Шығарманың жоспарын құру. 3 сынып


 Тарау: Жанды табиғат

 

 Сабақ тақырыбы: Шығарманың жоспарын құру

 

 Оқу мақсаттары:

 3.3.1.1 мұғалім көмегімен оқылған шығарманы логикалық бөліктерге бөліп, әр бөлікке ат қойып жоспар құру

 3.2.1.1 мәтінді дауыстап түсініп/ рөлге бөліп/ мәнерлеп/ теріп оқу

 3.1.4.2 сөйлеу барысында иллюстрациялар/ көрнекіліктер/ фото / суреттер қолдану

 Сабақ мақсаттары:

 Барлық оқушылар: шығарманы теріп оқып, логикалық бөліктерге бөлу, жоспар құру және сөйлеу барысында суреттерді қолдану

 Көптеген оқушылар: бөліктерге бөліп, жоспар құруда өз тұжырымдарын ұсына алады

 Кейбір оқушылар: дәлелдер келтіре отырып, бөліктерге бөледі, бөлімдерге ерекше ат қояды.

 Бағалау критерийлері:

  • Мәтінді теріп оқиды
  • Мәтінді логикалық бөліктерге бөледі
  • Әр бөлікке ат қойып, жоспар құрастырады
  • Сөйлеу барысында суреттерді қолдана алады

 Сабақ барысы

 

 Сабақтың басы: Сабақ басында ширату тапсырмасында «Жартысын тап» ойыны арқылы ұйымдастырылады. Ол үшін:

 Сынып төрт топқа бөлінеді. Әр топқа суреттердің бөліктері беріледі.

 

 

 Оқушылар барлық топтың ішінде жүріп, суретті құрастырады. Құрастырған суреттер бойынша әңгіме құрастырады.

 Оқу мақсатын анықтау: Суреттерді қалай құрастырдыңдар? (Бөліктерін жинастырдық) Қандай бөліктерін құрастырдыңдар?

 Сабақ мақсаты: шығарманы логикалық, бөліктерге бөліп, жоспар құру және сөйлеу барысында суреттер қолдану.

 

 Сабақтың ортасы:

 1-тапсырма. Оқиық.

 Тапсырманы орындау бойынша нұсқаулық.

  «Белгіле» әдісімен Ә.Табылдиевтің «Күз кереметі» мәтіні оқылады.

 1.Оқушыларға теріп оқи отырып, жоспар құру үшін қажетті ақпаратты белгілеп отыру тапсырылады. Өз бетінше оқуға 4-5 минут уақыт аралығы беріледі.

 2. Мәтіннен қажетті ақпаратты алу үшін оқушылар стикермен белгілеп отырып оқиды. Жоспар құруға қажетті ақпаратты стикерге белгі қойып, мәтінге жабыстырады.

 3. Белгілеп алынған қажетті ақпараттарын толықтыруға уақыт беріңіз.

 Саралау: қарқын тәсілі арқылы cараланады. Кейбір оқушыларға қосымша уақыт беріледі.

 Қ/Б: Өзіндік бағалау. «Смайликтер».

 2-тапсырма. Сұрақтаға жауап берейік.

 (ЖЖ). «Көршіңізге айтыңыз» әдісі арқылы ұйымдастырылады.

 Тапсырманы орындау бойынша нұсқаулық.

 1.Мұғалім жұмыстың орындалуын түсіндіреді. (Жұппен жұмыс жасап, ақпараттармен бөлісу, таныс емес сөздермен жұмыс жасау).

 2. Оқушылар өзінің мәтіннен стикермен белгілеп жинаған мәліметтерін көршісімен бөліседі.

 3.Оқушылар көршісімен бұрыннан білетін, түсініксіз болған, жаңа ақпарат болған, таңқалдырған мәліметтерді айтып, сол мәліметтерді бір - біріне талқылайды.

 Саралау: «Диалог және қолдау көрсету арқылы саралау». Кейбір оқушыларға жан-жақты әрі нақты көмек көрсетіледі.

 Қ/Б: «Күншуақ». Күннің шуағына тапсырма бойынша түсінгенін, түсінбегендерін жазады.

 

 3-тапсырма. Анықтайық.

 (ЖЖ,Т). «Оқиға шыңы» әдісі арқылы оқушыларға мәттінді бөліктерге бөлу ұсынылады.

 Тапсырманы орындау бойынша нұсқаулық.

 1. Мұғалімнің көмегімен оқушылар мәтіннің қанша бөліктерге бөлуге болатынын анықтайды. Мұғалім мәтін бөліктерін «Оқиға шыңы» арқылы түсіндіреді: таудың сол жақ етегі - мәтіннің басталуы, таудың басы - мәтіннің ортасы, таудың оң жақ етегі - мәтіннің соңы.

 2. Әр топқа тау суреті бар А3 форматтағы қағаз беріледі. Топ ішінде оқушылар жұппен жұмыс кезінде жинақталып, сараланған мәліметтеріне сүйене отырып, стикерлерін «Оқиға шыңына» сай бөліктеріне орналастырады

 3. Нәтижесінде мұғалім нақты мәтін бөліктерін оқиды, топ мүшелері стикерлерді дұрыс мәтін бөліктеріне сай қайтадан орналастырады.

 Саралау: «Қортынды арқылы саралау». Барлық оқушыларға бағытталған нұсқау бере отырып, не күтетіндігі түсінгендеріне көз жеткізу.

 Қ/Б «Смайликпен» бағалау әдісі. Топтар бір –бірін тыңдайды, стикерлерге смайликтер суретін салып, оны бағаланған топ үстеліне жапсырады.

 

 4-тапсырма. Құрастырайық

 (Т). «Құрастыр, сосын жауап бер» әдісі арқылы, мәтін бойынша жоспар құрастыру тапсырылады.

 1. Мұғалім әр топқа «Оқиға шыңындағы» мәтін бөліктеріне жапсырған стикерлеріне сүйене отырып, жоспар құруды ұсынады.

 2. Оқушыларға жоспар құруға өз ойларын жинақтауға уақыт беріледі. Ойлануға 30 cекунд уақыт беріледі.

 3. Топ ішінде оқушылар мәтін бөліктерін ретімен орналастыру арқылы жоспар құрайды.

 4. Топтардың жоспарын сыныппен талқылап, мұғалімнің көмегімен дұрыс жоспар құрылады.

 Жоспар:

 1.Бақшадағы жұмыс

 2. Келген қонақтар

 3. Түскі ас

 4. Омар атайдың әңгімесі

 5. Қолғабыс

 Саралау: Басқа оқушыларға қарағанда тапсырманы орындауда көп күш жұмсауды талап ететін оқушылардың белсенділігін арттыру үшін «Қарқын арқылы саралау» жүргізіледі.

 Қ/Б: «Пантомима». Сөзсіз қимыл көрсету арқылы, өздерін бағалайды.

 

 5-тапсырма. Орналастырайық.

 (Т). «Оқиғалар желісі» әдісі арқылы ұйымдастырылады.

 Тапсырманы орындау бойынша нұсқаулық.

  •  Мұғалім әр топқа оқиға желісі көрсетілген сурет қиындыларын беріп, суреттерді ретімен орналастыруды тапсырады.

 2. Оқушылар жоспарға сүйене отырып, оқиға желісін ретімен орналастырады.

 3. Мұғалім интербелсенді тақтадан дұрыс орналасқан оқиға желісін көрсетеді

 Саралау: Барлық оқушыларға бағытталған нұсқау бере отырып, олардың әрқайсысының өздерінен не күтетіндігіне көз жеткізу үшін «Нәтиже арқылы саралау» жүргізіледі.

 Қ/Б: «Бағдаршам». Оқушыларда қызыл, жасыл, сары түсті карточкаларды өз парталарына қояды немесе жоғары көтере отырып (қызыл түсті-түсінбедім, жасыл-түсіндім, сары түсті-толық түсінбедім) топ бірін-бірі бағалайды.

 

 Сабақтың соңы.

Рефлексия. «Бес саусақ» әдісі.

 1.Бас бармақ-басты мәселе. Бүгінгі сабақта ең құнды мәселе қандай болды?

 2.Балалы үйрек-бірлесу. Мен топта қалай жұмыс жасадым? Кімге көмектестім? Кімге риза болдым?

 3.Ортан терек-ойлау. Мен бүгін қандай білім мен тәжірибе алдым?

 4.Шылдыр шүмек-шынайылық. Сабақ маған ұнады ма? Неліктен?

 5.Кішкентай бөбек-көңіл күй ахуалы. Мен сабақта өзімді қалай сезіндім

 

 

 Ескерту. Сынып оқушыларының ерекшелігіне байланысты мұғалім тапсырмаларды ауыстырырып орындай алады.

 

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу