Қазақ тілі және әдебиеті 2 сынып 7 бөлім Табиғат пен қоршаған орта Жануарлар туралы әңгіме оқу ДИДАКТИКАЛЫҚ МАТЕРИАЛ
Дидактикалық материалдар
Сабақ тақырыбы: Жануарлар туралы әңгіме оқу
Қу түлкі
Жолбарыс бір түлкіні ұстап алады. Түлкі құйрығын бұлғаңдатып, тұмсығын жоғары көтеріп:
-Мені жей алмайсың! Мен осы орманға қожалықетуге келгенмін,-дейді.
Жолбарыс түлкіге олай бір, бұлай бір қарап, сенбей:
-Мүмкін емес,-дейді.
-Сенбесең менімен бірге орманға жүр. Ондағы барлық аңдардың менен қалай қорқатынын өз көзіңмен көр,-дейді түлкі.
Жолбарыс бұған келіседі. Түлкі жолбарыстың алдына түсіп, паңдана жүріп отырады. Жолбарысты көріп аңдар мен құстар зәресі ұшып, тым-тырақай қашады. Ұялары мен індеріне тығылады. Аспанға ұшады. Ал қу түлкі басын одан сайын көтере түсіп:
-Ал енді көзің жеткен шығар. Менен қорықпайтын жан бар ма тірі?деп мақтанады.
-Иә, сен шынында да айбарлы екенсің,-деп алданған жолбарыс жайына кетеді.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?