Хабарлама жазу Қысқа мерзімді жоспар


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Қазақ тілі

Бекітемін:_____________________________

Оқу ісінің меңгерушісі: Алимова А.К

Ұзақ мерзімді сабақ жоспары бөлімі: «Дені саудың жаны сау»

Мектеп: «Жалпы білім беретін Жұмабай Мырзағалиев атындағы орта мектеп» мемлекеттік мекемесі

Ортақ тақырып

Теледидардан спорт хабарларын тамашалаймын

Күні: 17.01. 2017 ж

Мұғалімнің аты-жөні: Саттарова Бакыт

Сынып: 2 «ә»

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар саны

Сабақтың тақырыбы

Боксшы

Бағдарламаға сілтеме

3.2 Түрлі стильде мәтін жазу

Сабақта меңге-рілетін оқу мақсаттары:

2.3.2.1. Үлгі бойынша қарапайым хабарландыру, хабарлама және нұсқаулық

(ас әзірлеу рецептісі) жазу

2.3.6.1 бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап, оларды байланыстырып көлбеу және таза жазу

Бағалау критерийлері

Дескриптор: Білім алушы:

- тақырыпқа сәйкес хабарландыру жазады;

- хабарландыруға қойылатын талаптарды сақтайды;

- сөйлемдерді дұрыс құрастырады

Құндылықтарды дарыту

- Өзара сыйластық

- Ынтымақтастық

- Жауапкершілік

Осыған дейін меңгерілген білім

Хабарлама мен хабарландырудың ерекшеліктерін біледі;

оқыған мәтіні бойынша негізгі ойды анықтау;

оқылым мәтінінен мысал келтіре отырып,сұраққа жауап беру.

Жоспар

Жоспарлан-ған уақыт

Жоспарланған жаттығулар

Ресурс-тар

Басы

0-2 мин

Ұ) Жағымды көңіл күй туғызу

Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық ахуал

Суреттен нені көріп тұрсыз? Психологиялық тест.

3-8

Қызыуғышылықты ояту

Теледидардағы спорттық бағдарламаны неліктен берілді деп ойлайсыңдар?

-Бүгінгі сабақтың тақырыбы не туралы болуы мүмкін?

Сабақтың тақырыбы бойынша жұмыс

Сабақтың ортасы

9-40 мин

Оқылым

Жазылым

Соңы

Бағалау

Кері байланыс

Теледидардан спорт хабарларын тамашалаймын.

Сабақтың мақсатын таныстыру: 2.3.2.1 Үлгі бойынша қарапайым хабарландыру, хабарлама және ас әзірлеу рецептісін жазу.

Тыңдайық: Спорт туралы хабар тыңдату.

-Бейнебаяннан не көрдік?

-Спорттық ойынның маңызы қандай?

-Олай болса оқулығымыздағы «Боксшы» мәтінімен танысайық.

-Өлеңнің тақырыбын анықтайды.

-Мәтіннің не туралы екенін анықтайды?

-Кімдерге арналғанын болжайды.

-Өлеңде денені шынықтырудың қандай жолдары аталғанынанықтайды?

Өзіндік жұмыс. 30-жаттығу

Тірек сөздер беріледі де сол бойынша мәтін құрап жазады.

Қазақстан, боксшы, Серік Сапиев, Бекзат Саттарханов, Ту

-«Қара жәшік» әдісі. Топпен жұмыс

Жәшік ішіне спорттық ойынның 3 суреті салынады да, әр топтан бір –бір оқушыдан келіп, алған затын жасырады. Қарсы топ жасырылған заттың не екенін табады. Өз тобына сол суретті алып кетеді.

- Бұл жасырылған заттардың барлығын бір сөзбен қалай атауға болады?

- Спорттық ойын түрлері. Олай болса осы спорттық ойын туралы хабарлама жазып көрейік.

Кімге қаратылып айтылады?

Қашан өтеді?

Не өткізіледі?

Қайда өткізіледі?

Кім өткізеді?

Дескриптор : Білім алушы

- тақырыпқа сәйкес хабарландыру жазады;

- хабарландыруға қойылатын талаптарды сақтайды;

- сөйлемдерді дұрыс құрастырады.

Топтар бір-бірін бағалайды.

«Менің сөзім»

Сыныптан 1 оқушы шығып сабақта не болғанын айтады да басқа бір оқушының атын айтады.Сөзді сол оқушы сабақты қорытындылайды.

Бағалау. «Бес саусақ» стратегиясы бойынша.

Алақанды бояңдар:

- бас бармақ – хабарлама жаза білсең;

- сұқ саусақ- хабарламада берілетін ақпарат қамтылса;

- ортаңғы саусақ- сөйлем құра білсең;

- аты жоқ саусақ-сабақта қиын болса;

- кішкентай саусақ- мақсатқа жете алсаң

Оқулық-пен жұмыс

Дәптер-мен жұмыс

«Қара жәшік» ішіндегі суретпен жұмыс

Кестемен жұмыс

Оқушы-ның сабақ соңындағы пікірі

Мұғалім бағалауы

  • Қосымша мәліметтер
  • Сабақ барысында қолданылған қай әдіс-тәсілдер тиімді болды?
  • Сабақтың мақсатына жету жолындағы қадамдардың маңызы:

- Кездескен кедергілер мен оны еңсеру жолдары:



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу