Қазақ тілі мен әдебиеті 2 сынып 2 бөлім Досы көпті жау алмайды ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР
Қысқамерзімді жоспар
Пән: Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 2-бөлім. Менің отбасым және достарым | Мектеп: Талдықорған қаласының физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | |||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Кудабаева А.К | |||||
Сынып: 2А | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |||||
Сабақ тақырыбы | Ертегінің жанрлық ерекшеліктерін анықтау. Мәтіннің жоспарын құру. Досы көпті жау алмайды. | |||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары | 2.2.6.1* Мақал-мәтел, жұмбақ, ертегі, тұрмыс-салт жырлары, әңгіме, өлеңнің жанрлық ерекшеліктерін анықтау. 2.3.3.1 Мұғалім қолдауымен оқылған мәтінді бөліктерге бөліп, жоспар құру. | |||||
Сабақ мақсаттары | Ертегінің жанрлық ерекшеліктерін анықтау. Мұғалім қолдауымен оқылған мәтінді бөліктерге бөліп, жоспар құру. | |||||
Бағалау критерийлері | Ертегінің жанрлық ерекшеліктерін анықтайды. Мұғалім қолдауымен оқылған мәтінді бөліктерге бөледі. Мәтін бойынша жоспар құрады. | |||||
Тілдік мақсаттар
| Дос, достық, адал достық | |||||
Құндылықтарды дарыту
| Достық қарым-қатынас жасау, достықты сақтау, құрметтеу, әділ болу. | |||||
Құндылықтарды дарыту/әлем азаматы/көпмәдениеттілік/ /интернационализм | Әр түрлі ұлттардың достық туралы ертегілерін білу, салыстыру. | |||||
Пәнаралық байланыстар | Өзін- өзі тану, дене шынықтыру пәндерімен байланыс | |||||
АКТ қолдану дағдылары | Мақал- мәтелдер | |||||
Бастапқы білім | Достық, отбасы, отбасындағы қамқорлық, мейірім туралы біледі. | |||||
Сабақ барысы | ||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||
Сабақ басы 5 минут | І. Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық ахуал. Аспанда күн ыстық Ал жерде кім ыстық Әке мен шешеміз Сүйікті тым ыстық Жасасын туыстық! Достық пен тыныштық. | |||||
Сабақтың ортасы 25 мин | Сабақ мақсаты: Ертегінің жанрлық ерекшеліктерін анықтау. Мұғалім қолдауымен оқылған мәтінді бөліктерге бөліп, жоспар құру. Сурет бойынша ертегідегі оқиғаны болжау. «Ханзаданың достығы» ертегісін «аялдама» әдісімен оқу. Ертегіні болжамымен салыстыру. Ертегі бойынша сұрақтар. -Неліктен балалар ханзадамен ойнамады? -Неге хан қызметшісін жұмыстан қуып жіберді? -Неге қызметші ханзадаға алғыс білдірді? Шығарманың ертегі жанрына жататындығын қалай дәлелдейсіңдер? «Ертеде» деп басталды, хан болыпты, кейіпкері Ханзада, Ханзада ержетіп, хан болғанда. Мұғалім қолдауымен оқылған мәтінді бөліктерге бөліп, жоспар құру. Жоспар: Ханның ұлы. Жалғыздықтан жалыққан Ханзада. Ақша төлеп ойынға шақыру. Қызметшінің амалы. Алғыс. Топтық жұмыс Жоспар бойынша әңгімелеу. Ханзаданың іс-әрекетін бағала. Ертегіден қандай қорытынды шығарар едің? | Достық туралы мультфильм: https://www.youtube.com/watch?v=S-kHy-FjQvI суреттер | ||||
Сабақтың соңы 2 мин | Қорытынды. Бағалау. «Екі жұлдыз, бір тілек» стикерді жабыстыру. Сабақта екі ұнаған сәтті және бір ұсыныс жазады. | |||||
Дифференциация – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?