Қазақ тіл және әдебиеті 2 сынып 4 бөлім Менің туған өлкем Өлең құрастырамын, каллиграмма жасай аламын ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 3-бөлім

Менің туған өлкем

Күні: 2 тоқсан

Сынып: 2

Мектеп: Көкшетау қ. физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Мұғалімнің аты-жөні : Боранбаева А.К.

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Өлең құрастырамын, каллиграмма жасай аламын

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу)

1.5 Тыңдалған материалдар бойынша өз пікірін білдіру

2.3.6.1 мұғалімнің көмегімен тірек сөздерді, сөйлем, суреттерді пайдаланып, қарапайым постер / сөйлем/калиграмма құрастыру

Сабақ мақсаттары

Тыңдалым мазмұнын меңгереді; Өз ойын білдіре алады; Ойын ауызша айта алады.

Бағалау критерийлері

тірек сөздерді қолдана алады;

тақырып бойынша 5-6 сөйлем айта алады;

өз ойын толық жеткізе алады.

 Сөздік қор

туған жер, ғажап ел, сұлу табиғат, ештеңе жетпейді, сағынамын, мақтанамын, бәрінен артық, атақты адамдар, ақын, ғалым, ыстық сезім

 Құндылықтарды дарыту

Құрмет, еңбек және шығармашылық, ашықтық құндылықтарын дарыту.

 Пәнаралық байланыстар

Өзін- өзі тану , дүниетану.

Алдыңғы меңгерілген білім

Алдыңғы сабақта оқылым дағдысын қалыптастыруға арналған тапсырмалар орындады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

Ұйымдастыру кезеңі

Жұпқа бөлу.

Көздерін жұмып 5 түсті қағазды таңдап алады. Түстері сәйкес оқушылар жұптасады.

«Дұрыс, бұрыс» ойыны.

А) жұптағы оқушының біреуіне сөйлем жазылған қағазды беремін.

В) сөйлемді алған оқушы оқиды, екінші оқушы «Дұрыс, себебі......... . Бұрыс , себебі ........... » деп өз пікірін білдіреді.

  • Көкшетау ең әдемі қала .
  • Көкшетауда табиғат өте әдемі
  • Көкшетауда атақты адамдар туған
  • Көкшетау оңтүстікте орналасқан
  • Көкшетауда ескерткіштер жоқ

Слайд

Сабақ басы

10 мин

20 мин

15 мин

10 мин

10 мин

Оқушыларды сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.

Тыңдалымалды тапсырмасы. Жұптық жұмыс.

А) жұбына үш сөзді оқиды, екінші оқушы дәптерге жазады. (ескерткіш, көрнекті орын, ғажайып)

В) екінші оқушы басқа үш сөзді оқиды, жұбы дәптерге жазады (мұражай, саяхатшы, үлес қосты)

Д) жазып болғасын үлгі бойынша бір-бірін тексереді.

Мұғалім сөзі: бүгінгі сабақтың тақырыбы не туралы болады? Неліктен?

Мұғалім: қазір сендермен бір ақпаратты тыңдаймыз. Ақпаратты тыңдап, тапсырманы орындайсыңдар.

Тыңдалым тапсырмасы. Жеке жұмыс.

А) ақпаратты тыңдау, тапсырманы сәйкестендіру

В) ең маңызды екі ақпаратты жазып алады

Көкшетау қаласы солтүстікте орналасқан. Қала сұлу табиғатымен атақты. Ауа райы қыста суық, жазда жылы болады. Көкшетау жерінен атақты ғалымдар, жазушы, ақындар шыққан. Көкшетау жері, табиғаты туралы көп аңыз, әңгімелер бар.

А) тапсырманы сәйкестендір.

Көкшетаудан

солтүстігінде орналасқан

Табиғаты

атақты адамдар шықты.

Қазақстанның

ерекше

В) 2 маңызды ақпаратты жаз.

1.

2.

Тыңдалымнан кейінгі тапсырма. Жұптық жұмыс. Әр жұптың жауабы тыңдалады.

А) берілген сұрақтың біреуін таңдап алады, сұраққа жауап береді.

Негізгі ойы қандай?

Көкшетау жерінің атақты екендігіне қандай дәлел келтіре аласыңдар?

Кері байланыс. Түрлі түсті бармақтар арқылы жұптар бірі бірін бағалайды.

«Жасыл бармақты таңдаймын, себебі ............... »

«Қызыл бармақты таңдаймын, себебі ........... »

Мұғалімнің сөзі: ендеше Көкшетау туралы мәтінмен танысамыз. Оқулықпен жұмыс. 123- бет.

Жеке жұмыс.

А) мәтіннің басын, негізгі бөлімін, соңын оқиды.

В) мәтін бойынша сұрақтар құрастырады, сұрақтарды қорапқа салады.

Д) қораптағы кез келген сұрақты алып жауап береді.

Мұғалімнің сөзі:ндеше біз өзіміздің туған жеріміз туралы тірек сөздерді пайдаланып, әңгіме құрастырып көрелік. Критерий бойынша әңгіме құрастырасыңдар.

Тірек сөздер: туған жер, ғажап ел, сұлу табиғат, ештеңе жетпейді, сағынамын, мақтанамын, бәрінен артық, атақты адамдар, ақын, ғалым, ыстық сезім

Жеке жұмыс. «Менің туған жерім» тақырыбына әңгіме құрастырып айтады.

А) тірек сөздерді пайдалану;

В) бір-бірін бағалайды, сұрақтар қояды.

Критерий

Дескриптор

Балл (1)

Әңгіме

айту

Тірек сөздерді қолдана алады;

Тақырып бойынша 5-6 сөйлем айта алады;

Өз ойын толық жеткізе алады.

Оқушымен кері байланыс. Не қиын, не жеңіл болды?

Сабақтың мақсатына оралу, осы мақсаттты орындай алдық па?

Сөздер

Аудио материал

Үлестірмелі материал

Үлестірмелі материал

Сабақтың соңы

5 мин

Рефлексия:

Бүгінгі сабақтан өзіңмен бірге не алар едің? Неліктен?

Өзін-бағалау:

«Басбармақ» арқылы оқушылар стикерлерге өз аттарын жазып, өз жетістіктерін бағалайды.

Портфель суреті, түрлі түсті стикерлер

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Қабылдау деңгейі жоғары оқушылар үшін тапсырманы күрделендіру:

Қабілеті жоғары оқушылар өз бетінше айта алады.

Сергіту сәттерінде, белсенді жұмыс түрлерін өткізуде қауіпсіздік техникасын сақтау

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсарту үшін қандай өзгеріс енгізуге болады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылар туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу