«Жыл патшасы» А.Шотбайқызының авторлық ертегісі Нұсқаулық. 3 сынып. Әдебиеттік оқу


 Бөлім: Уақыт

 Сабақ тақырыбы: «Жыл патшасы» А.Шотбайқызының авторлық ертегісі

 Оқу мақсаттары:

 3.2.1.2 шығарманыі штей саналы түрде түсініп, көз жүгіртіп/ шолып/ түртіп алып/ қажетті ақпаратты тауып/ белгі қойып/сын тұрғысынан бағалап қу

 3.2.2.1 қолдануға (практикалық), бағалауға негізделген сұрақтар қою және жауап беру

 

 Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар: қажетті ақпаратты тауып оқиды, шығарма мазмұны бойынша сұрақтар қоя алады;

Көптеген оқушылар: шығармадан қажетті ақпаратты анықтайды, қолдануға, бағалауға негізделген сұрақтар қояды және оған жауап бере алады.

Кейбір оқушылар: шығармадан қажетті ақпаратты ақпаратты тауып салыстырады, бағалауға негізделген сұрақтар қоя алады жауап бере алады, мысалдар келтіре өз ойын айтады.

 

 Бағалау критерийлері:

  •  Шығармадан қажетті ақпаратты табады
  •  Ақпаратты сызба түрінде береді;
  •  Шығарманың мазмұнын бойынша бағалау сұрақтарын құрастырады;
  •  Сұрақтараға жауап береді.

 

 Сабақ барысы

 Сабақтың басы: Сабақтың басында ширату тапсырмасы ретінде «Гүлмен тілек» әдісі арқылы оқушылардың назары шоғырландырылады.

Оқушылар арнайы дайындалып келген гүлді алақандарына салып тұрып, бір-біріне тілек тілейді. Гүлдің астына бүгінгі сабақта танысатын мәтінге байланысты сөздер жазылған. Жыл мезгілдері атаулыры бойынша топқа біріктіріледі. Олар «Қыс», «Көктем», «Жаз», «Күз» деген сөздер.

 Бастапқы білімді қайталау

 (Ұ, МК, Т) «Пазл» әдісі

 Сыныпты оқушылар санына қарай бірнеше топқа бөлу. Әр топқа алдыңғы сабақтағы қарастырған мәтін қағазға түсіріліп, бірнеше қима қағаздарға бөлініп таратылады. Әр топ белгілі уақыт арасында мәтін мазмұны бойынша әңгіменің басы, ортасы, соңын пазл түрінде құрастырып, соған сәйкес өткен сабақты мазмұнды мазмұндайды. Топта уақыт сақшысы мен бақылаушы таңдалады. Әр топ қорғауды аяқтаған соң мәтіннің таныстырып, сәйкестігін өзара тексереді.

 Саралау. Қарқын тәсілі арқылы саралау жоспарланады. Тапсырманы орындау кезінде қарқыны жылдам топ ескеріліп, қосымша мәтін мазмұны бойынша сұрақтар құрастыртуды ұсынуға болады.

 (ҚБ) «Басбармақ» тәсілі арқылы әр топтың мәтін бөліктерін анықтап мазмұндауы өзара бағаланады.

 

 Сабақ тақырыбы және оқу мақсаттарымен таныстыру: Оқушылармен бағалау критерийін құрастыру немесе таныстыру жүреді.

 Оқушылармен бағалау критерийін құрастыру немесе таныстыру.

 

 Сабақтың ортасы:

 1-тапсырма

 ) «Жыл патшасы» аты А.Шотбайқызының шығармасын «Аялдама» әдісі бойынша оқушылар ертегіні аялдау арқылы бөліктермен оқиды. Алдымен бірінші бөлікті оқиды. Әр аялдамада оқыған бөліктеріне сұрақтар қояды. Сұрақтар қою арқылы әр топ ақылдасып ойларын ортаға салады.

 Үлгі сұрақтар:

 1 аялдама: Уақыт патшалығын билеген патшаның аты қалай еді?

 2 аялдама: Жыл патшасы өз тағына кімді тағайындауды жөн көрді?

 3 аялдама: Патшаның жарлығы қандай болды?

 Сұрақтарға жауап алынады.

(Мұғалім мәтін мазмұны бойынша басқа сұрақтар ұсына алады.)

 Әңгімені тұтас оқып болған соң, қайта шолып оқуға уақыт беріледі. Түсініксіз сөздермен жұмыс жүргізіледі.

 Саралау: Қорытынды арқылы саралау. Барлық оқушыларға бағытталған нұсқау бере отырып, олардың əрқайсысының өздерінен не күтетіндігін түсінгендеріне көз жеткізу керек. Мұғалім тапсырма береді, бірақ жалғыз «дұрыс» жауаптың бағытында жұмыс істеуден гөрі оқушылар өздерінің мықты жəне əлсіз тұстарына қарай жауап береді.

 (ҚБ) Оқу мақсатына сәйкес «Бағдаршам» әдісі арқылы оқушылардың қойылған сұрақтары мен жауаптары мұғаліммен бағаланады.

 

 

 2-тапсырма Сұра және жауап бер

 «Кірпіш» стратегиясы арқылы оқушылар «Жыл патшасы» ертегісінің мазмұны бойынша бағалауға негізделген сұрақтарға жауап беріледі.

 А4 парағына кірпіштердің суреті салынады. Салған суретіне алдын-ала мәтін мазмұны бойынша сұрақтар дайындалады. Жекелеп отырып, берілген сұрақтарға жауап беріледі. Жұптар бір-бірінің жазғандарын оқиды, бірін-бірі толықтырады. Кірпіштерге жазылған сұрақтарын талқылайды. Маңызды 5 ақпарат стикерге жазылып, тақтаға ілінеді және түсіндіріледі.

 Сұрақтар үлгісі:

 • Неліктен Жыл атты патша мұрагер етіп, немерелерінің бірін тағайындағысы келді?

 • Жыл патшасы мұрагерлеріне қойған талабы қандай еді?

 • Неге Жыл патшасына мұрагер таңдауға қиындық тудырды?

 • Патшаның жарлығынан кейінгі өмірлері қалай өзгерді?

 Саралау: қорытынды бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтижелер күтіледі. Сұраққа жауап беруде, кейбір оқушыларға мұғалім қолдау көрсетеді.

 (ҚБ)Дескрипторлар бойынша бағалау:

 - мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтар құрастырады;

 - мәтін бойынша қойылған сұрақтарға жауап береді.

 3-тапсырма (дәптермен жұмыс)

 (Т, ОТ )«Эйлер шеңбері» әдісі А-4 параққа, шағын постерге Эйлер шеңбері сызылып әр топқа ұсынылады. Оқушылар топтасып, «Жыл патшасы» ертегісіне байланысты идеялар кезекпен талқыланып, жазылады. Не? Қалай? Неге? Нәтиже? деген мәселелер бойынша пікірлер талданады.

 Саралау: Қарқын тәсілі арқылы саралауды қолдануға болады. Кейбір оқушылар басқаларына қарағанда жылдам жұмыс істейді. Қосымша тапсырмаларды көп күш жұмсауды талап ететін оқушылар үшін қолдануға болады. Негізгі тапсырмаларды түсіндіруде көмек қажет ететін оқушыларға біршама уақыт беріледі.

 (Б) «Бағдаршам» әдісі арқылы оқушылардың мәтінге байланысты идеяларды талқылай алуы бағаланады.

 

 4- тапсырма

 (ОТ, Ж )

 «Фишбоун» әдісі арқылы оқушылар постерде жаңа мәліметті, идеяларды сұрақ-жауап арқылы жаза отырып, қорытынды ойларын жинақтайды. Бүгінгі сабақта оқылған «Бақыт құсы» әңгімесі бойынша оқушылар өздері сұрақ қойып, жауабын топтық жұмыста талқылауға, ой қорытуға белгілі бір қорытындыға келуге жетелейді. Постерге балықтың қаңқасы суретін салып, басына тақырып жазылады. Денесінің жоғарғы жағындағы қанаттарға идеяның себептері, төменгі қанаттарға идеяның салдары жазылады. Түйінді ой құйрығына жазылады. Кейін ауызша, жазбаша кері байланыс беруге болады.

 Саралау: Уақыт бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушылаға ұсынылады. Оқушылар қарқындарына қарай жауап беріп өз ойларын дәлелдеп еркін айтады, пікірлерін өзгерте алады.

 (ҚБ) «Бас бармақ» әдісі бойынша жүргізіледі. Барлығы дұрыс орындалса бас бармақ, кемшіліктер болса бас бармақты бүйірге, мүлдем келіспесе бас бармақты төмен қаратады.

 

 Сабақтың соңы

 Рефлексия. «Ұшақ» әдісі

 Оқушылар жазбаша кері байланыс береді. Ақ парақтан алдын-ала дайындалған ұшақтарды бір-біріне ұшырып, сабақтан алаған әсерлерімен бөліседі.

  • Маған бүгінгі сабақ ұнады...
  • Маған бүгінгі сабақта түсініксіз болды...
  • Маған бүгінгі сабақта қиын болды...

 

 Үй тапсырмасы. Дереккөздерден Жыл мезгілдеріне байланысты басқа да шығармаларды қарастырып, ертегімен салыстыруды ұсынуға болады.

 

 Ескерту. Сынып оқушыларының ерекшелігіне байланысты мұғалім тапсырмаларды түрлендіріп бере алады.

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу