Шығарманың мазмұнын түсіну. 3 сынып
Қысқа мерзімді жоспар
Пән: Әдебиетттік оқу Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен (жарық пен қараңғы)» ортақ тақырыбы Күні: Сынып: | Мектеп: Қарағанды қаласы Мұғалімнің аты-жөні: Шадетова А.К. Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||||
Сабақ тақырыбы | 1.1 Шығарманың мазмұнын түсіну | ||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 3.1.1.1 шығарманың маңызды тұстарын анықтау үшін ашық сұрақтар қою және жауап беру 3.3.4.1 мұғалімнің көмегімен шығарманың құрылымын, стилін жетілдіру, өз бетінше орфографиялық, пунктуациялық қателерді табу және түзету | ||||
Сабақ мақсаттары | Барлық оқушылар: шығарманың маңызды тұстарын анықтау үшін ашық сұрақтар қойып және жауап береді, өз бетінше орфографиялық қателерді тауып және түзетеді Көптеген оқушылар: сұрақтарға жауап беруде өз ойларын қосып, жауаптарын нақтылай алады. Кейбір оқушылар: өзін немесе достарынның әрекеттерін қоса әңгімелеп, көркем әдеби тілде сұрақтар құрай алады. | ||||
Бағалау критерийлері |
| ||||
Тілдік мақсаттар | Тілдік мақсаттарды, лексика мен тіркес мысалдарын қоса анықтаңыз Пәнге тән лексика мен терминология: Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: | ||||
Құндылықтарды дарыту | Тапсырмалар орындау барысында жауапкершілікпен қарау, өзара сыйластық, бірін-бірі тыңдау | ||||
Пәнаралық байланыстар | Дүниетану,көркем еңбек | ||||
АКТ қолдану дағдылары | |||||
Бастапқы білім | Сұрақ құрастыра алады, қателерді табуды біледі | ||||
Сабақ барысы | |||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет Мұғалімнің іс-әрекеті | Ресурстар | |||
Сабақтың басы 0-4 мин | Ширату. «Иә және жоқ» ойыны. Мұғалім оқушыларды шеңбер бойына тұрғызып, допты лақтырып келесі сөздерді оқиды. Оқушылардың жауаптары бойынша «иә» немесе «жоқ» деп жауап береді. «Күн сары бола ма?» «Шөп жасыл ма?» «Роза гүлі қызыл ма?» «Қанатттың ақ екені рас па?» «Бұлтттың сары түсін көрдің бе?» -Сұрақтар қандай болды? -Қалай жауап бердіңдер? -Қандай жауаптар бердіңдер? -Бұлар қандай сұрақтар болды? (жабық) (Оқушылар сұрақтардың өздеріне таныс болғандықтан оңай, жеңіл жауап бергендерін айтады.) -«Күн сары бола ма?» сұрағын ашық сұраққа айналдырыңдар. Сабақ мақсаты: Біз бүгінгі сабақта шығарманың маңызды тұстарын анықтау үшін ашық сұрақтар қойып, жауап береміз және өз бетінше орфографиялық қателерді тауып, түзетеміз. | 4 слайд 1-қосымша | |||
Сабақтың ортасы 7 мин 10 мин 7 мин 7 мин | Оқиық. (Ө,Ұ). «Стоп кадр» әдісін қолдана отырып, Қ.Баянбайдың «Жақсы мен жаман» өлеңін оқу тапсырылады. Өлеңді оқуда «стоп-кадр» сөзі қолданылатыны айтылып, түсіндіріледі. Өлеңді оқып отырған кезде мұғалім оқушыларды бақылау арқылы, бір іс-әрекеттің аяқталған тұсынан кез келген оқушыны «стоп кадр» деп тоқтатып, не болып жатқанын оқушы айтып, түсінгенін айтады. Мыс: Жақсы мен жаман Қайыр күтпе баладан Өз мысығын сабаған. Кім алдаса анасын, Оған қалай нанарсың? Мұғалім осы тұста бір оқушыны «стоп кадр» деп тоқтатады, оқушы осы шумақ бойынша не түсінгенін айтып береді. ҚБ «Бағдаршам» әдісі Жасыл түс – барлығын оқып үлгердім, өлеңнің кейбір тұстары түсініксіз болды. Қызыл түс – оқып үлгермедім, өлеңді түсінбедім Сары түс – барлығын толық оқыдым, түсіндім Сұрақ құрастырайық. (Т) «Сұрақтар жаңбыры» әдісі.
ҚБ «Бас бармақ» әдісі. Сұрақтарға жауап бере алдым, сұрақты қайта құрастыра алдым. Сұрақтарға жауап бердім, сұрақ құрастыра алмадым. Сұрақтарға жауап бере алмадым, сұрақ құрастыра алмадым Жазайық. «Жүгірме диктант» әдісі (ЖЖ).
1-шумақ: Добын қимас ойнауға, Ұят сараң болған да. Кім мақтанса көбірек,Д Жасайды мінез жөні жоқ. 2-шумақ: Адал болса досына, Азаматың осы да. Ойнатса кім інісін, Мақұлдаймыз мұнысын.
ҚБ «Шапалақ» әдісі Үш шапалақ – өлеңнің барлық жолын жаздым Екі шапалақ – өлеңнің екі жолын жаза алдым Бір шапалақ – өлеңнің бір жолын жаздым Тексерейік. (ЖЖ.) Жазған өлеңнің қатесін тексер.
ҚБ «Қолшатыр» әдісі Жасыл түс –қате жоқ Сары түс- 1-2 қате бар Қызыл түс – 3-4 қате бар | 5 слайд 6 слайд 7 слайд 2-қосымша | |||
Сабақтың соңы 5 мин | Рефлексия: «Жетістік баспалдағы» Оқушылар стикерлерге өз есімдерін жазып (немесе смайликтің суретін салып) тақтада салынған баспалдақтардың біріне жабыстырады. Баспалдақтар «Керемет!», «Өзіме сенімдімін!», «Жақсы», «Жаман емес», «Маған көмек керек!», «Білмеймін», «Нашар» деп аталады. | 8 слайд | |||
Саралау | Бағалау | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||
1 тапсырма – «Тапсырма арқылы саралау» негізінде орындалады. Тапсырманы орындау барысында әр оқушының ойлау деңгейінің әр-түрлі болатындығын ескере отырып, әр оқушыға өз мүмкіндігі бойынша қолдау беріледі. 2 тапсырма – «Нәтиже арқылы саралау». Оқушыларға бірдей тапсырма беріледі, нәтиже әртүрлі беріледі. 3 тапсырма - «Диалог және қолдау көрсету арқылы саралау» негізінде орындалады. Бұл тапсырма кезінде мұғалімнің көмегін қажет ететін оқушыларға қолдау беріледі. 4 тапсырма – Қорытынды» тәсілі арқылы қолдау көрсетіледі. Барлық оқушылар бір тапсырманы орындаса да олардың нәтижелері әр түрлі болады. Олардың әрқайсысының өздерінен не күтетіндігін түсінгендеріне көз жеткізуге бағытталады. | Дискриптор
| ||||
Сабақ бойынша рефлексия | |||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?