Мұхтар Әуезов 125 жылдығы - Тәрбие сағаты
Тақырыбы: «М.Әуезов – қазақ әдебиетінің тарланы»
Мақсаты:
Білімділік: Мұхтар Әуезовтің өмір жолы мен жазушылық қызметінен, шығармашылығынан мағлұмат беру.Жазушының әлемдік мәдениетке қосқан үлесі туралы оқушылардың білімдерін жүйелеу.
Дамытушылық: Оқушылардың өзіндік ізденіс жұмыстарына баулу,ой-өрісін , рухани жан дүиесін байыту. Ойын ашық білдіру, еркін сөйлеу дағдыларын жетілдіру.
Тәрбиелік: Әлем таныған Әуезовтың ұлылығын дәріптеу. Қазақ елінің мақтанышына айналған заңғар жазушыны құрметтеуге, оқушыларды елін сүюге, әдебиетті білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: М.Әуезов портреті, кітаптар көрмесі, азаматтық шығармашылығына байланысты презентациялық слайдтар, бүктемелер.
Барысы:
Жоспар:
- М.Әуезовтың жанды дауысы қосылады.
- «Бала Мұхтардан дана Мұхтарға дейін».Өмір тарихын тізбесі.
- «Əуезов асыл мұрасы» кітап көрмесі.
- М.О.Әуезовтың репрессия кезінде қамауға алынуы (көрініс).
Кіріспе:
(М.Әуезов жан дауысы)
Жүргізуші:Армысыздар құрметті ұстаздар,оқушылар, кеш қонақтары!
Жүргізуші:Бүгін ұлы тұлға,заңғар жазушы,қоғам қайраткері,Абайтану ғұлама ғалымның дүниеге келгеніне 119 жыл толуына орай өткізгелі отырған кешімізге қош келдіңіздер!
Жүргізуші:Иә, М.О.Әуезов Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданы жерінде 1897 жылы жиырма сегізінші қыркүйекте дүниеге келген.
Жүргізуші: Ұлы адамдардың естеліктері
Мұхтар Әуезов – қазақ халқының кемеңгер ойшылы, ұлы суреткері. Осы бабамыздың өмірі мен еңбегі еліміздің бүгінгі тәуелсіздігін аңсап өткен. Мұхаңды құрметтеу – елдің тәуелсіздігін құрметтеу, өз еліңді сүю, Отаныңды қорғау, қазақ елінің тәуелсіздігі үшін жан аямау»
Н.Ә. Назарбаев
Әуезов Қазақстан үшін екінші Абай, біз үшін Шығыстың Шолоховы еді.
Н.Погодин
Жүргізуші:Біз үшін Абай қандай болса, Мұхаң да – сондай даналық мектебі. Ол мектептен дәріс алу – әр қазақтың абыройлы борышы.
Дінмұхамед Қонаев, мемлекет қайраткері
Әлемді көз алдыңа келтіру үшін, басқалардың көзіне түсу үшін, адам рухының қадір-қасиетін асқатата көтеріп, жар салу үшін өз биігің – Мұхтар Әуезов сияқты асқар шыңың болу керек. Шығыс Айтматов, жазушы
Жүргізуші:Мұхтар Әуезов – ақын. Ол өз елінің далалары мен тауларын, адамдарын үлкен эпик ақынша асқан суреткерлікпен бейнелейді. Сонша ұлылықпен, сонша суреткерлікпен және Әуезовтей кісі жырлаған халық шын бақытты ғой. Бержерон, француз жазушысы
«Мұқаң - әрі жазушы, әрі ғалым, әрі ұстаз, әрі қоғам және мемлекет қайраткері. Ол осының бір де бірінде осалдық көрсетпеген, бәрінде де орасан күшті, бәрінде қатар және тең ұстаған адам.» Абайша айтқанда, «Қас бұлақтың суындай сылдыраған өңкей келісімнің үлгісі болатын.»
Зейнолла Қабдолов
Жүргізуші:Ақындар арнаулары
Жазушыға талай ақындар жүрек жарды сүйікті жырларын арнаған.Мысалы:Қасым Аманжолов «Мұхтар аға!», Сырбай Мәуленов «Мұқаңа», Расул Ғамзатов «Мұхтар аға», Әбдіраштың Жарасқаны «Тарих заңы», Мұхтар Шаханов «Менің есімімді неге Мұхтар қойған?».
Бұл оқылған дүниелердің бәрі біз үшін құнды. Өзінің ғажайып таланты, асқан еңбекқорлығы арқасында халқына қалтқысыз қызмет еткен, көркем сөздің шыңына шығып, соңына мәңгі өлмес мұра қалдырған әлемге әйгілі жазушыны дәріптеу - біздің абыройлы міндетіміз деп танимыз.
Әдебимонтаж:
1-оқушы: Ол қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданы жерінде 1897 жылы жиырма сегізінші қыркүйекте туған. Алғашқыда 1908 жылы Семейдегі Камалиддин хазірет медресесінде оқып, одан кейін орыс мектебінің дайындық курсына ауысады. 1910 жылы Семей қалалық бес кластық орыс қазына училищесіне оқуға түсіп, соңғы класында оқып жүргенде «Дауыл» атты алғашқы шығармасын жазады.
2-оқушы: Училищені 1915 жылы аяқтап, Семей қалалық мұғалімдер семинариясына түседі. Семинарияда оқып жүріп Шәкәрім Құдайбердіұлының«Жолсыз жаза» дастанының негізінде «Еңлік-Кебек» пьесасын жазып, оны 1917 жылы маусым айында Ойқұдық деген жерде сахнаға шығарады.( Мұхтар Омарханұлы Әуезов құрметіне шығарылған марка)
3-оқушы: Әуезов қаламынан 30-дан аса драмалық шығарма туды. Жеке пьесалардың варианттарын қоссақ, 50-ден асады. Әуезов драматургиясында жанрлық формалардың бәрін қамтыған. Онда трагедия да, комедия да, драма да бар. Әуезов кейбір шығармаларын бірігіп жазған. Олар: Л. Соболев («Абай»), С. Мұқанов («Ақан - Зайра»), Ғ. Мүсірепов («Қынаптан қылыш»), Ә. Тәжібаев («Ақ қайың»), Ә. Әбішев («Намыс гвардиясы»), «Октябрь үшін» (1933) пьесасының материалдары - Жетісу қазақтарының революцияға келуі. Кейіпкерлері - Д. Фурманов, Ж. Бәрібаев. Кітаптың мұқабасында «Мұны жазуға Қ.Байсейітов, Бековтар қатысты» деген сөздер бар. Әуезовті әдебиетке «Еңлік - Кебек» алып келді. Шығарма өзегі - эпостық материал. Әлемдік әдебиеттегі мұндай тәжірибе енімді дәстурлердің бірі. Әуезовтің «Еңлік - Кебегі» 1922 жылы Орынборда басылды. Кейіпкерлері сахна тілімен сөйлейді. Автор өзінен бұрынғы мотивтерден алыс кетпеген. Билер сахнасы - көркемдік тамаша табыс. Кемшілік, олқылықтарды ескеріп, Әуезов пьесаны 1943 жылы қайта жазды. Бірнеше көрініс қысқарды. Аса терең, мәнді шығарманың бірі - «Түнгі сарын». Бұл - қазақ драматургиясында реализмнің орныққанын көрсеткен туынды.
4-оқушы: Ол 1961 жылы 27 маусымда Мәскеу қаласындағы Кремль ауруханасында операция кезінде қайтыс болды. 1961 жылы қайтыс болғаннан кейін Республика Үкіметі қаулы қабылдап, ұлы жазушының есімін мәңгі есте қалдыру мақсатымен Ғылым академиясының Әдебиет және өнер институты мен Қазақтың мемлекеттік академиялық драма театрына Мұхтар Әуезовтың аты беріледі, әдеби мемориалдық мұражайы ашылып, бірқатар мектеп, көше және Алматының бір ауданы М.Әуезов атымен аталды.
5-оқушы: «Абай жолы» – Мұхтар Әуезовтың әлемге әйгілі роман-эпопеясы. «Абай жолы» – қазақтың көркем прозасын классикалық деңгейіне көтеріп, әлем әдебиетіне көркемдік қуат әкелген үздік туынды. Әуезов өзінің роман-эпопеясында қазақ халқын, оның ұлттық дәстүрін барлық қырынан энциклопедиялық деңгейде жан-жақты ашып көрсетті. Әуезовтың «Абай жолы роман-эпопеясы әлемдік деңгейде: «XX ғасырдағы ең үздік шығармалардың бірі» (Луи Арагон) деген жоғары баға алды.
Жүргізуші: М.О.Әуезовтың шығармашылық өміріне саяхат жасау мақсатында «Әуезов асыл-мұрасы» атты кітап көрмесіне шақырамыз.
Айжан: «Дана Мұхтардың ұрпағы» – дейді,
Мына жұрт мені жиі атап,
Санасыз ерді семірте берер
Сылдыр сөзбенен сый, атақ.
Тұяғы дүлдүл тұлпардан туып,
Тартпасам тарлан тегіме,
Алшаңдап басып, ауыз толтырып,
Айтудың өзі – ұят-ақ.
Тұғыры биік баба мұрасын
Ту қылып ұстап бұл күнде,
Дүбірге толы дүние мынау,
Қосылдым ұлы дүмпуге.
Тай кезінен-ақ тұлпар танитын
Талғамы күшті халқымның
Атаға тартып еңіреп туған
Ерді аңғармауы мүмкін бе?
Түңіліп жатқан Абай данамның,
Таудай тұлғасын тірі ғып,
Көрсетіп еді ол халқыма менің,
Қарады әлем үңіліп
Осындай болар – ел ұмытпайтын ірілік
Осындай болар – ел ұлықтайтын ұлылық!
Абайдың жолы – қазақтың жолы,
Керегі жоқ оған дәлелдің.
Қазақы тірлік – шынайы шындық,
Тарихы сонда бар елдің.
Балапан арман жетелеп шығып,
Шырқау шыңына Шыңғыстың
Ұлы Мұхтардың қыран-қиялы
Биігінде тұр әлемнің.
Қазаққа мына Мұхтардай арыс
Тумайды қайта десем де,
От болып туып, шоқ болып жанған,
Жалынды ғұмыр өшер ме?
Киелі Шыңғыстың топырағынан
Нәр алып өскен бір ұлмын,
Ұлы Мұхтардың жерлесімін деп,
Мақтана аламын осы елге!
Көрініс:Жазушы қуғын-сүргінің алғашқы легіне ілікті.1930 жылы жазында ойламаған жерден НКВД қызметкерлері оны тұтқынға алды.Оған үрейлі 58 бап бойынша айып тағылды, іле-шала бірталай заттары мен қағаздары тәркіленді, ол қағаздар бүгінге дейін табылған жоқ.Олардың ішінде бірнеше аяқталған шығармалар болған, бұдан кейін Әуезов оларды қайта қолына алған жоқ. Екі жыл абақтыда отырған,одан кейін идеологиялық айыбың мойындап жазған хаты үшін жазасы жеңілдеп, тағыда шартты түрде үш жылға кесілген.Бұл хат баспасөз жарияланды.Еркіндіктің құны осы болды.(КӨРІНІС)
Қорытынды:
Жүргізуші: Әуезов әлемi дейтiн кең дүниенің жаратылысы мен табиғатын екі сөзбен қайырып айту мүмкін емес. Оны терең танып, жан-жақты талдау – әр дәуір, әр ұрпақтың киелі мiндетi. Француздар – Бальзакты, орыстар – Толстойды, американдықтар – Драйзердi, немістер – Гетені қалай зерттеп, зейiндесе, қазақтар Әуезовті дәл солай тануға ұмтылғанда ғана ұлттың өзiн-өзi тануы, өзiн-өзi бағалауы, өзiн-өзi қадiрлеуi қалыптаспақ, күшеймек, жалғаспақ. Әуезов әлемi көзге көрiнбейтiн ғажайып ұлы сиқырымен, құдiретiмен ұлттық рух тәуелсiздiгiн қорғауға, сақтауға үйретедi!
Жүргізуші: Келер ғасырда да кемелдене беретiн кемеңгер М.Әуезов – тек сiз бен бiздiң ғана емес, әлi дүниеге келмеген жаңа ұрпақтардың да сарқылмас игiлiгi, өлшеусiз бақыты. Өйткенi, М.Әуезов құдiретi оның елге деген шексiз махаббаты мен сенiмiнде жатыр. Осы бiр ақиқатты сезiну мына бiздерге, бүгiнгi тәуелсiз мемлекеттiң iргесiн нығайтып жатқан ұрпаққа қажымас қайрат, жасымас жiгер қосады
Дайындағандар: Төлекпаева Аяжан 406 ə Казинова Акмарал 406 ə
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?