Қазақ тілі және әдебиеті 2 сынып 5-бөлім Дені саудың – жаны сау Спорт туралы әңгімені оқу САБАҚ ЖОСПАРЫ


Қысқа мерзімді жоспар

Сабақ: 5-бөлім: Дені саудың – жаны сау

Күні:

Мектеп: Көкшетау қаласындағы Физика-математика бағытындағы

Назарбаев Зияткерлік мектебі

Мұғалім:

СЫНЫП:

Қатысқан:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Спорт туралы әңгімені оқу

Оқу мақсаты

2.1.4.1 тірек сөздерді қатыстыра отырып, берілген тақырып

бойынша әңгіме құрау

2.1.6.1 интонацияны, вербалды емес тілдік құралдарды (қимыл, ым-ишара) қолданып, тақырыпқа (Сіз қалай ойлайсыз? Сіз не ұсынар едіңіз? т.б.) назарын аударту

Бағалау критерийлері

әңгіменің басты кейіпкерлерін атай алады; әтіннің мазмұнына сүйене отырып, нақты ақпараттарды таба алады.

Сабақ мақсаттары

  • Сөз тіркестерді пайдаланып оқу және жазады;
  • Таныс сөздерден сөйлемдер құрастырады;
  • Қарапайым сипаттау сөздерді қолданады.
  • Мәтінге байланысты сөз тіркестерден денсаулық жайында мәтіндер жасай алады;
  • Денсаулық туралы шағын әңгіме құрастырып ауызша айта алады.

Алдыңғы меңгерілген білім

Бұл бөлімде оқушылар денсаулықты күту тақырыбында оқылым және жазылым дағдыларын жетілдіреді.

Жоспар:

Жоспарланан уақыттар

Жоспарланған жаттығулар

қойыңыз)

Ресурстар

Сабақтың басы-7 мин

Сабақтың ортасы

30 мин

Ұйымдастыру кезеңі.

(Ұ) Психологиялық дайындық

Кеудемізде күн күлсін,

Бізге шуақ нұр құйсын.

Мейірімді жан өзіңмен,

Көңілім жайнап құлпырсын!

-Олай болса жақсы көңіл-күймен сабағымызды бастайық.

(МК) Суретпен жұмыс

Ал енді суреттерге көңіл аударайық:

Мына екі баланың қандай айырмашылығы бар?

/оқушылардың жауабын тыңдау/

-Ал сонда дүниедегі ең басты бақыт пен байлық не екен ?

-Деніміз сау болу үшін не істеу керек?

– Спорт,денсаулық туралы қандай мақал білеміз?

Оқушылардың мүмкін болатын жауаптары: 1/Денсаулық – зор байлық.

2/Дені саудың-жаны сау.

3/Бірінші байлық –денсаулық.

4/Тазалық-денсаулық кепілі.

5/Спорт-бейбітшілік елшісі.

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау

-Мақсатқа қарап, бағалау критерийлерін анықтап алайық.

/Оқушылардың жауаптарын тыңдау және тақтаға жазу/

Сергіту сәті

(Т) «Жасырынған сөздер» ойыны

Оқушыларға әріптері ауысқан сөздер беріледі. Оқушылар топта отырып, дұрыс шығатындай етіп сөз құрастырады.Тексеріп болған соң дәптерлеріне жазады.

М Е Р Л Е П Ә Н С У Ғ А Р Ы Н А

Ш Ғ Ы А Ң Т У Б Е

К Е Й Х К О

Ф С И Т А Л Й Р

(Ұ) Мәтінмен жұмыс

Мәтінді оқушыларға бір-неше рет оқыту. Негізгі ойы мен мазмұнын анықтау.

Шаңғышы Қыс түсті. Айнала ақ көрпеге оранды. Балалардың ендігі қызығы шанамен, шаңғымен сырғанау немесе коньки тебу. Ербол үйінен шаңғы алып шығып, сырғанап келе жатыр еді. Алдында сыныптасы Ботагөз тұр екен. Ербол оны жақсы біледі. Шанасын жақында сындырып алған Ербол оны аяп кетті. Екеуі бірігіп шаңғымен қырдан төмен қарай сырғанады. Ботагөз Ерболға риза болды.

Сұрақтар қою.

Оқушылар сұрақтарға жауап жазады.

/оқушылардың жауаптарын тыңдау/

(Ө,ҚБ) Карточкамен жұмыс

Оқушыларға карточкалар беріледі.Оқушылар карточкадағы мәтінді оқып, сүрақтарына жауап жазады.

Қалыптастырушы бағалау- әңгіменің басты кейіпкерлерін атай алуын және мәтіннің мазмұнына сүйене отырып, нақты ақпараттарды таба алу қабілеттерін бағалаймын.

тақтада жазылған сөздер

Өлеңнің сөздері

Тақырыптық сурет

«Көңілді жаттығулар» аудио материал

Жасырынған сөздер

А4 парақтарында жазылған мәтіндер

Сабақтың соңы

5 минут

Рефлексия:

Сабақты бекітуге арналған сұрақтар:

  • Денсаулықты қалай күту керек?
  • Таза жүру, жуыну, жеміс-жидектер,таза ауа ,спорт туралы не айтуға болады?

Бағалау

Сабақтағы менің жетістігім қандай?

  • Күн сияқты ..................
  • Бұлтты күн сияқты ....................................

Жауынды күн сияқты ....................................

Қосымша мәліметтер



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу