ДИДАҚТИКАЛЫҚ МАТЕРИАЛ Тақырыбы Асырап алған жануарды күтіп-бағу


1-топ Мәтіндегі итке сипаттама беру

2-топ. «Ит-адамның досы» мағынасын түсіндіру

3-топ «Ит» туралы шағын эссе жазу

4-топ «Ит» туралы» 5 жолды өлең шығару.

5-топ «Ит» туралы деректермен жұмыс.

Иттер – нағыз етқоректі жануарлар. Тістерінің ішінде ең жақсы дамығаны – азу тісі.Алдыңғы аяқтарында 5 башай, артқы аяғында 4 башай болады.Иттердің есту, көру, иіс сезу мүшелері өте жақсы жетілген. Үйретуге өте бейім болады.Жыныстық жағынан төбеті 10 – 12 айда, қаншығы 7 – 8 айда жетіледі, жылына 1 – 2 рет ұйығады. Буаздық мерзімі 58 – 65 күн, қаншығы 1 – 2, кейде 12 – 18 соқыр, саңырау, тіссіз күшіктер табады. Құлағы 5 – 8, көзі 10 – 14 күннен кейін ашылып, сүт тістері 20 – 30 күннен кейін шыға бастайды. Күшіктері енесін 1 – 1,5 айдай емеді.Иттер 10 – 12 жылдай тіршілік етеді.Иттің белгілі бір қызмет атқаруға, аң аулауға үйретілген, сондай-ақ үйде сәндік үшін асырайтын тұқымдары болады. Қызмет иттері тұқымдарын армия, шекара күзеті, милиция істерінде, әр түрлі объектілерді күзетуге, мал бағуға т. б. пайдаланады. Иттің бұл тұқымдарына неміс овчаркасы (шығыс европалық), Кавказ овчаркасы, Орта Азия овчаркасы, орыстың оңтүстік овчаркасы, шотланд овчаркасы (колли), ротвейлер, эрдельтерьер, қара терьер, ризеншнауцер, Москва күзет иті және сүңгуір ит (ньюфаундлендтің отандық типі) жатады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу