Қазақ тілі_2-сынып_3-бөлім_Менің мектебім_Менің мектебім және сыныптастарым_Дидактика


Оқушының ты жөні

Мәтіннің басы

Мәтіннің ортасы

Мәтіннің соңы

Ұқыпты және көркем жазу

Оқушының ты жөні

Мәтіннің басы

Мәтіннің ортасы

Мәтіннің соңы

Ұқыпты және көркем жазу

Оқушының ты жөні

Мәтіннің басы

Мәтіннің ортасы

Мәтіннің соңы

Ұқыпты және көркем жазу

Менің дәптерім

Менің қаламым

Менің оқулығым

Менің партам

....

Сапарғали Бегалин

Зеректік

Әубәкір молда бұрынғыдай ауыл арасының шақыруынан босады. Шоқанға парсы тіліндегі кітаптардан уақиғалы хикаяларды оқытып, білім өрісін кеңейте түсуде. Әжесі айтқан «Байлық та, бақыт та тиянақсыз, ең тиянақты қасиет-өнер-білім» деген сөзді Шоқан өзінің күнделік дәптеріне жазып қойған-ды.

Шоқанның күзден бергі оқуға деген ыждаһатына Әубәкірдің өзі де іштей таңданатын. Ол тек жай оқып қоймайды. Оқыған кітабының уақиғасын бажайлап, түпкі мәнін білуге ізденеді.

Шоқанды аса қызықтырған Жәми ақынның «Ескендірнамасы» болды. Оны оқығаннан кейін Шоқан әжесіне:

Әже, сіз Жәми ақынның «Ескендірнамасын» оқыған ба едіңіз? – деді.

  •  Қарағым, оны неге сұрадың?

 Шоқан жымиып:

  •  Әже, Ескендірдің шешесі ақылды болған екен. Ескендірді ең үлкен данышпан ғалымның қолына беріп оқытыпты. Сол оқу-білімінің арқасында бар әлемді билемек болып, үлкен жорық жасапты, - деп, Шоқан әжесінің өңіне қарады.
  •  Қарағым, ол дастанды мен оқығам. Сен де жақсы түсініпсің. Білімділік жақсы, мансапқорлық жаман емес пе. Ол әлемді аузына қаратам деген озбырлықтан апатқа ұшырады ғой, - деп, әжесі сөзін аяқтады. Шоқан ойланып қалды.
  • 1. Шоқанды оқытқан кім?
  • 2. Шоқан күнделігіне қандай сөзді жазып қойды?
  • 3. Шоқанның әжесінің сөзін қалай түсінесің?
  • 4. Шоқан неге ойланып қалды?
  • 5. Ескендір деген кім?
  • 6. Әңгіме қалай аталады ? Неге?
  • 7. Зеректілік қай кейіпкерге қатысты айтылған?
  • 8. «Байлық та, бақыт та тиянақсыз, ең тиянақты қасиет – өнер- білім», бұл кімнің сөзі?
  • 9. Шоқанды аса қызықтырған кітаптың аты?

Өз білмегеніңді

Кісіден сұра,

Үлкен болмаса,

Кішіден сұра

Күш - білімде,

Білім - кітапта.

Білімдіден ақыл шығар.Ақылды қарттан

нақыл шығар.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу