Нағыз достық Марк Твен «Батылдық». 3 сынып


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: Әдебиеттік оқу

Бөлім: Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен

Сынып: 3

Мектеп: Астана қаласы, №68 жалпы білім беретін орта мектеп

Мұғалімнің аты-жөні: Махамбетова С.А

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Нағыз достық

Марк Твен «Батылдық»

Оқу мақсаттары

3.2.6.1 кейіпкерлердің іс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен дәлелдер келтіріп бағалау

3.2.4.1 өлең, мысал, нақыл сөз, аңыз, бата, әңгіменің жанрлық ерекшеліктерін анықтау

3.1.4.2 сөйлеу барысында иллюстрациялар, көрнекіліктер, фотосуреттер қолдану

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: шығарманың жанрлық ерекшелігін анықтай алады, кейіпкердің іс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен тауып баға береді

Көпшілік оқушылар:кейіпкердің мінез-құлқының өзгеру себебін талдау жасай алады, сөйлеу барысында суреттерді қолданады

Кейбір оқушылар: кейіпкердің іс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептеріне баға беріп,өзінің бойындағы қасиеттерді байланыстырады.

Бағалау критерийлері

  • Шығарманың жанрлық ерекшелінгін анықтай алады;
  • Кейіпкерлердің портретін сипаттайды
  • Кейіпкерлердің іс-әрекетіне қарап мінез-құлқына баға береді
  • Сөйлеу барысында суретті қолданады

Тірек сөздер

Батылдық,нағыз дос, түйреуіш,найзағайдай жарқ етті

Құндылықтарды дарыту

Топтық,жұптық жұмыстарды орындау барысында ынтымақтастық орта қалыптастыру.Өзара көмек, достық, адалдық, шығармашылық құндылықтары қалыптасады

Пәнаралық байланыстар

Диалог, өз ойын білдіруде сөздерді орынды қолдану кезінде қазақ тілі пәнімен байланыс жасалады.

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта,аудиоүнтаспа

Алдыңғы білімді игеру

Шығарма жанрларын біледі, сөйлеу барысында суреттеі қолдана алады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

1-5минут

Топқа бөлу: Төрт түрлі маркерлер арқылы топтарға бөлінеді

Ширату тапсырмасы: «Бұл кім?»

1. Аудиоүнтаспа арқылы сыныптағы бір оқушыны сипаттайды:оның бет әлпетін, сыртқы пішінін, киімін, сөйлеу мәнерін, әдеттерін, мінез-құлқын келтіреді. Әрине, ол оқушының есімін атауға болмайды және де сипаттардың барлығы да жағымды тұрғыдан болуы керек, мұнда оқушыны мақтаған дұрыс.

Бір-екі сипаттан кейін оқушылардан: «Бұл кім? Сіздер таптыңыздар ма?» деп сұрап, олардың жауаптарын тыңдаймын. Оқушылар таппаса, сипаттауды әрі қарай жалғастыра береді.

Мысалы, «Бұл оқушының күлкісі өте әдемі. Ол ақ жейде киген...Ол кім?... Бұл оқушыны жолдастары сыйлайды. Оның қолында қаламсап бар... Ол кім?...».

2.Бұл ой сергек оқушылардың бір-біріне деген ынта-ықыластарын арттыруға бағытталған: оқушылар өздері және өзге жолдастары туралы әңгімелерді өте ұнатады. Біз не істедік? Аудио үнтаспаны тыңдағанда оқушының несі айтылды?

Сабақтың тақырыбы, оқу мақсатымен таныстыру. Бағалау критерийін бірлесе құрастыру немесе таныстыру.

Маркерлер

Слайд №1-3

Сабақтың ортасы

6-9 минут

10-15минут

19-24 минут

25-30 минут

31-37минут

Білу

Нағыз дос сен қателік жіберген кезде жаныңнан табылады. Ал сен дұрыс жүрсең,бәрі сенімен бірге

Марк Твен

Қанатты сөздер мақал-мәтелдерге ұқсас. Ол терең ойға құрылған көлемі шағын нақыл сөздерге жатады. Көбінесе қанатты сөздердің авторы болады. Кестені толтыру.

Жанры

Ұқсастығы

Айырмашылығы

Мақал- мәтелдер

Қанатты сөздер

Бата

1-тапсырма

Марк Твен «Батылдық» мәтінін «Бағытталған оқу» әдісі арқылы оқу. Мәтінннің бір бөлігін оқығанна кейін оқиға қалай жалғасады деп оқушылардан сұраңыз. Оқушылар өз ойын білдіргеннен кейін келесі бөлігін оқып, жасаған болжамдарымен салыстыру. Осылайша мәтінді тұтас оқиды. Мәтін бойынша сұрақтар қойылады. Түсініксіз сөздермен жұмыс жүргізіледі.

-Сабақ кезінде сыныптағы оқушылар неге тып- тыныш отыр деп ойлайсыңдар?

-Том неге Доббис мырзаның әр қимылын бақылап отырды?

-Мұғалім неліктен ашуланды? Себебін мысалмен дәлелде.

-Том Беккиді неге құтқарғысы келді?

-Том неліктен мойындады?

-Сенің ойынша Томның жасаған әрекеті дұрыс па?

Саралау: Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады,бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Көмек қажет ететін оқушыларға қосымша уақыт беріледі.

ҚБ «Бір- бірін бағалау»

Топтар бір -бірінің жұмысын бағалау арқылы әр топ жұмысында нені жақсарту керектігін анықтайды

2-тапсырма

«Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі

Кейіпкердің іс-әрекеті неге өзгергенін мәтінге сүйеніп түсіндір.

Беккидің іс-әрекетіне деген Томның бастапқы ойы қандай еді? Ол неліктен пікірін өзгертті деп ойлайсың? Томның іс-әрекетіне баға бер.

Саралау:Кейіпкердің іс-әрекеті неге өзгергенін мәтінен тауып, түртіп алады және өзгерген себептерін талқылап ортада түсіндіреді

ҚБ «Табыс ағашы» әдісі

Әрбір жапырақтың өзіне тән түсі бар: жасыл – «барлығын дұрыс істедіңдер», сары – «қиын-дықтар болды», қызыл – «қателер көп болды».

3-тапсырма

(Ө;ЖЖ) Суреттерді қолданып, мәтіндегі оқиғаны әңгімелеп айт.

Саралау: тапсырма бойынша саралау жасалады. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Кейбір оқушыларға жетекші сұрақтар қойылады.

ҚБ оқушылардың бірін – бірі бағалауы.

4-тапсырма

(Ө;Т) Мәтін әрі қарай қалай жалғасды деп ойлайсың? Доббис мырза не істеуі мүмкін? Том не істейді? Оқушылар өздерінің ойларын ортаға салады. Оқиға қосып мәтінді жалғастырып жазады.

Саралау: тапсырма арқылы саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтижелер күтіледі. Кейбір оқушыларға сөздер мен сөз тіркестері ұсынылады.

ҚБ «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы бағалау.

Слайд №5

Қосымша 1

Оқулық 57-58 беттер

Слайд № 6

Слайд №7

Сабақтың соңы

37-40 минут

«Шеринг» әдісі

Өткен тақырып бойынша ойларын жинақтайды, пікір алмасады. Барлығы шеңберде тұрады, жүргізуші бастап, кезекпен барлығы тақырып бойынша түйінді ойды қорытындылайды.

Саралау

Тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Кейбір оқушыларға қолдау көрсетіледі. Жетекші сұрақтар қойылады, сөздер мен сөз тіркестері беріледі. Оқушылар бірлесе жұмыс жасайды, бір – біріне көмектеседі. Өзіне деген сенімділік артады.

Бағалау

«Бір- бірін бағалау» әдісі

«Табыс ағашы» әдісі

«Екі жұлдыз,бір тілек» әдісі

«Смайликтер» әдісі

Дескриптор

  • Кейіпкердің мінез

құлқы мен іс-әрекеттерін сипаттайтын бөлікті табады

  • Кейіпкердің көңіл

күйінің өзгеру себебін анықтайды

  • Кейіпкерді сипаттап

мінездеме береді

  • Хат жазуда ойын

жүйелі жеткізеді

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Топ ережесін сақтау ескеріледі.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсатына жеттім бе?

Оқушылар не үйренді?

Ынтымақтастық атмосферасы орнады ма?

Оқушылар арасындағы дифференциациялау бойынша іс-әрекеттер ұтымды болды ма?

Жоспарланған уақытты ұстандым ба?

Жоспардан қандай шегіністер жасадым және неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу