауып жазу, тақтаға жапсыру тапсырылады. Жазған сөздерін бірігіп оқуға ұсынылады. Мысалы: жақсы, жаман, үздік, нашар. Оқушылармен бірге жазылған сөздер қорытындыланады.
Қорытындылау негізінде сабақтың тақырыбы мен оқу мақсаты анықталады. Оқу мақсатын хабарлау: Шығармадағы кейіпкерлердің мінез-құлқы мен іс-әрекетіне, ондағы оқиғаларға сүйеніп, сюжеттің дамуын болжай отырып, оқиғаның басталуын, дамуын және аяқталуын анықтап, кейіпкерлердің портретін сипаттап, оның іс-әрекетін, мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен тауып, бағалаймыз. Бағалау критерийімен таныстыру. | Қосымша №1 Слайд №3 Слайд №1-2 | ||||||||||
Сабақтың ортасы 6-12 минут 13-18 минут 19-21 минут 22-27 минут 28-32 минут | 1-тапсырма. (Ұ;Т) «Кейіпкерлер әлемі» әдісі қолданылады. Ж.Әлмашев «Күн тәртібі» әңгімесін үш бөлімге бөліп, «Бірлескен оқылым» тәсілімен оқып сұрақ құрастыру ұсынылады. Шарты: оқушылар үш топқа бөлінеді. Әр топ бір-бірлеріне әңгіме мазмұныны бойынша оқиғаның басталуын, дамуын және аяқталуын анықтауға байланысты сұрақтар қояды. Сұрақтардың мазмұны шығарма кейіпкерлерімен, орын алған оқиғалармен байланысты болуы керек. Ұтымды сұрақ пен мәнді жауап бағаланады. Үлгі сұрақтар:
Оқу мақсатына сәйкес кейіпкердің мінез-құлқын сипаттап, іс-әрекетіне баға беруде, сын тұрғысынан ойлау дағдылары дамытылады. Кейіпкердің мінез-құлқы мен іс-әрекетіне баға бере отырып, оларға сипаттама бере отырып, үлкендерге құрмет көрсетуге тәрбиеленеді. Саралау: Қорытынды тәсілі арқылы оқушылардың қабілеттеріне қарай оқиғаның ретін анықтап, кейіпкерлерге сипаттама беруі әртүрлі болатыны болжанады. ҚБ: «Жетістік баспалдағы» әдісі оқушылардың қандай өткен материалды меңгеруге қай баспалдақта тұрғандығын анықтайды. 2-тапсырма. (Ө)«Допты лақтыру» әдісі Мұғалім доп лақтырып оқылған мәтін мазмұны бойнша кейіпкердің іс-әрекеті мен мінез құлқын бағалауға байланысты сұрақ қояды. Допты қағып алған оқушы сұраққа жауап беріп, өзінің сұрағын қояды. Егер оқушы сұраққа жауап бере алмаса, допты басқа оқушыға береді. Бұл әдіс теориялық сұрақтарды бағалауға, тілдік мақсаттардың орындалуына көмек береді. Мысалы:
Саралау: Диалог және қолдау көрсету тәсілі арқылы ұжымның ішіндегі қолдауды қажет ететін оқушыға сөзбен қолдау көрсетіледі. (ҚБ) «Шаршылар» әдісі Жұмысты аяқтағаннан кейін оқушы дәптерге шаршының суретін салады. Егер жұмыс түсініксіз болса, шаршыны қызыл түске бояйды, егер аздап түсінікті болса, сарымен, тақырыпты өте жақсы түсінгеніне сенімді болса, жасылмен бояйды. Сергіту сәті Күн тәртібіне қатысты қимыл-қозғалысты жаттығулар орындау 3-тапсырма. (Ұ) «Төрт сөйлем» тәсілі бойынша Ж.Әлмашев «Күн тәртібі»шығармасындағы кейіпкердің мінез-құлқы мен іс-әрекетіне, ондағы оқиғаларға сүйеніп, сюжеттің дамуын болжау тапсырылады. Бұл тәсілді келесі үлгіде орындайды:
Педогогикалық тәсілдемеге сүйене отырып, ширату жаттығуы кезінде оқушылардың коммуникативтік қарым-қатынас жасау дағдыларын дамытамын, ұжыммен жұмыс болғандықтан ынтымақтастық құндылығы дарытылады. Саралау: «Қорытынды» тәсілі бойынша оқиға желісін болжай отырып, өз пікірін айтуда әртүрлі дәлелдемелер жасалуы мүмкін. Әңгіме құрастыруда әртүрлі деңгейлі оқушылардың қабілеттерін ескере отырып, жұмыстар қабылданады. (ҚБ) дескриптор бойынша бағалау. 4-тапсырма. (Т; МК) «Қатені тап» әдісі Ойын шарты: Үш топқа өз қалаулары бойынша бөлінеді. Әр топ өз тапсырмасын алады. Тапсырманы орындауға белгілі уақыт беріледі. 1-топ тапсырмасы: мәтіннің кез келген үзіндісін әңгімелеп жазу арқылы ұсыну. Әңгімелеуде міндетті түрде 1-2 қате болуы керек. 2-топ тапсырмасы: мәтіннен бір үзіндіні шашыраңқы сөздер ретінде жазу керек. 3-топ тапсырмасы: мәтін мазмұны бойынша бірнеше сұрақтар құрастыру керек. Сұрақтарда 1-2 қате болуы керек. Тапсырмалар жазылып болған соң, топтар бір-бірінің қателерін тауып, түзетулері керек. Саралау: Диалог және қолдау көрсету тәсілі арқылы топтың ішіндегі қолдауды қажет ететін оқушыға мәтін мазмұнына байланысты жетелеуші сұрақтар қоя отырып қолдау көрсетемін. (ҚБ) «Бас бармақ» әдісі бойынша жүргізіледі. Барлығы дұрыс орындалса бас бармақ, кемшіліктер болса бас бармақты бүйірге, мүлдем келіспесе бас бармақты төмен қаратады. | Қосымша №2 Слайд №4 Қосыша №3 Слайд №5 https://www.youtube.com/watch?v=pMvxkWVgMMw Қосыша №4 Слайд №6 Слайд №7 | ||||||||||
Сабақтың соңы 33-36 минут 37-40 минут | 5-тапсырма (Т) Әр топқа «Оқиға картасы» әдісі арқылы мәтін мазмұны бойынша оқиға желісін болжап, жалғастырып әңгімелеу тапсырылады. «Оқиға картасы» үлгісі
Саралау: «Қорытынды» тәсілі бойынша оқиға желісін болжай отырып, жалғастырып әңгімелеуде әртүрлі дәлелдемелер жасалуы мүмкін. Әңгіме құрастыруда әртүрлі деңгейлі оқушылардың қабілеттерін ескеріле отырып, жауаптар қабылданады. (ҚБ). Топтар бірін бірі ауызша бағалайды. «Өте жақсы!», «Тамаша!», «Керемет!», «Жақсы!». Рефлексия «Блоб ағашы» әдісі арқылы оқушылар өздеріне кері байланыс жасайды. Оқушылар сабаққа «Блоб ағашы» әдісіне сүйене отырып, бүгінгі сабақты қандай деңгейде түсінгенін қағаз бетіне түсіреді. Оқушылар өз-өздерін бағалау арқылы азаматтық жауапкершілікке тәрбиеленеді. Үйге тапсырма беру. Күн тәртібін құру. | Слайд№8 Слайд №9 | ||||||||||
Саралау 1-тапсырма: «Қорытынды» тәсілі арқылы оқушылардың қабілеттеріне қарай оқиғаның ретін анықтап, кейіпкерлерге сипаттама беруі әртүрлі болатынын болжанады. 2-тапсырма: Диалог және қолдау көрсету тәсілі арқылы ұжымның ішіндегі қолдауды қажет ететін оқушыға сөзбен қолдау көрсетемін. 3-тапсырма: «Қорытынды» тәсілі бойынша оқиға желісін болжай отырып, өз пікірін айтуда әртүрлі дәлелдемелер жасалуы мүмкін. Әңгіме құрастыруда әртүрлі деңгейлі оқушылардың қабілеттерін ескере отырып, жұмыстар қабылданады. 4-тапсырма: Диалог және қолдау көрсету тәсілі арқылы топтың ішіндегі қолдауды қажет ететін оқушыға мәтін мазмұнына байланысты жетелеуші сұрақтар қоя отырып қолдау көрсетемін. 5-тапсырма. «Қорытынды» тәсілі бойынша оқиға желісін болжай отырып, жалғастырып әңгімелеуде әртүрлі дәлелдемелер жасалуы мүмкін. Әңгіме құрастыруда әртүрлі деңгейлі оқушылардың қабілеттерін ескеріле отырып, жауаптар қабылданады. | Дескрипторлар:
Бағалау әдістері: «Жетістік баспалдағы» әдісі оқушылардың қандай өткен материалды меңгеруге қай баспалдақта тұрғандығын анықтайды. «Шаршылар» әдісі Жұмысты аяқтағаннан кейін оқушы дәптерге шаршының суретін салады. Егер жұмыс түсініксіз болса, шаршыны қызыл түске бояйды, егер аздап түсінікті болса - сарымен, тақырыпты жүз пайызға түсінгеніне сенімді болса, жасылмен бояйды. «Смайлик» әдісі арқылы оқушылар дәптеріндегі жұмыстарын алмастырып тапсырманың дұрыс сәйкестендірулерін анықтап, бірін-бірі бағалайды. «Бас бармақ» әдісі бойынша жүргізіледі. Барлығы дұрыс орындалса бас бармақ, кемшіліктер болса бас бармақты бүйірге, мүлдем келіспесе бас бармақты төмен қаратады. | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы АКТ-мен жұмыс жасау ережесін ескереді. | ||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия | ||||||||||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?