: Шығарма мазмұны бойынша сұрақтар қою және жауап беру. 3 сынып


 Тарау: Жанды табиғат

 

 Сабақ тақырыбы: Шығарма мазмұны бойынша сұрақтар қою және жауап беру.

 

 Оқу мақсаттары:

 3.2.2.1 шығарма мазмұны бойынша қолдануға (практикалық), бағалауға және шығармашылыққа негізделген сұрақтар қою және жауап беру

 3.3.1.1 мұғалім көмегімен оқылған шығарманы логикалық бөліктерге бөліп, әр бөлікке ат қойып жоспар құру.

 

 Сабақ мақсаттары:

 Барлық оқушылар: шығарма мазмұны бойынша бағалауға негізделген сұрақтар қояды және жауабын шығармадан таба алады, бөліктерге бөліп, жоспар құра алады

 Көптеген оқушылар:қойылған сұрақтардың жауабын шығармадан тауып, себептерін түсіндіре алады

 Кейбір оқушылар: жоспар құруда шығармадан негізгі ұғымдарды анықтап, құрай алады.

 Бағалау критерийлері

  • шығарма мазмұны бойынша бағалауға негізделген сұрақтар қояды
  • қойылған сұрақтардың жауабын шығармадан таба алады
  • мәтіннің құрылымдық бөліктерін табады және анықтай алады

 Сабақ барысы

 

 Сабақтың басы: Сабақ басында ширату тапсырмасында ««Доп лақтыру» ойыны арқылы ұйымдастырылады. Ол үшін:

 Мұғалім оқушыларға тақырып бойынша сұрақтар қояды, оқушылар жауап береді.

  •  Мәтін бойынша білетініңді ата.
  •  Өткен сабақта қанадй мәтін оқыдық?
  •  Ол мәтін мазмұны бойынша неге жауап бердіңдер?
  •  Ол сұрақтардың жауабын қайдан алдыңдар?

 Балалар біз жаңа өздеріңмен қандай ойын ойнадық? (балалардың ықтимал жауабы ойын ойнадық, сіз сұрақ қойдыңыз, біз жауап бердік.)

 Жаттығу бойынша ойларын қортындылап, сабақ тақырыбы және оқу мақсаттарымен таныстыру. Оқушылармен бағалау критерийін қарастыру немесе таныстыру. Ендеше, балалар біздің бүгінгі сабағымыздың мақсаты: шығарманың мазмұны бойынша сұрақтар қоямыз, оған жауап береміз, шығарманы бөліктерге бөліп, жоспар құрамыз.

 Сабақтың ортасы:

 

 1-тапсырма. Оқиық.

 (Ж; Ұ, МК) Жүсіпбек Аймауытовтың «Қараторғай» әңгімесін оқу ұсынылады.

 Тапсырманы орындау бойынша нұсқаулық.

 Мұғалім оқушыларға мәтінді оқуда түсініксіз сөздерді белгілеп оқу туралы алдын ала ескертеді. Мысалы, Қаумалап – бірнеше адамның қоршап, жиналып алуы. Отағасы – отбасындағы ер адам, әке. Сырғауыл – жіңішкелеу келген ұзын ағаш. Сөздердің мағынасын түсіндірме сөздіктен қарап, бірлесе талқыланады.

  •  Қамбар ата не жасады?
  •  Балалар қандай сөзге түсінбей қалды? («Қонағым қол басындай, мінезі қорғасындай»)
  •  Бұл сөзді сен қалай түсінесің?

 Сұрақтары қойылып, оқушылардың жауабы тыңдалады.

 Саралау: «Қарқын» арқылы саралау тәсілі жүзеге асады. Мұнда мәтінді баяу оқитын оқушыға қосымша уақыт беру арқылы көмек көрсетіледі.

 2-тапсырма. Сұрақ құрастырайық.

 (ЖЖ) «Қар кесегі» әдісі арқылы сұрақ құрастырып, жауап береді

 Тапсырманы орындау бойынша нұсқаулық.

  •  Шығарма мазмұны бойынша топ ішінде әр жұп бағалауға негізделген сұрақтар дайындап, жеке қағаздарға жазады.
  •  Дайын сұрақтарды келесі топтарға лақтырады.

 2. Қағып алған топ мүшелері сол сұрақтарға жауап береді.

 3. Сұрақтардың жауабын шығармадан табады

 Саралау: «Диалог және қолдау көрсету» саралау тәсілі жүзеге асады. Мұнда сұрақ құрастыруда қиналатын оқушылар үшін қосымша жетелеуіш сұрақтар беріліп (оқыған бөлігіңде не туралы айтылып еді?), сөзбен қолдау көрсету маңызды болып табылады.

 ҚБ. «Бағдаршам» әдісі

 Жасыл түсі -барлық тапсырма орындалды.

 Сары түсі – тапсырманы орташа деңгейде жасады.

 Қызыл түсі– тапсырма қате орындалған немесе мүлдем жоқ.

 

 3-тапсырма. Анықтайық.

 Әткеншек әдісі (Карусель) (ТЖ). Мәтінді бөліктерге бөлу тапсырылады.

 Тапсырманы орындау бойынша нұсқаулық.

 Мұғалімнің көмегімен оқушыларға шығарманы бөліктерге бөлуге оңтайлы жағдай жасалады, плакаттар беріледі.

 1. 1-2 тапсырмада алынған мәтін мазмұны бойынша оқушылар мәтінді бөліктерге бөледі.

 2. Оқушылар бөліктерге бөліп алғаннан кейін жұмыстарын келесі топқа өткізеді.

 3. Оқушылар жұмыстары талқыланады.

 Саралау: «Нәтиже арқылы саралау» жүргізіледі. Барлық оқушыға бірдей тапсырма берілгенімен, күтілетін нәтиже әртүрлі болады. Нәтижелері арқылы жетекші сұрақтар қою арқылы қолдау көрсетіледі.

 Қ/Б: Мадақтау. Жарайсыңдар! Тамаша! Сен тамаша ой айттың! т.б.

 4-тапсырма. Жазайық.

 (ЖЖ,Т). «Еркін жазу» әдісі. Алдыңғы тапсырмадағы плакатты пайдаланып, жоспар құрып жазу тапсырылады.

 Тапсырманы орындау бойынша нұсқаулық.

 1.Уақыт беріледі, алдыңғы тапсырмада бөлінген бөліктерге сүйене отырып оқушыар топпен еркін жоспар құрады.

 2. Әр топ өз жоспарын оқиды.

 3. Ортаға салады.

 4. Барлық оқушының келісуімен ең тиімді жоспарды таңдап алады.

 Оқушылар бағдаршам әдісі бойынша бірін-бірі бағалайды

 Саралау: ресурс (дереккөз) арқылы саралау тәсілі жүзеге асады. Мұнда жоғары ойлау деңгейлі оқушылар мәтінге жоспар құру арқылы анағұлым күрделі сөздерді пайдалана отырып, дереккөздермен жұмыс істей алады. Сонымен қатар саралаудың тапсырма тәсілі бойынша жоспар құруда көмекті қажет ететін оқушыларға қажеттіліктеріне қарай қосымша жоспардың үлгісі ұсынылады.

  ҚБ: «Қолмен белгі беру» әдісі арқылы бағаланады. Басбармақ жоғарыға қарай = Мен түсінемін. Басбармақ көлденең = Мен түсінгендеймін. Басбармақ төмен қарай = Мен түсінбедім.

 

 Сабақтың соңы.

 Рефлексия: «Үш көмекші» әдісі »

 Чемодан, еттартқыш, себет

 Оқушыны алған білімін саралай білуге дағдыландыру

 Тақырып бойынша алған керекті ақпараттарды чемоданның тұсына жазса, ал әлі де оқуым керек, толықтыруым керек дегендері болса, еттартқыштың тұсына жазады. Сонымен қатар керек емес болған, артық дүниені себеттің тұсына жазады. Осылайша мұғалім өткен сабақтан қандай білім алғанын біледі.

 

 Ескерту. Сынып оқушыларының ерекшелігіне байланысты мұғалім тапсырмаларды ауыстырырып орындай алады.

 

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу