Н.Айтов «Алтын сөз». 3 сынып


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: Әдебиеттік оқу

Бөлім: Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен

Сынып: 3

Мектеп: Астана қаласы, №68 жалпы білім беретін орта мектеп

Мұғалімнің аты-жөні: Махамбетова С.А

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Ата сөзі-алтын сөз

Н.Айтов «Алтын сөз»

Оқу мақсаттары

3.2.4.1 өлең, мысал, нақыл сөз, аңыз, бата, әңгіменің жанрлық ерекшеліктерін анықтау

3.1.5.1 өз ойы мен сезімін көркем-бейнелі сөздерді қолдана отырып жеткізу

3.2.8.2 мұғалімнің көмегімен көркем шығарма үзіндісін басқа үлгідегі (иллюстрация, музыка (күй), мультфильм) нұсқасымен салыстыру

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: шығарманың жанрлық ерекшелігін анықтайды;

Көпшілік оқушылар: сөйлеу барысында көркем сөздерді орынды қолданады, бата мен тілекті ажырата алады;

Кейбір оқушылар: өлеңді суретпен салыстырады, өз ойын қорытындылап жеткізеді.

Бағалау критерийлері

  • Шығарманың жанрлық ерекшелігін анықтайды;
  • Бата мен тілекті ажырата алады;
  • Ойын бейнелі сөздердің көмегімен жеткізеді;
  • Шығарманы сурет нұсқасымен салыстырады.

Тірек сөздер

Алтын сөз, жүйрік тіл

Құндылықтарды дарыту

Топтық, жұптық жұмыстарды орындау барысында ынтымақтастық орта қалыптастыру. Ұлттық құндылықтарды , салт – дәстүрді насихаттау.

Пәнаралық байланыстар

Сөйлемдегі сөздердің байланысын қолдануда қазақ тілімеен байланыс жасалады; бата үлгілерін тыңдау арқылы музыка пәнімен байланыс жасалады.

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта,үнтаспа

Алдыңғы білімді игеру

Өлеңнің жанрлық екершелігін біледі, сұрақтар құрастыра алады, өз ойын жеткізуде көркем-бейнелі сөздерді қолдана алады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

1-4 минут

Топтарға бөлу: Себетпен кәмпит әкелу. Оқушыларға себеттен кәмпит алуларын сұраймын.Кәмпиттің түрлеріне қарай 4 топқа бөлініп отырады

Ширату тапсырмасы: «Көрші»

Мақсаты: әрбір қатысушының сол топтың бір мүшесі екендігін сезінуі, бір-біріне жылылық сыйлау.

Нұсқаулық:

Көршіңді оң жақтан құшақта,

Көршіңді сол жақтан құшақта.

Оң жақтағы көршіңе бір жымиып,

Сол жақтағы көршіңе бір жымиып,

Біздің топ бір үлкен отбасымыз

«Миға шабуыл» әдісі арқылы мақалдың мағынасын ашу.

Жаңбырменен жер көгерер.

Батаменен ел көгерер

Сабақтың тақырыбы, оқу мақсатымен таныстыру. Бағалау критерийімен таныстыру немесе бірлесе құрастыру.

Кәмпит

Слайд №1-4

Сабақтың ортасы

5-9 минут

10-14минут

15-21минут

22-29 минут

30-36минут

Танысу

Несіпбек Айтов (1950 жылы туған)-белгілі балалар ақыны

1-тапсырма

(Ө;Ж;Т) Өлеңді түсініп оқуға уақыт беріледі.

Түсініксіз сөздермен жұмыс жүргізіледі.

Өлеңді мәнерлеп оқу.

Саралау: Кейбір оқушыларға өлеңді оқуға қосымша уақыт беруге болады

ҚБ Оқушылардың бірін – бірі бағалауы.

Жақсы жұмыс жасаған топқа жұлдызшалар тарату

2-тапсырма

(Ө; Ж) Сұраққа жауап берейік «Ойлан – жұптас – бөліс» әдісі арқылы орындалады.

Оқушылар өлеңге қатысты сұрақтар құрастырады. Жұптарға бөлініп, сосын топта ең үздік деген сұрақтарын біріктіреді. Сұрақтарын басқа топтарға қояды.

Үлгі:

1.Бата не үшін беріледі?

2.Ақынның алтын сөз деп отырғаны не?

3. Батаның қандай қасиеті бар?

Саралау: Тапсырма арқылы саралау жүргізіледі. Сұрақтарға толық, нақты жауап беруіне көңіл бөлінеді. Кейбір оқушыларға қолдау көрсетіледі.

«Жарайсыңдар!», «Өте жақсы», «Керемет!» сөздерімен мадақтау арқылы бағалау

3- тапсырма Венн диаграммасы арқылы бата мен тілекті салыстыру. Олардың ұқсастығы мен айырмашылығын анықтау.

Саралау. Тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Оқушылар бір – біріне көмектеседі, өз ойларын ортаға салады.

4-тапсырма (дәптермен жұмыс)

«Мозайка» әдісі бойынша суретпен жұмыс

(Ө;Т) Оқушыларға сурет қиындылары таратылады. Топ болып сурет қиындыларынан сурет құрастырып, сол суретке қарап мақал немесе бата ойластырады, дәптерлеріне жазады. Топта талқылап, сынып алдында қорғайды. Өлеңмен салыстырады.

Саралау: тапсырма уақыт арқылы сараланады. Кейбір топтың дайындығына қосымша уақыт беріледі.

ҚБ топтар бірін- бірі бағалайды.

5-тапсырма

Қолданайық «Ой бұлты» әдісі

(Т) Тақырыпқа қатысты әрбір топ бата алатындай оқиғалар(жағдаяттар)ойластырады. Оқиғаларын ортаға шығып сахналап көрсетеді.

Саралау: Тапсырма арқылы саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі.

ҚБ «Екі жұлдыз, бір тілек»

Топтарды бағалау үдерісінде екі жұлдыз және бір тілек айтамын.

Екі жұлдыз – жұмыстарында ерекше ұнағаны

Бір тілек - жақсартуға болатыны

Оқулық 62-63 беттер

Слайд №5

Слайд №6

Слайд №7

Сабақтың соңы

37-40минут

«Білім ағашы»әдісі

Сабақ соңында оқушылар өз ойларын жапырақ тәріздес қағаздарға жазып,ағаш суретіне жапсырады.

Жапырақ түстеріне қарай мағына беруге болады.

Сары-түсініксіздеу

Жасыл-түсінікті

Слайд №8

Саралау

1-тапсырмада

Қабілеті төмен оқушылар өлеңді ұзақ оқитындықтан оларға қосымша уақыт беруге болады.

2-тапсырмада

Тапсырма арқылы саралау жүргізіледі. Сұрақтарға толық, нақты жауап беруіне көңіл бөлінеді. Кейбір оқушыларға қолдау көрсетіледі.

3-тапсырмада

Тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Оқушылар бір – біріне көмектеседі, өз ойларын ортаға салады.

4-тапсырмада

тапсырма уақыт арқылы сараланады. Кейбір топтың дайындығына қосымша уақыт беріледі.

Бағалау

«Жарайсыңдар!», «Өте жақсы», «Керемет!» сөздерімен мадақтау арқылы бағалау

«Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі

«Бір-бірін бағалау»әдісі

Дескриптор

  • Шығарманың жанрлық ерекшелігін анықтайды;
  • Бата мен тілекті ажырата алады;
  • сөйлеу барысында

көркем сөздерді орынды қолданады;

  • шығарманы сурет нұсқасымен салыстырады.

.

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Топпен жұмыс жасауда қауіпсіздік ережесін сақтау

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсатына жеттім бе?

Оқушылар не үйренді?

Ынтымақтастық атмосферасы орнады ма?

Оқушылар арасындағы дифференциациялау бойынша іс-әрекеттер ұтымды болды ма?

Жоспарланған уақытты ұстандым ба?

Жоспардан қандай шегіністер жасадым және неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу