Бау-бақша аясында. 3 сынып


Пән: Әдебиеттік оқу

Тарау: Жанды табиғат

Сабақ тақырыбы: Бау-бақша аясында

Оқу мақсаттары

3.2.6.1 кейіпкерлердің іс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен дәлелдер келтіріп бағалау

3.1.4. 2 сөйлеу барысында иллюстрациялар/көрнекіліктер/ фото / суреттер қолдану

3.3.4.1 мұғалімнің көмегімен шығарманың құрылымын, стилін жетілдіру, өз бетінше орфографиялық, пунктуациялық қателерді табу және түзету

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: сөйлеу барысында суретті қолданады, кейіпкерге мінездеме береді

Көпшілік оқушылар: кейіпкердің іс – әрекетіне мәтіннен дәлелдер келтіріп бағалайды;

Кейбір оқушылар: өз ойын дәлелдер келтіріп айтады, шығарманың құрылымын, стилін жетілдіреді

Бағалау критерийлері

  • Мәтіннің кейіпкеріне мінездеме береді;
  • Кейіпкердің іс-әрекетінің өзгеру себебін анықтап, бағалайды;
  • Әңгімелеу барысында сәйкес суреттерді қолданады;
  • Шығарманың құрылымын жетілдіреді.

Сабақ барысы

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Сабақтың басы

Ширату:

«Аялы алақан»

Мақсаты: жылылық, сенімділік деңгейін, еркіндікті дамыту.

Нұсқаулық: Қатысушылар шеңбер болып отырады. «Бүгінгі сабақтан не алғыңыз, не көргіңіз келеді?» — сұрағын оқушыларға қойып, сұрақтарға жауап алу. Бастапқы қатысушы жанындағы көршісінің қолын ұстайды. Тренинг шеңбер бойымен жалғасады. (Тренинг соңында қатысушылар дөңгеленіп қолдарын ұстайды)

Топқа бөліну:

Сынып таңдаған жемістері арқылы төрт топқа бөлінеді

1-топ Жүзім

2-топ Шие

3-топ Алма

4-топ Өрік

Интербелсенді тақтадан жемістер туралы «Жеміс-жидектер туралы не білесің?» https://yandex.kz/video/search?filmId видеролик көрсетіледі. Оқушылардың пікірі тыңдалады. Сабақтың тақырыбы, оқу мақсатымен таныстыру. Бағалау критерриін бірлесе құрастыру немесе таныстыру.

Сабақтың ортасы

1-тапсырма

(Ж,Т) «Стоп кадр» әдісі

Оқушыларға мәтін таратылып беріледі. Стоп кадр әдісі арқылы мәтінді мұқият оқиды. Кейіпкерлердің іс-әрекетін айтады.

1) «Жүзім жегісі келген қасқыр » ертегісін оқиды

2) Мәтінді оқып отырған кезде «Стоп кадр »деген белгі беріледі. Тоқтаған жеріндегі кейіпкердің іс-әрекетін айтады.

3) Мәтін аяқталғанша осылай жалғасады.

Нұсқаулық

Мұғалім «Стоп кадр» белгісін сурет арқылы көрсетеді.Оқушылар тоқтаған жеріне дейін кейіпкердің іс-әрекетін айтады.

Саралау: Ынтымақта бірлікте жұмыс жасап, білгенін жолдастарымен бөліседі.Кейіпкердің іс-әрекетіне баға береді

ҚБ «Смайликтер»

2-тапсырма

(Т) «Ашық микрофон» әдісі

Оқушылар қолдарына микрофон ұстап, сабаққа байланысты сұрақ қояды, екінші оқушы жауап береді

1)Түлкі қасқырдың іс әрекетіне қандай баға берді? Сен оған келісесің бе?

2) Қасқырға қандай кеңес берер едің?

Нұсқаулық

Әрбір топтан бір-екі оқушыдан сұрақ қояды. Басқа топтағы оқушылар сұраққа жауап береді. Сұрақтың жауабы толық болмаса, басқа оқушыға толықтыруына болады.

Саралау:Оқушылар жылдам әрі тұжырымды ойлауға дағдыланады. Құнды ой жинақтап, ойын ашық айтады

ҚБ «Қол шапалақтау»

Тапсырманы дұрыс орындағандарды қол шапалақтау арқылы бағалау

3-тапсырма

(Ұ,Т) «Галереяны шарлау»әдісі

Әрбір топ ертегі бойынша постер дайындайды.

Қабырғаға дайындалған постер ілінеді. «Галереяға саяхат» –топтар кабинет ішінде қозғалысқа түседі, қабырға газеттерін қарайды, сараптайды, талдайды және жапсырма қағазға пікірін немесе сұрағын жабыстырып кетеді.

Нұсқаулық

Галереяға саяхат аяқталған соң, топтар жұмыстарға шолу жасап, өз қабырға газеттеріне жазылған сыныптастарының пікірін сараптайды, талқылайды, сұрақтарға жауап береді және қорытынды жасайды

Саралау: Ақпаратпен тиянақты жұмыс жасалады.Сыныптастары ұсынған мәселе, ақпараттарымен таныстырады; ұсынылған мәселе туралы өзгелердің пікірін біледі; өз жұмысын сыныптастарымен талқылайды, жұмысқа терең сараптама жасау арқылы өз білімін, түсінігін кеңейтеді.

ҚБ «Бір-бірін бағалау»

Топтар бір-бірінің жұмысын бағалау арқылы әр топ өз жұмысында нені жақсарту керектігін анықтайды.

4-тапсырма

(ЖЖ) «Менің бау-бақшам» жобасын жасау

1)Бау-бақшада қандай жемістер өскенін қалайсың?

2)Бау-бақшаға қатысты еңбек түрлерін ата.

3) Әр жеміс туралы шағын мәтін құрастыр. Әр топ өз атына сәйкес мәтін құрастырады.

Нұсқаулық

Жобаны жұппен ақылдаса отырып, бірігіп орындауларына боллады. Ең жақсы деген жоба анықталады. Мәтін құрастыру кезінде стиліне, қатесін түзетуге көңіл бөлінеді.

Саралау: Барлық оқушылар бір тапсырма орындаса да олардың нәтижесі әртүрлі болады.Кейбір оқушылар тапсырманы орындау барысында жан-жақты әрі нақты көмекті қажет етеді. Сөзбен қолдау көрсету және ынталандыру да маңызды рөл атқарады.

ҚБ «Бағдаршам»

Жасыл түс(тапсырманы толық,дұрыс орындаса)-Өте жақсы

Сары түс(тапсырманы толық орындамаса)-Жақсы

Қызыл түс(тапсырма толық емес және қателіктер болса)-Орташа

Сабақтың соңы

Рефлексия «Табыс ағашы»

Алма ағашына таңдаған алмаларды ілу

Жасыл алма -Сабақ өте қызықты өтті. Барлық тапсырманы орындадым.

Сары алма-Сабақ қызықты өтті. Топпен бірігіп жұмыс жасаған ұнады.

Қызыл алма-Тапсырманы орындауда түсінбеушіліктер болды.

Ескерту: мұғалім сабақты жоспарлау кезінде сынып оқушыларының қабілетін ескеруі қажет. Кейбір тапсырмалардың ретін ауыстырып орындауға немесе өзгертуге болады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу