Тыңдалған шығарма бойынша пікір білдіру. 3 сынып


 Тарау: Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен

 

 Сабақ тақырыбы: Тыңдалған шығарма бойынша пікір білдіру

 

 Оқу мақсаттары:

 3.1.3.1 шығармадағы кейіпкерлердің мінез-құлқы мен іс-әрекетіне, ондағы оқиғаларға сүйеніп, сюжеттің дамуын болжау;

 3.1.5.1 өз ойы мен сезімін көркем-бейнелі сөздерді қолдана отырып жеткізу

 

 Сабақ мақсаттары:

 Барлық оқушылар: шығармадағы кейіпкерлердің мінез-құлқы мен іс-әрекетіне сүйеніп, сюжеттің дамуын болжай алады және көркем-бейнелі сөздерді қолдана отырып,өз ойын жеткізуді біледі

 Көптеген оқушылар: кейіпкерлердің мінез-құлқы мен іс-әрекетіне сыныи тұрғыда баға бере алады

  Кейбір оқушылар: және көркем-бейнелі сөздерді қолдана отырып сюжеттің дамуын болжай алады

 

 Бағалау критерийлері

  •  шығармадағы кейіпкерлердің мінез-құлқы мен іс-әрекетіне сүйеніп, сюжеттің дамуын болжай алады
  •  көркем-бейнелі сөздерді қолдана отырып,өз ойын жеткізуді біледі.

Сабақ барысы

 

 Сабақтың басы: Сабақ басында ширату тапсырмасы «Суретті жұмбақ» әдісі арқылы ұйымдастырылады. Ол үшін:

 Оқушыларға «күліп тұрған» және «ренжіп тұрған» ұл бала бейнеленген суреттер беріледі. Оқушылар олардың іс-әрекетіне қарап баға берді.

 2. Оқушылардан қандай іс-әрекеттер жасағандары жайлы сұралады.

 Бұл тапсырмадан не байқадыңдар?

 Қандай жұмыс орындадыңдар?

 

 Мұғалім тарапынан сабақ мақсатын анықтау үшін сұрақтар қойылады. Жаттығу бойынша ойларын қортындылап, сабақ тақырыбы және оқу мақсаттарымен таныстыру:

шығармадағы кейіпкерлердің мінез-құлқы мен іс-әрекетіне сүйеніп, сюжеттің дамуын болжай алады және көркем-бейнелі сөздерді қолдана отырып,өз ойын жеткізуді біледі

 

 Сабақтың ортасы:

 

 1-тапсырма. Оқиық.

 Тапсырманы орындау бойынша нұсқаулық.\

 Болжайық. (Т). Суретте арқылы болжау.

 1.Оқушыларға суретке қарап оқылатын әңгіме бойынша суреттегі бала мен кейіпкерлердің көңіл күйі қандай? Ол әрі қарай не істейді деп болжауды сұраңыз.

 

 

 2.Алдымен олар топтарымен ойларын бөлісіп, суреттер жайында не талқылайды. Топтарды тыңдап, жетістіктерін бағалаңыз.

 3. Суреттегі баланың көңіл күйіне тоқтап, оқушылардан содан кейін не болады, ол не істейді? т.б. сұрақтар қойыңыз. Оқушылар өз жауаптарына дәлел келтіру керек. Бірнеше нұсқасын постерге жазғызыңыз.

 Саралау: ««Тапсырма арқылы саралау» Қабілеті төмен оқушылардың ойларын қолдаңыз, ал қабілетті жоғары оқушылардың жауаптарының ерекше болып, өз бетінше тұжырымдалуын жəне бастама көтеруге ұмтылуын қолдаңыз.

 Қ/Б: «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі. Екі жұлдыз –жұмыс туралы екі ұнаған нәрсе. Тілек – жақсартуды қажет ететін нәрсе.

 2-тапсырма. Оқиық.

 Тапсырманы орындау бойынша нұсқаулық.

 (Ө,Ұ). «Болжамың дұрыс па? Білгің келсе, мәтінді оқы» деп тапсырыңыз.

 1. Суретке қайта қарап онда не бейнеленгенін сұраңыз.

 2. Жақсы оқудың үлгісі ретінде оқушыларға дауыстап оқып беріңіз.

 3. Мәтінді оқып шығу үшін уақыт беріңіз.

 4.Оқушылардан өз ойларын, пікірлерін пысықтау үшін немесе автордың жазғанын ой елегінен өткізу үшін мәтін бойынша сұрақтар қойыңыз.

  •  Екі бәтеңкенің әңгімесінен не түсіндің?
  •  Екі бәтеңкенің көңіл-күйлері қандай?

 Саралау: Нәтиже арқылы саралау». Қабілеті төмен оқушылардың оқуы барысында қабілетін ескеріңіз, қосымша уақыт беріңіз.

 Қ/Б: «Бас бармақ» әдісі. Бас бармақтарын көрсету арқылы түсіндіргенді олардың ұғу деңгейі тексеріледі.

 Бас бармақ жоғарыға қарап тұрса = Мен түсінемін.

 Бас бармақ көлденең тұрса = Мен түсінгендеймін.

 Бас бармақ төмен қарап тұрса = Мен түсінбедім.

 3-тапсырма. Анықтайық.

 Тапсырманы орындау бойынша нұсқаулық.

  •  (ЖЖ). «Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі. Мәтіндегі көркем-бейнелі сөздерді анықтайды.
  •  (Ө) (Ойлан) – Мәтіндегі көркем-бейнелі сөздерді анықтап, стикерге жазып алады.
  •  Мыс: (әлпетiңiзге қарағанда, тартқан азапты көрсең, жаныңнан түңiлер едiң, ерке-шолжаңы, айнадай жарқырайды, бетiне сәулең түседi, қоймалжың батпақ көзiме тығылып)
  •  (ЖЖ) (Жұптас) – Мәтін бойынша белгіленген сөздерді бір–бірімен сәйкестендіреді.
  •  (Т) (Бөліс) – Анықтаған сөздерді ортақ топта талқылап, салыстырады..

 Саралау: «Диалог және қолдау көрсету арқылы саралау» негізінде орындалады. Бұл тапсырма кезінде мұғалімнің көмегін қажет ететін оқушыларға қолдау беріледі.

 Қ/Б.: «Ауызша кері байланыс» «Жарайсың», «Керемет», «Жақсы». Осы кері байланыс арқылы оқушылар өздері пайдалана алатын кері байланыс тілін қалыптастырады.

 

 4-тапсырма. Жазайық.

 Тапсырманы орындау бойынша нұсқаулық.

 Оқушыларға әңгіме мазмұны бойынша шығармашылық жұмыс жасайтынын айтыңыз.

 2. Мәтіндегі бәтеңкелердің мінез-құлқы мен іс-әрекетін анықтадың. Енді мәтіндегі көркем-бейнелі сөздерді қатыстырып, оларға сипаттама бер деп тапсырма беріңіз.

 3. Ол үшін қабырға сұлбасын толтыруды беріңіз.

 4. Бәтеңке сұлбасы салынған қағазды топқа беріңіз немесе оқушылардың өздерінің салуына болады. Оқушылар екеуден немесе ең көбі төртеуден жұмыс істейді.

 5. Олар сол кейіпкерді басқа адамдар сыртынан қалай көретінін көрсетіп, сөздерді немесе сөйлемдерді сұлбаның сыртына жазады. Сұлбаның ішіне олар кейіпкер өздерін қалай сезінетінін, олардың ойлары мен сезімдерін жазады.

 6. Топта ортаға салып талқылап, өз ұсыныстарын білдіру үшін уақыт беріңіз.

 4. Енді оқушылар барлық топта өз жұмыстарын қорғайды.

 Саралау: «Қарқын арқылы саралау» негізінде орындалады. Тапсырманы орындау кезінде басқаларға қарағанда жылдам жұмыс жасайтын оқушыны топ басшысы етіп сайлап, тапсырманы сол оқушының жетекшілігімен орындау ұсынылады.

Қ/Б «От шашу» әдісімен топтар өз жұмыстарын бағалайды.

 Рефлексия: ««Жетістік баспалдағы» әдісі 

 «Карточкалар иерархиясы» әдісі. Сыныпты жоспарлау. Оқушылар тақтаның немесе қабырғаның жанында жұмыс істейді. Немесе топтарға үстел басында жұмыс істеуге болады.

 Жұмыс алгоритмі:

 1. Шағын топтардағы оқушыларға бірнеше карточкалар беріледі:

  •  шығармадағы кейіпкерлердің мінез-құлқы мен іс-әрекетін анықтадым
  •  кейіпкерлердің мінез-құлқы мен іс-әрекетіне сүйеніп, сюжеттің дамуын болжай алдым;
  •  көркем-бейнелі сөздерді қолдана отырып,өз ойымды жеткіздім.

 2. Оқушылар оларды маңыздылық/басымдығына қарай орналастырады. Оларды тігінен немесе қатарлап

 қоюға болады.

 3. Бұдан кейін оқушылар сынып ішінде сұрақты талқылауды бастар алдында бір бірінің рейтингілерін салыстыра алады.

 

 Ескерту. Сынып оқушыларының ерекшелігіне байланысты мұғалім тапсырмаларды ауыстырырып орындай алады.

 

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу