_Қазақ тілі 2 cынып 3-бөлім Менің мектебім Мектебім мен сыныптастарымды жақсы көремін ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 3-бөлім «Менің мектебім»

Күні: 2-тоқсан

Сынып: 2

Мектеп: Көкшетау қ. физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Мұғалімнің аты-жөні :

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Мектебім мен сыныптастарымды жақсы көремін

Оқу мақсаттары

2.2.1.1 мәтінді дауыстап дұрыс әрі түсініп оқу/рөлге бөліп/ мәнерлеп оқу

2.3.6.1 мұғалімнің көмегімен тірек сөздерді, сөйлем, суреттерді пайдаланып, қарапайым постер / сөйлем/калиграмма құрастыру

Сабақ мақсаттары

Мәтіннің тақырыбын анықтай алады; Мәтінді түсініп, рөлге бөліп оқи алады; Мәтіндегі негізгі ойды анықтай алады.

Бағалау критерийлері

Негізгі ойды анықтай алады.

 Сөздік қор

Сыныптас, мұғалім, күнделік, жеке күнделік, есеп, пікір.

 Құндылықтарды дарыту

Бір- біріне құрметпен қарау, қолдау көрсету.

 Пәнаралық байланыстар

Өзін- өзі тану

Алдыңғы меңгерілген білім

Алдыңғы сабақта оқылым дағдысын қалыптастыруға арналған тапсырмалар орындады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Қызығушылықты ұйымдастыру

5 минут

Психологиялық дайындық

Қызығушылық-мотивациялық кезең

«Сөзді анықта»

А) Бір оқушы ортаға шығады, қалған оқушылар сөзді жасырады.

В) оқушылар сол сөзге байланысты сөздерді айтады, оқушы анықтауы керек.

Сөздер: мектеп, мұғалім, сыныптас, үйірме, кітапхана.

Мысалы: мектеп – көп оқушылар, өте үлкен, көп кабинеттер, ......

-Балалар, бұл сөздердің қандай ортақ қасиеті бар?

-Не жайлы сөйлесеміз?

Оқушыларды сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру

Слайд

Сабақ басы

5 минут

7 минут

5 минут

3 минут

5 минут

5 минут

(Ж,Қ) «Мен –саған, сен -маған» ойыны

Жұптық жұмыс.

Сыныптасыңа сұрақтар дайында. Не туралы білгің келеді?

А) сұрақтар құрастырады

В) бір бірінің сұрақтарына жауап береді.

(Ұ,Ө) Оқылым. «Сыныптасымның күнделігі»

1-тапсырма: күнделікті түсініп оқы

  • 2015 жыл 31 тамыз. Ертең мектепке барамын. Сыныбымды

сағындым. Сыныптастарым өзгерді ме екен? Жаз бойы жақсы демалған шығар. Ертеңгі күнді асыға тосамын.

  • 2015. 1- қыркүйек. Бүгін мектепке келдім.

Сыныптастарымды көріп қуандым. Олар да сағыныпты. Біз бір бірімізге көп әңгімелер айттық. Жазғы демалысымыз туралы айттық.

  • 2015. 7- қыркүйек. Сабақтан шығып, сыныптасымыз

Арманның үйіне бардық Арман ауырып қалды. Біз оған үй тапсырмасын түсіндірдік. Оның анасы бізге тәтті тосап пен шай берді.

2-тапсырма: Ойыңмен бөліс

-Күнделікті неге үйретеді?

-Күнделік жазу не үшін керек?

Менің ойымша, .............

Себебі .............

/Оқушылар жоғарыдағы сөздерді пайдаланып, күнделік туралы өз ойларын айтады.Оқушылардың жауаптарын толықтыру/

Сергіту сәті «Сыныптастарыммен билеймін»

3- тапсырма:Күнделік бойынша сұрақтар құрастыр. Сұрақтарыңды қабырғаға іл.

А)оқушылар сұрақтар құрастырып, қабырғаға іледі.

В) оқушылар оқиды, таңдаған сұрағына жауап береді.

Кері байланыс: еліктен бұл сұрақты таңдадың?

4-тапсырма: Мұғалім туралы не білгің келеді? Ойыңмен бөліс. Қоятын сұрақтарыңды қағазға жаып, қабырғаға іл.

А)оқушылар сұрақтар құрастырып, қабырғаға іледі.

В) мұғалім аралап жүріп, оқиды, сұраққа жауап береді.

Сұраққа арналған қағаздар

Үлестірмелі материал

Үлестірмелі материал

Аудиоматериал

Қима қағаздар

Сабақтың соңы

5 мин

Үйге тапсырма: Бүгінгі күннің қалай өткені жайлы күнделікке өз ой-пікірлерін жазып келу.

(МК) Кері байланыс «Бір +, бір - »

Сабақ барысында сәтті шыққан 1 кезең, сәтсіз шыққан 1 кезеңді айту.

Өз-өзін бағалау

Бұлтқа өзіңе баға қой немесе сөзбен жаз.

Бұлттар

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Қабылдау деңгейі жоғары оқушылар үшін тапсырманы күрделендіру:

Қабілеті жоғары оқушылар сұрақтарды өз бетінше құра алады.

Сергіту сәттерінде, белсенді жұмыс түрлерін өткізуде қауіпсіздік техникасын сақтау

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсарту үшін қандай өзгеріс енгізуге болады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылар туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Қысқа мерзімді жоспар

Күнделік

  • 2015 жыл 31 тамыз. Ертең мектепке барамын. Сыныбымды сағындым. Сыныптастарым өзгерді ме екен? Жаз бойы жақсы демалған шығар. Ертеңгі күнді асыға тосамын.
  • 2015. 1- қыркүйек. Бүгін мектепке келдім.

Сыныптастарымды көріп қуандым. Олар да сағыныпты. Біз бір бірімізге көп әңгімелер айттық. Жазғы демалысымыз туралы айттық.

  • 2015. 7- қыркүйек. Сабақтан шығып, сыныптасымыз

Арманның үйіне бардық Арман ауырып қалды. Біз оған үй тапсырмасын түсіндірдік. Оның анасы бізге тәтті тосап пен шай берді.

Күнделік.

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇

Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу