«Қоршаған орта»_Қоршаған ортаны танып білемін_Қысқа мерзімді жоспар


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

7-бөлім: «Қоршаған орта»

Күні:

Сынып: 2

Мектеп: Көкшетау қ. физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Мұғалімнің аты-жөні :

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Қоршаған ортаны танып білемін

Оқу

мақсаттары

2.4.2.2 сөз таптарын (зат есім, сын есім, сан есім, етістік) ажырату және өзара салыстыру

Сабақ мақсаттары

Сөз таптарына мысал келтіреді. Сұрақ қою арқылы ажыратады. Оларды өзара салыстырады.

Бағалау критерилері

  • Сөздерге сұрақ қою арқылы сөз таптарын ажыратады;
  • сөз таптарына мысал келтіре отырып, салыстырады.

 Тілдік мақсаттар

«Қоршаған ортадағы заттардың атаулары мен табиғат құбылыстарының атауларын, жыл мезгілдері, т.б. сөздер мен терминдерді қолданады.

 Құндылықтарды дарыту

 - қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік;

 - құрмет;

 - ынтымақтастық;

 Пәнаралық байланыстар

Дене шынықтыру, ғылымға кіріспе, дүниетану пәнімен байланыс, математика

Алдыңғы меңгерілген білім

Мәтіндегі негізгі ойды анықтау.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

2 минут

3 минут

І. Психологиялық ахуал.

Мақсаты: Оқушыларды сабаққа ұйымдастыру, жағымды көңіл-күй тудыру. Ана тілін құрмет тұтуға баулу, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Оқушылар шеңберге тұрып, өлең жолдарын бірге қайталайды.

Қазақ тілін білемін,

Күнде оқып жүремін.

Тыңдаймыз, айтамыз,

Жазамыз, оқимыз

Көңілге тоқимыз!

Ән «Жолың болсын,жолаушы» Бірге айту, қимылмен көрсет.

  • Қоршаған ортаны танып білу сабағымызда жалғастырамыз.

(МК, Ұ) Жұмбақ жасыру. Көркем жазу.

Мақсаты:Сабақтың тақырыбын ашу арқылы оқушылардың қызығушылықтарын арттыру.

  • Бір нәрсе жоғарыда от жағып тұр,

Дабылдатып дабылын ол қағып тұр,

От жағып,дабыл қағып тұрғанында,

Сабалап төмен қарай су ағып тұр

(найзағай мен жаңбыр)

2. Көк көрпенің мақтасы,

Әр жерде жүр бытырап.

Біріктіруге қол жетпес,

Болды-ау шіркін ысырап

(бұлт)

Бар екен бір мақұлық боздайтұғын,

Жұлқынып төңіректі қоршайтұғын.

Жаһанды жалпағынан басып өтіп,

Ұшқан құс, жүгірген аң озбайтұғын

(жел)

-Осының бәрін бір сөзбен не дейміз?

- Табиғат құбылыстарын қайдан көреміз?

Оқушылардың жауаптарын тыңдау

-Ендеше бүгінгі сабағымыз қоршаған ортамен байланысты болмақ.

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

-Қалай ойлайсыңдар, қандай жетістіктерге жетеміз?

Оқушылардың жауаптарын критерийлер ретінде тақтаға жазу.

Слайд

Сурет

Сабақтың ортасы

8 минут

3 минут

10 минут

5 минут

4 минут

, Ұ) «Сиқырлы сандық»

Мақсаты: сөз таптары туралы білімдерін қайта жаңғырту, бекіту.

Тапсырма: оқушылар «Сиқырлы сандықта» жасырылған сұрақтарға жауап беруі тиіс.

  • Зат есім дегеніміз не?
  • Зат есім қандай сұрақтарға жауап береді?
  • Зат есімді табыңыз: қызыл, естіді, оқиды, ағаш, әдепті.
  • Кім? Кімдер? Не? Нелер? Деген сұраққа жауап беретін сөз табы?
  • Зат есім неше түрге бөлінеді?
  • Жалпы зат есімге мысал келтіріңіз
  • Жалқы зат есімге мысал келтіріңіз.
  • Сөйлемнен сын есімді табыңыз: Азамат ақылды бала.
  • Қате жауапты табыңыз. Сын есім қандай? Қай? Кім? Деген сұрақтарға жауап береді.
  • Күрделі сын есімді табыңыз: а) Көк ә) Ащы б) қызыл ала в) тәртіпті.
  • Дара сын есімге мысал келтіріңіз
  • Жел сөзіне етістік жалғап айтыңыз.сұрақ қою арқылы дәлелдеңіз.
  • Жаңбыр қайтті? А) ойнады ә) жауды б) ақты
  • Мақалдағы есептік сан есімді реттік сан есімге айналдыр.

Білгенің бір тоғыз, Білмегенің тоқсан тоғыз.

15. Есептік сан есімді табыңыз.

А) бірінші ә) он сегіз б) алтау в) төртінші

16. зат есім мен сын есімді қатыстырып, сөз тіркесін құраңыз.

17.Сөйлемдегі етістікті табыңыз.

Мен Көкшетау қаласын сүйемін.

18. күрделі етістікке мысал келтіріңіз.

(Ө) Суретпен жұмыс.

Мақсаты: Сурет бойынша сөйлем құрау, сөйлемнен сөз таптарын анықтау.

Оқушыларға сюжетті сурет көрсетіледі.

Тапсырма: суретке мұқият қараңыз. «Балалар не істеді?» сұрағына жауап бере отырып сөйлем құраңыз. Сөйлемнен сөз таптарын анықтаңыз.

(Т) мәтінмен жұмыс.

Мақсаты: оқушылардың оқылым дағдыларын, адамгершілік құндылықтарын дамыту. Мәтіннен сөз таптарын анықтап, кестеге түсіру.

Тапсырма: мәтінді оқыңыз. Сұрақтарға жауап беріңіз. Мәтін бойынша кестені толтырыңыз.

Балапан және оның достары

Балапан қораға кірсе, достары үстел үстіндегі қағазға төніп алып, қызу ойынға кірісіп кеткен екен. Ол достарын далаға шығып, таза ауада ойнауға шақырды. Таза ауада ойнаудың денсаулыққа пайдалы екенін айтты. Бірақ достары үстел үстіндегі ойынды жөн көріп, далаға шықпай қойды. Балапанға кішкентай күшік қана ілесті. Күшік екеуі далада әткеншек тепті. Доп лақтырып жаттықты.

Ал достары болса қорадан әлі шығатын емес. Ойын қызуына кіріп кеткен. Ұзақ отырғаннан қорадағылардың бастары ауыра бастады. Олар далаға шықты. Енді олар балапанды іздей бастады. Келе жатып ұлуға жолықты. Ұлу оларға балапанның әрекетінің дұрыс екендігін айтты.

  • Балапан достарын қайда шақырды?
  • Балапанның ойымен келісесіз бе?
  • Балапанның достарының жасаған әрекеті туралы не айтасыз? Неліктен?
  • Ертегіден қандай ой түйдіңіз?

Зат есім

Сан есім

Сын есім

Етістік

(Ө, Ж) Семантикалық карта

Мақсаты: мысалдар арқылы сөз таптарын ажырату.

Тапсырма: Сөздерді оқыңыз. Оларды сөз таптарының дара және күрделі түрлеріне жіктеңіз. Әр қатардағы сөздер мен оған тиісті бағанның қиылысқан тұсына «+» таңбасын қойыңыз.

Сөздер

зат есім

дара

етістік

күрделі

сын есім

дара

сан есім

күрделі

оймақ

сырды

қызыл ала

жеті

әдет-ғұрып

әдемі

он бес

қонып отыр

Бағалау критерийі: әрбір дұрыс жауапқа 1 баллдан беріледі.

Мұғалім дұрыс жауапты көрсетеді. Оқушылар «жұптық әдіс» бойынша семантикалық карталарын тексереді. Бағалайды. Қатемен жұмыс жасалады.

(Қ) Тест

Мақсаты: сөз таптары бойынша оқушының білімін бекіту.

1.Зат есім заттың __________ білдіреді?

А) сынын Ә) іс-қимылын Б) атын

2.Мына сөздердің ішінен етістікті тап

А) ескі Ә) шие Б) тауып алды

3. Көп нүктенің орныныа тиісті сан есімді жаз.

Бір жылда _____________ай бар.

А) он екі Ә) он екінші б) үш жүз алпыс

4)  Сын есімнің сұрағын тап.

А) Не істеді? Қайтті? Ә) Қандай? Қай? Б) Нешінші?

5.Мына сөзге қандай жалғау жалғанады? Бала----

А) -дар. Ә) -лер, Б) -лар,

Өзара бағалау

Қима қағаздар

Кестелер

Жұмыс дәптерлері

Сабақтың соңы

5 мин

Рефлексиялық-бағалау кезеңіКері байланыс:Бағалау критерийлері бойынша кері байланыс жасау.

Өзін-өзі бағалау:

Стикерге өздерінің атын жазып, баспалдақтағы орнын анықтайды.

Түрлі стикерлер арқылы өздерін бағалайды.

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Қабылдау деңгейі жоғары оқушылар үшін тапсырманы күрделендіру:

Қабілеті жоғары оқушылар мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойды өздері анықтайды.

Сұрақтарға жауап беру барысында, топтық жұмыс барысында бақылау жүргізу арқылы.

Сергіту сәттерінде, белсенді жұмыс түрлерін өткізуде қауіпсіздік техникасын сақтау

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсарту үшін қандай өзгеріс енгізуге болады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылар туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

\



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу