Әдеби көркемдеуіш құралдардың. 3 сынып
Тарау: Жанды табиғат
Сабақ тақырыбы: Әдеби көркемдеуіш құралдардың қолданысын анықтау
Оқу мақсаттары:
3.2.7.1 мұғалімнің көмегімен шығармадағы әдеби көркемдегіш құралдарды (теңеу, эпитет, кейіптеу) табу
3.2.3.1 шығарманың тақырыбын анықтау және негізгі ойды білдіріп тұрған мәтін бөлігін/сөйлемді анықтау
3.2.1.1 мәтінді дауыстап түсініп/ рөлге бөліп/ мәнерлеп/ теріп оқу
Сабақ мақсаттары:
Барлық оқушылар: шығармадағы әдеби көркемдегіш құралдарды (теңеу) тауып, негізгі ойды білдіріп тұрған мәтін бөлігін анықтап және мәтінді түсініп оқу
Көптеген оқушылар: теңеу сөздерді табуда өз тұжырымдарын ұсына алады
Кейбір оқушылар: дәлелдер келтіре отырып, мәтіннің мазмұнын айта алады
Бағалау критерийлері
- Мәтінді түсініп оқиды
- Мәтіннен теңеу сөздерді табу
- Теңеу сөздерді түсіндіру
Сабақ барысы
Сабақтың басы: Сабақ басында ширату тапсырмасында «Менімен бірге қайтала» жаттығуы арқылы ұйымдастырылады. Ол үшін:
Қатысушылар шеңбер құрып тұрады. Көңілді музыка қойылып, оқушылар билейді. Билеу келесі тәртіп бойынша жүргізіледі: біріншіден әрқайсылары қандай да бір қимылдар жасайды, ал жүргізуші қолымен шапалақ соққанда оң жақтағы көршінің қимылын орындайды. Егер де қатысушылар мұқият орындаса, әрқайсыларының қимылы шеңберден айналып өтіп «авторға» қайтып келеді.
Жаттығу бойынша ойларын қортындылап, сабақ тақырыбы және оқу мақсаттарымен таныстыру: шығармадағы әдеби көркемдегіш құралдарды (теңеу) тауып, негізгі ойды білдіріп тұрған мәтін бөлігін анықтап және мәтінді түсініп оқу
Сабақтың ортасы:
1-тапсырма. Анықтайық.
Тапсырманы орындау бойынша нұсқаулық.
(Т,Ұ). «Айналдыру» (Ротация) әдісі арқылы «Теңеу» деген не? анықта деген тапсырма беріледі.
1. Сыныптағы оқушылар 5 топқа бірігеді, қабырғаға 5 флипчарт ілінеді.
3. Әр топ өз парағына тапсырма бойынша 3-4 минутта тақырыпты ашатын 2 (екі) сөйлем жазады.
4. Мұғалімнің белгі беруімен топтар жаңа параққа (флипчартқа) ауысады да өз топтарына қайта келгенше осы әрекет қайталанады.
5. Топтағы таңдалған тақырыптағы жұмыс: қағаздағы берілген жауаптардың барлығын талдау, артығын іріктеу, түзету, таныстырылым дайындау.
6. Дайындалған жауаптың таныстырылымы.
7.Таныстырылым бойынша топтан берілген сұрақтардың берілуі, нәтижелерін бағалау.
Саралау: «Қарқын» арқылы саралау тәсілі жүзеге асады. Кейбір оқушыларға қосымша уақыт беріледі.
ҚБ: Өзіндік бағалау. «Смайликтер».
2-тапсырма. Оқиық.
(Ө) «Белгі қой» әдісі арқылы С.Бегалиннің «Есеннің кірпісі» мәтінін түсініп оқу тапсырылады.
Тапсырманы орындау бойынша нұсқаулық.
1.Оқушыларға мәтінінен теңеу сөздерді белгілеп отыру тапсырылады. Өз бетінше оқуға 4-5 минут уақыт аралығы беріледі.
2. Мәтіннен белгілеп алынған теңеу сөздерге стикерлер жабыстыр.
3. Белгілеп алынған қажетті ақпараттарын толықтыруға уақыт беріңіз.
Саралау: «Диалог және қолдау көрсету» саралау тәсілі жүзеге асады. Кейбір оқушыларға жан-жақты әрі нақты көмек көрсетіледі.
Қ/Б: Мадақтау. Жарайсыңдар! Тамаша! Сен тамаша ой айттың! т.б.
3-тапсырма. Іздейік.
(ЖЖ) «Көршіңізге айтыңыз» әдісі.
Тапсырманы орындау бойынша нұсқаулық.
1.Мұғалім жұмыстың орындалуын түсіндіреді. (Жұппен жұмыс жасап, ақпараттармен бөлісу, таныс емес сөздермен жұмыс жасау).
2. Оқушылар өзінің мәтіннен стикермен белгілеп алған «теңеу» сөздерді көршісімен бөліседі.
3.Жауаптарын мұғалім («бірін-бірі қанатымен қағып ойнағандай», «көкшіл бояуға малынып тұрғандай», «нәзік қиялын қозғайтын») нұсқасымен салыстырады.
Саралау: «Нәтиже арқылы саралау» жүргізіледі. Барлық оқушыға бірдей тапсырма берілгенімен, күтілетін нәтиже әртүрлі болады. Нәтижелері арқылы жетекші сұрақтар қою арқылы қолдау көрсетіледі.
Қ/Б: Мадақтау. Жарайсыңдар! Тамаша! Сен тамаша ой айттың! т.б.
4-тапсырма. Табайық.
(Т). «Суреттеу» әдісі. Мәтіннің негізі ойын білдіретін бөлігінің суретін салады.
Тапсырманы орындау бойынша нұсқаулық.
1. Мәтін бөліктерін анықтап, топпен талқылап алады.
2. Әр топ өз суреттерін салады
3. Аяқталған жұмысты қорғап, мәтіннің неге сол бөлігін суреттегенін түсіндіреді.
Саралау: саралаудың тапсырма тәсілі бойынша сурет салуда көмекті қажет ететін оқушыларға қажеттіліктеріне қарай қосымша көмек ұсынылады.
ҚБ: «Қолмен белгі беру» әдісі арқылы бағаланады. Басбармақ жоғарыға қарай = Мен түсінемін. Басбармақ көлденең = Мен түсінгендеймін. Басбармақ төмен қарай = Мен түсінбедім.
Сабақтың соңы.
Рефлексия: «Үш минуттік кідіріс» әдісі
Мен ………. деген өз ойымды өзгерттім.
Мен …………. туралы көп білдім.
Мені …… таң қалдырды.
Мен … сездім.
Мен………… басқаша қарайтын болдым.
Ескерту. Сынып оқушыларының ерекшелігіне байланысты мұғалім тапсырмаларды ауыстырырып орындай алады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?