Киіктің айласы. 3 сынып


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: Әдебиеттік оқу

Тарау: Жанды табиғат

Сынып: 3

Мектеп: Астана қаласы, №68 жалпы орта білім беретін мектеп

Мұғалімнің аты-жөні: Махамбетова С.А

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Киіктің айласы

Оқу мақсаттары

3.2.1.1 мәтінді дауыстап түсініп/ рөлге бөліп/ мәнерлеп/ теріп оқу

3.1.4. 2 сөйлеу барысында иллюстрациялар/көрнекіліктер/ фото / суреттер қолдану

3.3.3.1 шығармашылық жұмысын сурет/сценарий түрінде ұсыну

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: мәтінді түсініп,мәнерлеп оқиды

Көпшілік оқушылар: сөйлеу барысында иллюстрацияларды тиімді қолданады

Кейбір оқушылар: мәтіндерді салыстыра отырып өз ойын айтады

Бағалау критерийлері

  • Мәтінді қатесіз, түсініп оқиды;
  • Әңгімелеу барысында сәйкес суреттерді қолданады;
  • Шығармашылық жұмысын сурет түрінде ұсынады.

Тірек сөздер

Киік, ақбөкен,қ ұралай

Құндылықтарды дарыту

«Азаматтық жауапкершілік», «құрмет», «еңбек пен шығармашылық» сияқты құндылықтарын бойына сіңіруіне, табиғатты қорғауға, адамгершілік құндылықтарды бойына сіңіру, ашықтық, өз елінің патриоты болуына ықпал ету.

Пәнаралық байланыстар

Шығарма мазмұнын әңгімелеу өз ойын жүйелі жеткізу , сйөйлемдегі сөздердің байланысы, сөйлем түрлерін орынды қолдану арқылы қазақ тілі пәнімен байланыс жасалады.

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта

Алдыңғы білімді игеру

Мәтін мазмұынын түсінеді, сұрақтарға жауап береді.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

1-7 минут

Ширату тапсырмасы

«Шаттық шеңбері»

Сабақ басталар алдында қолданамыз. Оқушылар үлкен шеңберге тұрады, кезектесіп тілек айтады.

Топқа бөлу:

Мақал-мәтелдер арқылы топтарға бөліну.

Сабақтың тақырыбы, оқу мақсатымен таныстыру. Оқушылармен бірлесе бағалау критерийін құрастыру немесе таныстыру.

Қосымша 1

Сабақтың ортасы

8-10 минут

10-20 минут

21-25 минут

26-31 минут

32-36 минут

Автормен танысу

Әуелбек Қоңыратбаев(1905-1986) Қызылорда облысында туған-ғалым,әдебиет зерттеуші. Балаларға арналған «Жеті алып», «Сұр көжек» деген кітаптары бар

1-тапсырма

(Ж,Т) «Джигсо» әдісі

1. Әуелбек Қоңыратбаевтың «Киіктің айласы» мәтінін бөліктерге бөліп, топтарға тарату.

2.Оқушыларда төрт адамдық шағын топтарға бөлініп («бастапқы топ»), 1-ден 4-ке дейін нөмірленеді. Осыдан кейін олардың әрқайсысы өз нөміріне сәйкес мәтіннің бір бөлігін ғана оқиды. Содан кейін топтар құрамы өзгертіліп, жаңа топтар («сарапшылар тобы») тобы құрылады,сарапшылар топтарында оқушылар өз нөмірлері бойынша жинақталады: мәтіннің № 1 бөлігін оқыған оқушылар 1 топқа т.с.с.

3. Өкілдер бастапқы топтарына келіп өз жұмыстарын таныстырады, сұрақтарағ жауап береді, топтық талқылау жүреді.

Саралау: Қабілеті төмен оқушылар мәтінді ұзақ оқитындықтан оларға қосымша уақыт беруге болады

ҚБ «Смайликтер»

2-тапсырма

(Ө) «Жалғасын тап» әдісі

Сөйлемнің басы жазылған парақшаларды оқушыларға таратады, олар ойды жалғастырып сөйлемді толықтырып айтады.

Саралау: Оқушының логикалық ойлауы дамиды, жылдам ой түйіндейді.

ҚБ «Қол шапалақтау»

Тапсырманы өте жақсы деңгейде орындаған оқушыны қол шапалақтау арқылы бағалау

3-тапсырма

(Ө)" Венн диаграмасы " әдісі

С.Сейфуллиннің «Ақсақ киік» және Ә.Қоңыратбаевтың «Киіктің айласы» мәтіндерін салыстыру.

Шығарма аты

Авторы

Жанры

Тақырыбы

Саралау: шығармаларды салыстыру арқылы айырмашылықтарын анықтап, қорытынды жасайды.

ҚБ «Бір- бірін бағалау»

Топтар бір -бірінің жұмысын бағалау арқылы әр топ жұмысында нені жақсарту керектігін анықтайды

4-тапсырма

(Т) «Сурет сал» әдісі

Мәтіннен үзінді бойынша сурет салады. Салған суреттері бойынша ортада пікір алмасып, түсіндіреді. Әр топқа мәтіннен үзінді бойынша сурет салу ұсынылады. Әр топқа плакаттар таратылады. Топтардың салған суреттері бойынша ортада жалпы пікір алысады, оларды түсіндіреді.

Саралау: Барлық оқушыларға бағытталған нұсқау бере отырып, олардың әрқайсысының өздерінен не күтілетіндігін түсінгендеріне көз жеткізу.

ҚБ «Екі жұлдыз,бір тілек»

Екі жұлдыз-Жұмыстарындағы ұнағаны

Бір тілек-Жақсартуға болады

Оқулық 37-39 беттер

Слайд№5

Қосымша 3

Слайд № 6-7

Қосымша 4

Слайд №7

Сабақтың соңы

37-40 минут

(Ж) «Бір ауыз сөз» әдісі

Оқушылар стикерлерге сабақ туралы бір ғана сөз жазып, оны тақтаға жапсырады. Өз ойларын түсіндіріп береді. Стикерлерге сабақты бағалайтын келесі сөздерді жазуға болады (оларды тақтаға алдын-ала тақтаға жазып қойған дұрыс): ұнады, пайдалы, қажет, білдім, үйрендім, қызықтым, ұмтылдым, есте сақтадым т.б

Саралау

1-тапсырма

Қабілеті төмен оқушылар мәтінді ұзақ оқитындықтан оларға қосымша уақыт беруге болады

2-тапсырма

Оқушының логикалық ойлауы дамиды, жылдам ой түйіндейді.

3-тапсырма

Ұсынылған мәселе бойынша өз ойына талдау жасайды. Жасалған жұмыс бойынша толыққанды, жан-жақты түйіндеме жасайды.

4-тапсырма

Барлық оқушыларға бағытталған нұсқау бере отырып, олардың әрқайсысының өздерінен не күтілетіндігін түсінгендеріне көз жеткізу.

Бағалау

«Смайликтер» әдісі

«Қол шапалақтау» әдісі

«Бір- бірін бағалау»әдісі

«Екі жұлдыз,бір тілек» әдісі

Дескриптор

- мәтінді өз рөлін сақтай отырып, қатесіз оқиды;

- сөйлеу барысында иллюстрацияларды тиімді қолданады

- мәтіндегі оқиғаға қатысты ойын айтады

- мәтін мазмұнына сәйкес сурет салады

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сыныпта қауіпсіздік ережелерін сақтайды

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсатына жеттім бе?

Оқушылар не үйренді?

Ынтымақтастық атмосферасы орнады ма?

Оқушылар арасындағы дифференциациялау бойынша іс-әрекеттер ұтымды болды ма?

Жоспарланған уақытты ұстандым ба?

Жоспардан қандай шегіністер жасадым және неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу