Қазақ тілі және әдебиет 2 сынып 2 бөлім Менің мектебім Үзіліс ережелері ҚЫСҚАМЕРЗІМДІ ЖОСПАР


Қысқа мерзімді жоспар

Қазақ тілі және әдебиеті

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

2-бөлім: Менің мектебім

Мектеп: Талдықорған қаласындағы физика – математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні : Сейсембаева С.И.

Сынып: 2

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Үзіліс ережелері

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (ОБ сілтеме)

2.2.3.1 Сөз, сөйлемдердің ара жігін анықтайды сөздік қорын толықтырады;

2.2.4.1 Өз тәжірибесімен байланыстыра отырып, оқиғалар, кейіпкерлер туралы сұрақ қоя біледі және пікір айта бастайды;

2.1.5.1 Орынды сөздік қорды қолданып, өз идеялары мен сезімдерін бейтаныс жағдаяттарда түсіндіреді.

 Сабақтың мақсаттары

Мәтіннің құрылымына қарай түрлерін ажыратады

Сөз, сөйлемдердің ара жігін анықтайды, сөздік қорын толықтырады.

 Жетістік критерийлері

Қабілеттеріне қарай: оқушылар үзіліс кезінде сақталатын ережелерді ауызша өз сөзімен 2 – 3 сөйлем көлемінде айта алады;

Көпшілігі: көпшілігі үзіліс ережелерін қысқаша 1 – 2 сөйлеммен ауызша айта алады.

Кейбірі: Үзіліс кезінде сақталатын ережелерді 4 – 5 түрін айтады және қатесіз жаза алады.

 Сөздік қор

 

Әдептілік, мектеп ережесі, үзіліс кезіндегі ереже, оқушы міндеті, ақылды , байсалды , сыпайы , әдепті , алғыр , білгіш, ізетті , мейірімді, бауырмал, кішіпейіл, тілалғыш,білімді, әдемі, талапты, сүйкімді, шыншыл, қайратты, ақкөңіл, еңбекқор, қайырымды, әділетті, намысшыл, адал, сыйлы, шыдамды,батыр. 

 Құндылықтарды дарыту

 

 

Мектептегі, үзіліс кезіндегі ережелерді сақтай отырып, оқушы бойында әдептілік, мәдениетті болу, сыйлау және зияткерлік әдептері қалыптасады.

 Пәнаралық байланыстар

Белсенді тақтадан суретті қарау арқылы АКТ пәнімен байланыс, музыка желісімен сергіту сәтін орындау арқылы музыка пәнімен байланыс, үзіліс кезіндегі ережелерді, әдептілік арқылы өзін – өзі тану пәнімен байланысады.

Алдыңғы меңгерілген білім

«Әңгіме оқуды дамыту» тақырыбы бойынша мәтіндермен жұмыс орындалған.Суретке қарап көріністі әңгімелей алады.

АКТ қолдану дағдылары

Сабақ барысында таныстырылым көрсеткенде қолданылады, әдептілік ережесін қарастыруда өзін – өзі тану пәнімен байланыс орнайды.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

1 – 8 минут

(Ұ) Шеңбер құру. Алдымен балалар өзіне сәйкес келетіндей, әдептілік мінез – құлыққа байланысты сөздерді таңдап, соған өз атын тіркеп айту керек.Мысалы: Ақылды -, байсалды -, сыпайы -, әдепті -, алғыр -, білгіш --, ізетті -, мейірімді -, бауырмал -, кішіпейіл - тілалғыш -.., білімді -, әдемі -, талапты -, сүйкімді -, шыншыл -, қайратты -, ақкөңіл -, еңбекқор -, қайырымды -, әділетті -, намысшыл -, адал -, сыйлы -, шыдамды -, батыр 

Әдептілік мінез – құлыққа байланысты сөздер.

Сабақ ортасы

9 – 55 минут

(Ұ) Мақалды талдау.

1) Әдепті бала — арлы бала,

Әдепсіз бала — сорлы бала.

2) Әдептің не екенін әдепсіз адамды көргенде білесің.

Сұрақ – жауап арқылы оқушылардың мақалды қаншалықты түсінгендерін сұрап, сұрақтар қою арқылы талдау.

Сынып үш топқа бөлінеді.Әр топтың ортасында мақалдың жалғасы жазылған сөздер жатады.

, МК) Ойын: «Мақалдың жалғасын тап»

1 – топ - Әдепті бала ата - анасын мақтатар,....................

2 – топ - Әдептілік белгісі.......................3 – топ Инабаттылық әдептіліктің -..................

(әдіпсіз бала ата –анасын қақсатар, иіліп сәлем бергені, белгісі)

Мақалдың жалғасы жазылған сөздерді дұрыс тауып, оқып берген топ мүшелерін қол шапалақтау арқылы бағалаймыз.

(Ұ,МК) Өлеңдер оқимыз.

Тәртіпті бала сүйеніш,Төбең бір көкке жетеді.Ұрыншақ бала жанында,Ұрыс пен керіс айқай шу.

Ұстамды бала маңынан,Ұнамды қылық байқайсың.

Өзгелерден өзімді,Санамаймын жоғары.Артық айтып сөзімді,Желпінгенім жоқ әлі.

Аулақ жүріп жаман қылық, әдеттен,Үйренеміз жақсы мінез әдептен.

(МК,Ұ) Берілген жағдаятты ұжыммен талдау.

Сергіту сәті. Музыка ырғағымен сергіту сәті орындалады.

Үзіліс кезінде өзімізді әдепті ұстай білеміз бе?

(Т) Оқушыларға постерге үзіліс кезіндегі ережелерді топтасып құрастыру тапсырылады.

(Т) Әр топ мүшелері өздерінің үзіліс кезінде орындайтын ережелерімен тансытырады.

(МК) Бұдан кейін толықтырулар енгізіп, тақтада жазылған ережелерді оқимыз.

Үзіліс кезінде оқушылар:

баспалдақтармен жүгіруге,

терезе маңында,басқа да ойнауға;

бір-бірін итеруге,

заттарды лақтыруға және күш көрсетіп жаман сөздерді айтып қол сермеп, басқа қылықтар жасап шулауға,

басқаларға демалуға, жұмыс істеуге кедергі жасауға болмайды. 

Үзіліс кезіндегі оқушының міндеті:

өзінің жұмыс орнын тәртіпке келтіру, тазарту;

мұғалімнің талаптарына бағыну.

терезе жақтауында отыруға, өз бетімен терезені ашуға қатаң тыйым салынады.

Үзіліс кезінде оқушылар баспалдақтармен жүгіруге, ойынға арналмаған жерлерде, терезеге жақын жерлерде жүруіне болмайды.

(МК) Ойын «Жалғастыр»«Не істеуге болмайды?» Осы сөз үлкен етіп жазылып көрсетіледі. Мұғалім басқы сөзін айтады, оқушы ойланып жалғастырып айтуы керек.- Үлкендердің алдынан...... (кесіп өтуге болмайды.)- Кішкене баланы................(жылатуға болмайды.)- Құстарды ...........................(атуға болмайды.)- Қыз баланы........................(ренжітуге болмайды.)- Сабақтан.............................(кешігуге болмайды.)- Сыныпта.............................(айғайлауға болмайды.)«Не істеу керек?» (бұл да сол сияқты жүргізіледі)- Үлкен кісіні.......................(сыйлау керек.)- Үлкеннің тілін...................(алу керек..)- Үлкендерге..........................(сәлем беру керек.)- Кішілерді..............................(қамқорлау керек.)- Оқу құралдарын.................. (күтіп ұстау керек.)

Төрт топқа берілген өлеңдер

Музыка ырғағымен орындалатын сергіту сәті

https://www.youtube.com/watc

Сабақтың соңы

55 – 80 минут

Кері байланыс

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Қабілеті жоғары оқушылар берілген мақалдардың жалғасын бірден тауып, дұрыс айтып, ережелерді жаза алады.

топтық тапсырмада жауаптарын бақылау арқылы оқушылардың сабаққа қандай дәрежеде қатысқанын бағалау, тақырыпқа сай қажет сөздерді таңдай алу, қажетті сөздерді дұрыс қолдана білуі.

Оқушылармен сергіту сәтін өткізу арқылы денсаулығын қадағалауға және сабақ барысында қауіпсіздік техникасын сақтауларын ескертіп отыру.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу