Қазақ тілі 2-сынып 4 бөлім Менің туған өлкем Суретпен берілген өлеңді оқимын ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 4-бөлім. Менің туған өлкем

Күні:

Сынып: 2

Мектеп: Көкшетау қ. физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Мұғалімнің аты-жөні :

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Суретпен берілген өлеңдерді оқимын

Оқу мақсаттары

2.10 Мәтіндерге салыстырмалы талдау жасау

2.2.10.1 мұғалімнің көмегімен белгілі бір тақырыпта жазылған мәтіндердің ұқсастығы мен айырмашылығын табу

2.1.5.1 аудио-бейнежазба мазмұны бойынша өз ойын (ұнайды/ұнамайды, себебі..., пайдалы/пайдасыз болды, себебі ... т.б.) білдіру

Сабақ мақсаттары

Мәтіндерді оқып салыстырады,мұғалімнің көмегімен белгілі бір тақырыпта жазылған мәтіндердің ұқсастығы мен айырмашылығын табады, белгілі бір тақырыпта жазылған мәтіндердің ұқсастығы мен айырмашылығын өздері таба алады

Жетістік критерилері

белгілі бір тақырыпта жазылған мәтіндердің ұқсастығы мен айырмашылығын таба алады

 Сөздік қор

өлең, тақпақ, ән, музыкалық шығарма, поэзиялық шығарма.

 Құндылықтарды дарыту

Еңбек және шығармашылық

 Пәнаралық байланыстар

Дүниетану пәнімен байланыс

Алдыңғы меңгерілген білім

Бұл бөлімнің бірінші сабағы.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

2 минут

Ынтымақтастық ортасын құру.

«Ай мүсін» әнімен айтылады

Сабақты оқимыз, көңілге тоқимыз,

Қазақ тілін үйреніп қазақша сөйлейміз.

Сөздер үйренеміз, мәнін түсінеміз,

Келешекте әлі біз, биікке жетеміз...

-Балалар, сабақты немен бастадық?

Ендеше бүгінгі сабағымызды өлеңге, өлең оқуға арнаймыз.

Оқушыларды сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру

Слайд

Сабақ ортасы

5 минут

10 минут

2 минут

15 минут

3 минут

(МК,Т,Ұ)Топтық жұмыс.

«Сөздік» тәсілі арқылы сөздерді меңгеру.

Тапсырма: жаңа сөздерді топта анықтау, мағынасын түсіндіру, сөйлем құрау, ортада қорғау.

Сөздер: өлең, тақпақ, ән,

*оқушылар мағынасын топта отырып болжайды

*сөздердің айырмашылығы мен ұқсастығын анықтайды

*оқушылар ортаға шығып, екі топ бір-бірімен өз пікірлерімен бөліседі

Түсіндіру:

Өлең – шағын көлемді поэзиялық шығарма. Ырғағы мен ұйқасы қалыпқа түскен, шумағы мен бунағы белгілі тәртіпке бағынған нақысты сөздер тізбегі. 

Ән — ең кең таралған музыкалық шығармалар жанры, музыка және поэзия өнерлерінің ортақ туындысы. Ән мазмұнына қарай (азаматтық, революциялық, лирикалық, еңбек, әзіл т.б.), шығу тегіне байланысты.

'Ел iшiндегi тақпақ сөзiнiң мағыналық ауқымы өте кең. Тақпақтау дегеннiң өзi ұйқасты, әуездi, нақышты сөйлеу деген ұғымға жақын келедi. Халық арасында «өлең» терминiнiң орнына да қолданылады.

(МК; Ұ) Суретпен жазылған өлеңді суретсіз жазылған өлеңмен салыстыру

Сабақта суреттері бар өлеңдер оқыту. Әр оқығанның соңында оқушыларға суретсіз жазылған өлеңдерді көрсету.

-Суретпен жазылған өлеңнің суретсіз жазылған өлеңнен қандай айырмашылығы бар?

Мысалы:

Туған өлкем

Көгінде күн нұрын төккен,

Жерінде жұпар сепкен.

дәнді даласы бар,

Ақ -тей қаласы бар.

Түлігі өскен алуан-алуан,

Төс, алқабы толған.

Неткен сұлу, неткен көркем,

Осы менің !

(Ө.Тұрманжанов)

Туған өлкем

Көгінде күн нұрын төккен,

Жерінде гүл жұпар сепкен.

Алтын дәнді даласы бар,

Ақ күмістей қаласы бар.

Түлігі өскен алуан-алуан,

Төс, алқабы малға толған.

Неткен сұлу, неткен көркем,

Осы менің туған өлкем!

-Балалар, қандай өлеңдерді білесіңдер?Бұл өлеңдерді жаттау жеңіл болды ма? Суретті өлеңдерді жаттаған жеңіл деп ойлайсыңдар ма?

/оқушылардың жауаптарын тыңдау/

Сергіту сәті «Көңілді күн» биі

(Т; Қ) Талқылаулар жасап, пікірлерін айту.

Өлеңнің ерекше әсерлі тұсын табу.

Басқалардың ойын тыңдап, өз пікірін айта алу.

Тәтті қыс Әдібай ТАБЫЛДИЕВ 

1-топ: Ау, балалар, балалар!Айналаға қараңдар!Биыл тәтті қыс болды,Бұл бір сәтті іс болды.Ақ бұлт бүркеп аспанды,Шекер жауа бастады.Сүтке салсақ, сәл мұздап,Болды қардан балмұздақ.Қамсыз қалмай бекерге,Қарық болып шекерге,Балмұздақты жинаңдар,Достарыңа сыйлаңдар!2-топ

Көлдің беті – мармелад,Әкел жинап, арбалап...Ақ қанттай жарқырап,Арайланған атырап.Көкжиектен күлімдеп,«Тыныш болсын күнің!» – депКүн қарап тұр анаша:Бұл қыс қандай тамаша!

Өлеңді үлкен плакатқа жазып, суреттермен толықтыру, сыныпта ілінеді. Өлеңге байланысты ой-пікірлерін жазуға уақыт беріледі.

Өлеңдерге деген көзқарастарын айтуына ерекше мән беріңіз:

- Қай тұсы ұнады /ұнамады?

Ұнады, өйткені ...... немесе Ұнамады, өйткені .......

-Түсінбеген жерлерің бар ма?

Қима сөздер

Үлестірмелі парақтар

Аудио материал

Үлестірмелі парақтар, флипчарт, маркелрер

Сабақтың соңы

3 мин

Рефлексия

+ Мен ................ үйрендім.

-Маған .............. қиын болды.

Бағалау

Оқушылар өздерін жетістік ағашы арқылы бағалайды.

Жетістік ағашы, стикерлер

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Қабылдау деңгейі жоғары оқушылар үшін тапсырманы күрделендіру:

Қабілеті жоғары оқушылар өлеңдерді өз бетінше қолдана алады.

Сергіту сәттерінде, белсенді жұмыс түрлерін өткізуде қауіпсіздік техникасын сақтау

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсарту үшін қандай өзгеріс енгізуге болады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылар туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу